НАУАНОВ К.,
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Т.Г.Шевченко атындағы орта мектептің
АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы
Сабақтың тақырыбы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік мақсаты:автоматты бөлшектеу және жинақтау ретін түсіндіру, білдіру,меңгеру.
2.Тәрбиелік мақсаты:Елін,жерін сүюге саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды,Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне деген құрметті,батылдылыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.
3.Дамыту мақсаты:автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтауды үйрету және оған қабілеттілігін арттыру,дамыту.
Сабақ түрі:аралас сабақ.
Керекті құралдар:
1.Калашниковтың портреті:
2.Плакат «Калашиков автоматы»:
3.Кесте «Калашников автоматының сипаттамаларына»:
4.Оқжатар,пенал керек жарағымен:
5.Автомат,сүңгі пышақ макеттері:
6.Буклет «Калашников автоматы»:
7.Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері жайлы тірек сызба:
8. Машықтану плакат:
9.Калашников атоматы(оқу қаруы)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, амандасу, сыртқы көрінісін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
а)тест тапсырмасымен жұмыс
б)Калашников автоматының арналуы, жалпы құрылысы және ұрыстық қасиеттері туралы білімін төмендегі сұрақтар арқылы тексеру:
1.Калашников автоматын кашан,кім шығарған және оның арналуы:
2. Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері:
3. Автоматтық ұрыстық қасиеттері:
Үй тапсырмасын қорыту.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақырыпты тақтада ілулі тұрған тірек сызбасының көмегімен қорытындылау.
Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбадағы суреттерді пайдаланып ұяшықтарды толтырады.
Тірек сызба:
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.
Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.
Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1) Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.
3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.
6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
Калашников оқу қаруымен автоматты толық емес бөлектеп және жинақтап көрсетеді.
Бір оқушы тақтаға шығып автоматты толық емес бөлектейді, екінші оқушы автоматты толық емес бөлектеуден кейін жинақтайды.
Жаңасабақтыбекіту. Тақтада ілулі тұрған машықтану тапсырмасымен жұмыс.
Автоматты толық емес бөлектеу тәртібі
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі