Шымкент аграрлық колледжінің құқық пәнінің оқытушысы
Серікбаева Жазира Алиқызы
Мақсаты: Қазіргі қазақ қыздарына беретін үлгі-өнегелері туралы түсіндіру, қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету. Отбасы заңнамасын, мемлекеттік отбасы саясатының қағидаларын, неке – отбасы қатынастарын некені, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін зерделеу, неке шарты, алимент төлеу туралы келісім, суррагат емес потронат сияқты отбасы заңнамасының жаңа институттарының дамуы тарихы мен құқықтың реттеуін талдау. Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту оны сүйе білуге отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүлікті емес жеке қатынастарды туындататын отбасы құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз керек.
Түрі: сырласу
Құрметті аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да, әсем арулар "Неке және отбасы" атты сырласу кешіне қош келдіңіздер.
Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз – ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде – ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен "Қыз өссе – елдің көркі" деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баласы аялап, мәлелеп ерекше құрметтеп, оның нәзік те, ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз. Сонымен бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Кештің беташарын Оразбек Маржанның орындауындағы "Ана мен Әке" әнімен кешімізді ашамыз
Баяндама «Неке және жанұя туралы заңдалық» баяндайтын ТЭ9-131 тобының студенті А.Айдана
Баяндама
Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы – кез – келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.
Отбасы – қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.
Отбасы әлеуметтік институты есебінде адам қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғам мен оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.
Қоғамның тұрақты болуына, дамуына отбасының тигізетін әсері зор. Өзінің табиғаты бойынша ол ортамыздағы түбегейлі мәселелерді шешуге көмектеседі – депопуляцияның азайюына, балалардың әлеуметтенуіне, мәдениет, экономика мен отбасылық кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.
Социологтардың пікірінше, отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Отбасының негізін қалайтын неке – ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – эстетикалық қатынасқа негізделі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеде негізделуі қажет, ол жеке адамдардыі рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы қажет.
Неке – қоғаммен санкцияланған, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және тұлғалық қалыпты формасын айтады.
Отбасының негізін некелік жұбайлар құрайды, сонымен бірге толық емес, юридикалық түрде рәсімденбеген отбасылар.
Отбасы тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығынан беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.
Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатынастардың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.
Тұрақты махаббаттың негізі Абай: «Махаббатсыз – дүние бос, хайуанға оны қосыңдар. Махаббат өмір көркі» деген. Ол өзінен-өзі пайда болмайды, оның мыңдаған қыры мен сыры, өз мұңы, өз бақыты мен хош исі болады.
Олай болса, некеге дейінгі қатынастың негізі – сүйіспеншілік, махаббат. Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа кездескен мысалын әр ұлт адамдарының өмірінен көптеп келтіруге болады. Тұрмыс құрмағандар – адамдық міндетін орындаудан қашқандар. Адам баласы адамгершілік қасиетінің борышы мен міндетін тек үйлену ғана орындай алады. Бальзак: «Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-құлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес», — деген болатын.
Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттыратын жоғарыда айттық. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі – экономика, өндіріс, адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.
Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесін сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық динамикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.
Отбасының маңызы оның атқартын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның жүйесімен қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы адамның бастапқы ұясы,қоғамдық-әлеуметтік негізігі компонеттерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының қызметі қоғамдық тарихи жауапкершілікке оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігінде тәуелділділігі мен қатар отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық.
Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де,жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамының қай кезеңінде болмасын,оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазірде солай.
Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типтерге бөлінеді:
— дәстүрлі (патриархалды) отбасы;
— дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы;
— эгалитарлы (теңдіктері бірдей отбасы);
Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы тиіс. Бұл типтің мінездемесі:
1) әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;
2) әйел мен еркектерінің міндеттерінің білуі;
3) еркектің отбасының басында тұруы.
Дәстүрлі емес отбасыларда:
1) әйел мен еркектің қоғамдық еғбекке бірдей қатысуы;
2) үй шаруашылығын әйел атқарады.
Эгалитарлы отбассының мінездемесі:
1) үй шаруашылығының бірдей бөлінуі;
2) туған мәселені отбасының барлық мүшелерімен келісуімен шешілуі;
3) отбасындағы қатынастардың эмоционалдылығы [1].
С.П.Дружинин «эгалитарлы отбасы» деген ұғымды–біздің «ешкім де басшы емес, би емес, ерлі-зайыптының екеуі де билікке теңдей қатысады» дейтін бүгінгі таңдағы отбасылардың түрі. Бірақ мұнда дау-дамай көп болады. Оны дау-жанжалды отбасы деу керек, дейді ол [2].
Отбасының негізгі функциялары:
Репродуктивтік функция – балаларды өмірге әкелу. Әрине, бұл репродуктивтік функция тек отбасылық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Қоғам масштабы мен репродуктивтік халықтыққа адам саны азаймас үшін жұбайлардың әрқайсысына екі баладан аз емес бала сәйкес келуі керек. Көптеген әйелдер мен еркектер некеге тұрғызса келмегендіктен әр отбасыға үш баладан болғаны дұрыс. Бірақ, бұл «қоғамдық қажеттіліктерді» тек кейбір отбасылар ғана орындайды.
Экономикалық-шаруашылық функциясы отбасылық қатынастардың келесі аспектісі қамтиды: үй шарушылығын жүргізу, отбасы бюжеті, үй еңбегін бөлу.
Тәрбиелік функциясы баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Отбасының рекреационды функциясы – отбасы мүшелерінде психологиялық комфортын және қауіпсіздік сезімін тудыру, отбасының демалысын ұйымдастыру.
Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы – шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қоюлуын таңқалу болмайды. 1936 жылы Кеңес Одағында аборт жасауға тыйым салынды. Яғни, ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.
Дегенмен, солай болғанда да, қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам әкелу қызметіне әсер етпейді деуге болмайды. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына итермелейді.
Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болуы саясатты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азайады да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны бір милиардтан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.
Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси-экономикалық жағдайларға байланысты орыстар және басқа да ұлттардың өкілдері көшіп жатыр, ал олар өндірістің шешуші салдарында қызмет атқаратын. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюуі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси-экономикалық проблемаларға айналды.
Қазақстан Республикасының табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар өмірге келеді. Онда білімді адамдар жұмыс істеу керек. Қандай жаңа техника технология енгізілсе де, оның тетігі адам қолында.
Кеңес Одағында екінші дүниежүзілік соғысқа дейін бір әйелге 4,4 баладан келсе, 1990 жылы 2,2 қалада – 1,8 , селода – 3,3 баладан келді, ал Түркіменстан мен Тәжікстанның селолық жерлерінде 6,5-6,6 баладан келсе, Латвия, Эстонияда бір баладан аспады. Қазір біздің республикада бір отбасына орта есеппен 2,5 баладан келеді. Аз балалы отбасы барған сайын көбейіп барады. 1998 жылғы есеп бойынша туудан өлім көбеюде [3, 4].
Сондықтан да қоғамның болашағын ойлап отырып, бала тууды ынталандыру, балалы аналардың материалдық жағдайын қазіргіден жақсарту жағын ойластыру керек. Балалар бақшасын жабуды доғарып, қайта оларды көбейту, жағдайын жақсарту болашаққа бүгін жасаған қамқорлық болуы тиіс. Олай болса, ұрпақ жалғастыру әлеуметтік қана емес, саяси-экономикалық та проблема болып табылады.
Отбасының екінші маңызды қызметі – материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынғ көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің – күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін ерлі-зайыптылар атқаруы қажет. Қазақта «Үйлену – оңай, үй болу – қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақал сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті қйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беріктігі де осыған байланысты.
Бұрынғы кезде әйел үйде ұй шаруасын жүргізді, бала тууды, оны тамақтандырып, тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылықтық-тұрмыстық қызметті бірігіп жүргізуі өмір талабына айналды.
Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқанның туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, т.б.мерекелі күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет.
Отбасының шаруашылық қызметін ерлі-зайыптылардың өзара бөлісуі әртүрлі. Әйелдер тамақ істеу, қонақ қабылдау, кір жуу, бала күту, т.б. жұмыстарға бос уақытының 70-80% жұмсаса, еркектер олардан 3-4 есе кем уақыт бөледі, ал балалар тіпті 10-15 есе кем істейді екен. Ал тұрмыстық қызмет атқару мекемелері отбасының тұрмыстық қызметінің отыздан бір бөлігін ғана атқарады екен
Отбасын құру.
– еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
– отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;
– бөгде адамның отбасы ісіне араласуын болдырмау;
– балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
– отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
– отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
– отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.
Отбасының атқаратын функциялары:
– бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;
– баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау;
– отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Отырысымыздың барысында қыздарға ана мен қыз арасындағы қарым қатынас жөнінде бірнеше сауал қойып пікірлерімен бөліссек. Өз ойларыңызды ортаға салып, пікірлеріңізді бөлісе отырсаңыздар.
1) Жанұядағы саған ең жақын кім? Неліктен?
2) Анаңмен сырласып жеке басыңның сырын ашасың ба?
3) Өзіңді толғандырып, жауабын,шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл-кеңес сұрайсың ба?
4) ҚР неке және отбасы туралы заңы бойынша ерлер мен әйелдер үшін неке жасы?
5) Кіндік (ядролық) отбасы деп қандай отбасын аитамыз?
6) Заңды түрде некеге тұру үшін алдымен қайда барады?
7) Отбасының неше түрі бар?
8) АХАТ қандай мағынаны білдіреді?
9) Неке дегеніміз не?
10) Ай елде бала санын шектеу саясаты жүргізіледі?
Осы сұрақтар арқылы қыздармен сұқпат жүргізіп ойымызды бір арнаға жинақтап алдық
«Мен өмірді қолдаймын» тренинг, психолог маманмен жұмыс
Көремендерді үш топқа бөліп плакатқа мен өмірді қолдаймын деген ұранмен алақандарын салып, сол салған суретің ішіне өмірге деген көзқарас туралы ой пікірлерін жазу.
Бейнебаян Қыздарға арнау
«Бақыт сырын ұғыну» дәрігермен және заңгерден кеңес алу, сұрақ жауап жүргізу, яғни өздеріңіздің көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңызға жауап алуларыңызға болады.
Осы жерде отырған әдіскер апайымыз психолог апайымыз,заңгер апайымыз,медбике апайымызға қояр сұрақтарыңызды қойыңыздар.
1) Қыз баласы үшін қанша жаста тұрмысқа шыққан жөн?
2) Отбасының негізін қалайтын некеге не тең болу керек?
3) Отбасының мазмұнымен қатынасы тікелей неге байланысты?
4) Отбасының өмір сүріп дамуынын ерекше жағдайлары бар ма?
5) Отбасы дегеніміз не?
6) АХАТ қандай мағынаны білдіреді?
7) Тәрбие – табалдырықтан басталады дегенді қалай түсіндіресіз?
8) Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйема?
9) Бақыт сырын ұғыну дегеніміз не?
10) Отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажетіліктерін қанағаттандыруы жүзеге асырыладыма?
Бүгінгі кешімізге келіп ой бөліскен қонақтарынызға алғыс айтамыз.
"Тәрбие – табалдырықтан босталады" деген ңақылдың өзі өмірден алған шындық Өмір есігін енді ашқан бөбекті жұбату үшін "бесік жыры" айтылған Осы бесік жыры арқылы халқымыздың өзінің сол бөбекке деген тілегін, үмітін, жақсы азамат болып, өмірден өз орынын тапса екен деген арман білдірген
Ортада көрініс "Жоғалған бақыт"
Серік пен Алима екеуі бір колледжде оқиды. Серік ІІІ-курс студенті, ал Алима болса ол колледжге жанадан тускен І-курс студенті. Серік Алимаға ғашық болып қалады. Екеуі ұзақ уақыт араласып достық махаббатқа ұласып бірге жүреді. Ұзақ уақыттан соң Серік жатаханадан бөлек шығатын айтып пәтер жалдап тұратын болды. Серік Алимамен кездесуге шақырады екеуі бірге пәтерге тұратын болып шешімге келеді. Алима серікпен азаматтық некеде тұрады ұзақ уақыт өткен соң Алиманын аяғы ауыр болып қалады. Алима аяғы ауыр екендігін Серікке айтқан күнен бастап Серіктің сұлтауы көбейіп пәтерге келуін сиретті. Алиманы сан түрлі ойлар мазалай бастады Ішіндегі күйігін кімге айтарын білмей өз ойымен өзі алысты. Ақыры шешімге келіп барлық жағдайды әпкесіне жайып салды. Мән жайды білген әпкесі Серікті іздеп табуға бел байлады іздеу барысында әпкесінің Серік туралы тапқан хабары Алимаға өте ауыр тиді. Ал ол кезде Серік әке-шешесінің таңдауымен басқа қызбен отау құрып қойған еді. Алима Серіктен үмітін үзіп жатахқхананың алдында ішін ұстап отырып қалады.
Көріп отқандарыныздай қазіргі уақытта жасөспірім қыздардың алданып қалуы, қоғамдағы үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Мына көріністен қандай ой түйдіңіздер. Қазіргі қыздар тез сезімнің жетегінде кетеді.Неге жігіттер жауапкершіліктен қашады. Бұл көріністе қозғалып отырған ой азаматтық некенің қоғамға тигізер кері әсері туралы ой тастадық.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкен осы
Қыз сұлу көрінеді білімімен
Қыз сұлу көрінеді шашыменен
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен
Қыз сұлу көрінеді талған айдай
Он екі мен он сегіз жасыменен –
Дегендей, аналарымыз мәлелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз жібек, Баян, Айман – Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емеспе?
Алдарыңызда бейнебаян қыздарға арнау
Бақыт таңы нұр боп атып күлгенде
Сезімнің танып оты бір демде
Махаббатқа сенін артып жүргенде
Ару – жүрек алданды
Ңұр жүзінен күлкі қашып торығып
Мұң теңізі тағдыр – жалға жалығып
Дүшпан түгіл досыман да қорынып
Қыз жүрегі жылайды
Шат күндерін көріп өткен түс қылып,
Бақыт құсын жүрегінен ұштырып
Махаббаты "Жаз" жалған деп ышқынып
Қыз жүрегі жылады
Үміт артып жүргенінде таңдарға
Сенім артып жүргенінде арманға
Кездессе егер өтірік пен жалғанға
Қыз жүрегі жылады.
Кеудедегі аппақ арман алданса
Берілген серт өтірікпен жалғанса
Мың құбылып есі кеткен жандарға
Қыз жүрегі жылайды.
Сезімен бөліну сәті: яғни бүгінгі кештен алған әсерлеріңіз туралы ой бөлісіңіздер. Қолдарыңыздағы қағазға ой пікірлеріңді жазып төрде ілініп тұрған шаңырақ бейнеленген плакаттқа жабыстырыңыздар
Өмірде ана-бақыт ана пана
Өмірді өркендетер ана ған
Өсірген танай кесем, талай шешен
Талай ер талай ақын, талай дана
Бала, баланың ісі шала
Қарға баласын аппағым дер
Кірпі баласын жұмсағым дер
Атаның көңілі балада
Баланың көңілі далада
Сақау баланың тілін шешесі біледі
Балам – балым
Баланың баласы – жаным
Балалы үй базар
Баласыз үй қу мазар
Бала – бауыр етің
Бала – ананың бауыр еті
Балаға пышақ бермесең бір жылар
Берсең екі жылар
Әр біріңіздің отбасыларыңзға Бақыт, Қуаныш тілейміз отбасыларыыңыздың бақытына бөленіп жүре беріңіздер. Колледж өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі-жақа буырқанға бұлақтың бастауы болса, екіншілері-арнасы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас, енді бірі өткірде өжет.
Бүгінгі кешімізге келіп ой бөліскен қонақтарынызға алғыс аитамыз. Қош сау болыңыздар
Мен өмірді қолдаймын атты трениг өту сәтті
Көріністен үзінді
Фариза
Өте жақсы маған қатты ұнады