Сауат ашу
Сынып : 1
Тарау: әліппе кезеңі
Тақырып: Ц ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ақпараттық құзіреттілікті дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындай отырып, Ц ц дыбысы мен әрпі туралы алған білімдерін бекітеді, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың түрі: тақырыпты бекіту
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың құрал жабдықтары: интербелсенді тақта, парақшалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Дымбылмес және оның достары» жайлы мультфильм көрсету.
Оқушыларға сабақ барысында тапсырмаларды дұрыс орындаса, Дымбылмеске қазақ тілін, әріптерді меңгеруге көмектесетіңдері ескертіледі.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау
«Кім көп біледі?» ойыны
Шарты: «Ц» дыбысы бар сөздерді айтып, жарысу.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айту
ІІІ Тақырыпты бекіту
Дәптермен жұмыс. Оқушылар тапсырмаларды дәптерге орындайды.
Ақпараттық құзіреттілікті анықтауға арналған құзіреттілік бағытындағы тапсырма.
Аспект: мәліметтің алғашқы талдауы, дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту
Ынталандыру: Егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң, Дымбілмеске жаңа сөздерді үйретесің.
Тапсырма № 1:
Суреттегі заттардың атауын жаз
Тапсырма № 2:
«Жоғалған әріп» ойыны
Тиісті әріпті қойып сөздерді дәптерге жаз.
-ирк, -ех, -емент, авиа-ия, офи-ер, опера-ия, -иркуль,
Тапсырма № 3:
Цирк, сайқымазақтар туралы парталас досыңмен диалог құрастыр.
Модельді жауап арқылы өзіңді тексер, критерий бойынша ұпай санын қой.
1 тапсырма әр дұрыс талданған сөзге 1 ұпай
цемент |
цирк |
циркуль |
2 тапсырма әр дұрыс жазылған сөзге 1 ұпай
цирк, цех, цемент, авиация, офицер, операция, циркуль,
3 тапсырма жұптық диалогты құру және диалогты айту кезіндегі актерлік шеберлікті мұғалім бағалайды.
1 ұпай- диалог 3 сөйлемнен құралған, актерлік шеберлік байқалмайды.
2 ұпай- диалог 4,5 сөйлемнен құралған, актерлік шеберлік жақсы деңгейде.
ІV Бағалау
Өзіңді өзін бағала, ұпай санына сай смайликті белгіле
Жарайсың!!! Жақсы!!! Дайындалу керек!!!
18-16ұпай 15-13 ұпай 12 ұпайдан аз болса
V Үй тапсырмасын беру
VІ Қорытынды
«Тілек ағашы» тренингі
Оқушылар сабаққа деген пікірлерін жапырақтарға жазып,
тілек ағашына іледі.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі