СҚО, Шaл aқын aудaны,
Жaңaжол aуылы
Ғ. Мaлдыбaев aтындaғы Жaңaжол ортa мектебінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бопанова Дана Кайратовна
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»
Сабақтың мақсаты:
1. Тахауи Ахтановтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқушыларға ұғындыру;
2. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдыларын дамыту;
3. Балаларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: «Ашық журнал» сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, «АШЫҚ ЖУРНАЛ»
Сабақтың брысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал (бейне ролик көрсету)
ІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға «Ашық журналды» түсіндіру
Журнал бірнеше беттен тұрады.(«Қайталау- білім анасы», «Жаңа сабақ құпиясы», «Кітап- досың, ақылшың», «Біліміңді байқап көр», «Білімді мыңды жығады») .Журналдың әр бетін аша отырып, тапсырмалар орвндаймыз
«Қайталау-білім анасы»
Қайталау - оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы,- демекші өткен сабағымызды еске түсірейік.
1-слайд. Тахауи Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»
2-слайд. (Жылдар беріледі, балалар жауап береді де, жауаптарын ашып отырады.
Сұрақтарға жауап. (Класстер)
* Тахауи Ахтанов кім?
* Тахауи Ахтановтың қандай шығармалары бар?
Балалар, өткен сабақта біз сендермен «Окоп үстіндегі айқас» әңгімесін оқыған болатынбыз. Бұл үзінді қай шығармадан алынған? («Қаһарлы күндер»)
Осы әңгіменің басты кейіпкерлерін анықтайық
Ал, жарайсыңдар, өткен сабағымызды біраз еске түсіріп алдық, енді «Ашық журналымыздың »келесі бетін ашайық
«Кітап- досың, ақылшың »
(Семантикалық картаны толтыру)
№ |
Кейіпкерлер сөзі |
Раушан |
Ержан |
Көжек |
Бөрібай |
Земцов |
1 |
Қаза тапқан жігіттердің қаруын жиып ал |
|
+ |
|
|
|
2 |
Шыдаймыз. Ана боздақтардан жанымыз артық па? |
|
|
+ |
|
|
3 |
Тек теріні сыдырып кетті.Ұрыс біткенше амалдай тұрамын |
|
|
|
|
+ |
4 |
Жоқ... Мен бәрін түсінем. Жаңағы Земцовты көрдің ғой |
+ |
|
|
|
|
5 |
Жауынгерлерге хабарла.Политрукпен қоштассын |
|
+ |
|
|
|
6 |
Жүрегіңізді басыңыз. Сабыр етіңіз! |
|
|
|
+ |
|
«Бұл қай сәт?» (мазмұндау)
1. Ол аз ғана уақыт есеңгіреп қалшиып тұрды да, тез еңкейіп, қолымен топырақты қазып, өліктің басын көтеріп алды
2. Сені қалдыруға хақым жоқ,- деді ол кенет даусы жұмсарып
3. Екі ортадағы қар танк табанымен айғыздалып қалыпты. Анау еңістегі бір шоқ талдың да бір шетін танк жапырып кетіпті. Жау қарсы көрінбейді
4. Қатар тізілген танктер жақындағандаараласа бастады. Кейбіреулері шегіншектеп артта қалап қояды. Қайсыбірі бұралаңдап тұрып атқылайды да, екінші танктің артына тасаланады.
5. Көз алдындағы дөңгеленген танк бұлдырап әрең көрінеді. Кенет жақындап қалған нысанасы қашықтап бара жатқандай болды. Танк окопты тастап, тылға кетіп барады.
6. Ержан кеудесінен келген окопта бұқпастан «Аһа», «Аһа» деп айызданып айғайлады
7. Күні бойы бір танк қирата алмай істен шыққанына ызы болып, көңіл қызуымен жылап жіберді.
8. Орманнан бері қарай төрт- бес танк суырылып шыға берді. Оларға ілесе қаптап жаяу әскер жүгіріп келеді.
«Білімді мыңды жығар» тапсырмалар
2. РАФТ-1 (Авторға хат)
3. Бес жол өлең («СОҒЫС», «ЖЕҢІС»)
4. Сандық тест
1. Т.Ахтанов Ақтөбе облысында дүниеге келген
2. «Окоп үстіндегі айқас» әңгімесі «Қаһарлы күндер» романынан үзінді
3. Т. Ахтанов соғысқа қатысқан жоқ
4. «Боран», «Махаббат мұңы» повестерін Т.Ахтанов жазды
5. Т.Ахтанов ақын
6. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер жазушы
Жауабы: 110 101
«Біліміңді байқап көр»
ЭССЕ «Қанмен жазылған кітап»
Бағалау (смайликтер арқылы)
Рефлексия. Сабаққа қатысқан оқушылар мен ұстаздар стикерлерге өз ойларын жасып, плакатқа жапсырады.
Үйге тапсырма: «Ерлік, батырлық» туралы мақал – мәтелдер жаттап келу
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі