Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектебінің мұғалімі
Джанаева Сандуғаш Изтурганқызы
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік - теңдігімнің айнасы
Сабақтың мақсаты: оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге, адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан туралы суреттер, мемлекеттік рәміздер, кітаптар көрмесі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың барысы:
1. Балалармен амандасу. Қане, балалар, көздерімізді жұмып, еркін отырайық. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін жайлап қосып, монолог оқу.
Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз–шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі–бәрі сенің туған еліңді құрайды. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Біздің туған жеріміз ұлы қазақ даласы, ұлы Қазақстан, біздің мәңгілік еліміз.
- Балалар, көздеріңе не елестеді, не ойладыңдар? (Құстардың қиқуы, судың сылдыры, Биік тау, Шалқар көл, ашық аспан, кең дала, сәйгүліктің шабысы)
- Жарайсыңдар, біздің қазіргі cабағымызды неге арнаймыз?
- Тәуелсіздік теңдігімнің айнасы
Миға шабуыл
Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Балалардың жауабы.
- Егемендік, еркіндік, бостандық,...азаттық
Негізгі бөлім:
Мұғалім: Балалар, осы тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Тәуелсіздік сыры тереңнен бастау алады. Толығырақ білу үшін толығырақ мәліметті сиқырлы сандардан табамыз. 1465, 1723, 1937, 1941, 1949, 1986, 1991, 1992, 1993, 1995, 2011, 2017, 25. Әр жыл жазылған қима қағаздарда мәліметтер оқылады. (Қазақстанның картасы шығады)
- Қане, балалар, Қазақстан туралы білетінімізді ортаға салайық.
Гүлназ: Қазақстан Республикасы - сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұлан-байтақ шұрайлы жер, байлық, ынтымақ пен бірліктің, достық пен бауырмалдықтың ордасы. Осы отырған бәріміздің жүрегіміз қазағым деп, Қазақстаным деп соғуы тиіс. Себебі, Қазақстан біздің болашағымыз, әрқайсымыз Қазақстанның рәміздерін қадірлеп, қастерлей білуіміз керек.
Дана: Қазақстан - біздің сүйікті атамекеніміз. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылғы 16 желтоқсан ұлы күн. Қазақ халқы ғасырлыр бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды.
Айдана: Әрбір мемлекет бұл аса үлкен отбасы. Отбасында тәртіп болу үшін белгілі бір ережелер ойлап табылған. Елімізде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Әділхан: Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығының мемлекеттік белгісі рәміздері болады. Ел ретінде танылу үшін өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Альбина: Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туысқандарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Гаухар: Қазақстан солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік шығыста Қытаймен, оңтүстігінде Қырғыстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Батыста Каспий арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.
Әмина: 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Алмира: Қазақстан Республикасының әнұраны бірлікке, ынтымаққа,достыққа қызмет етеді, Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Данагүл: Қазақстан Республикасының Туы көк жүзінде әлемге нұрын шашқан. Күн сәулесінің астында қияға қанат қаққан қыран. Қыран - тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі. Ою-өрнек тудың қай елдікі екенін білдіреді.
Ернар: Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншыған. Оны аңыз-әңгімедегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр, Жоғарыда дәл ортада бесбұрышты жұлдыз.
Перизат: Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан әрбір адам туып өскен атамекенін қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан - алтын бесігіміз.
Алмира: Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың. Туған ел! Бұл кішкентай үйдің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз-шексіз қияға өрлеп кете береді. Оның жұпар атқан жусаны, оның жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы-осының бәрі сенің туған еліңді құрайды.
Таңшолпан: Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең,өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол былғап шақырады. Туған ел мағынасы тереңде жатыр.
- Жақсы балалар, қысқаша көрініске назар аударайық.
Мұғалім: «Әркімнің өз жері-алтын бесігі» екенін ұмытпайық
Поэзия минуты
- Балаларымыздың өздері ізденіп, жаттап келген тақпақтарына кезек берейік.
Жасұлан:
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тәнбелгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер
Ерасыл:
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық,
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке
Ыстық бізге тыныштық.
Таңшолпан:
Қазақ батыр ел деймін,
Ұл мен қызы ер деймін.
Ата қоныс жерімді
Мен ешкімге бермеймін.
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, досым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан – Республикам менің!
Дана:
Туған жер, алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің ,
Мәңгі бақи есімде.
Туған жер - алтын мекенім,
Бақытым сенсің аңсаған,
Мәңгі бақи өтемін
Қарыздар боп мен саған.
Мектебімізде тәуелсіздік күніне арналған апталықта Мәнерлеп оқу сайысында ІІ орынға ие болған Есенгелді Перизаттың «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңіне назар аударайық.
Мұғалім: Қазақ өз ойындағы 90 ауыз сөзді тобықтай келе, мақал-мәтелдер арқылы жеткізген. «Жалғасын тап» ойыны
1. Туған елдей ел болмас,
....................................................
2. Өзге елде сұлтан болғанша,
....................................................
3. Отансыз адам -.......................
4. Туған жер-тұғырың, ..............
5. Өз елім-....................................
«Бәрін білгім келеді?» сұрақ-жауап
1. Еліміздің тарихын, дәстүрін, болашағын айқын көрсететін мемлекеттік рәміздерді ата? Ту, Елтаңба, Әнұран
2. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі? Қазақ тілі
3. Тіл туралы мақал? Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ
4. ҚР президенті кім? Н.Ә.Назарбаев.
5. Ата заңын қашан қабылдады? 1995.30.08
6. «Мәңгілік ел» кімнің бағдарламасы? Н.Ә.Назарбаев
7. Қазақстанда неше облыс бар? Картадан көрсет. 14 облыс
8. Еліміздің елордасын ата? Ол туралы түсінік бер. Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алқабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
9. ҚР тәуелсіздік күні? Тәуелсіздік құрбандарын ата. 16-желтоқсан, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамбетжанова Қайрат Рысқұлов, Ербол Сыпатаев.
10. 1-желтоқсан қандай атаулы күн? ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы? ЭКСПО-2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін Халықаралық көрме. Ұйыдастырушылармен таңдалған тақырып: Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылды. 160 мемлекет өз өнімдерін әкеледі.
Оқушыларға еліміздің өркендеуіне қандай үлес қосар едің деп балалардың игі сөздерін тыңдау.
Елдің болашағы, жас ұрпақ, сіздердің қолдарыңызда. Ел үмітін, ер ақтар, ер үмітін, ел сақтар - демекші ел үмітін ақтау сіздермен деп сабағымызды аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі