Өлең, жыр, ақындар

Сенің сүйікті ісің не?

Қарағанды қаласы
№3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Дуанбаева Айзада Кеңеспекқызы

Пәні:

   Қазақ тілі

Сыныбы:

   6 «А» сынып

Мұғалімі:

   Дуанбаева А.К.

Сабақ тақырыбы:

   Сенің сүйікті ісің не?

Сабақ мақсаты:

   Cүйікті іс тақырыбына қатысты жаңа сөздерді қолдау арқылы сөз байлығын ұлғайту. Лексикалық тақырып аясында сын есімнің түрлерін  меңгерту.

   Жаңа тақырып аясында түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулу.

Сілтеме:

   Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

   Сабақ барысында қысқа мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы өзі қатысатын үйірмелер туралы толық ақпарат бере алады.Тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түсіп, өзі қатысатын үйірмелерді сипаттайды.

Сабақта қолданылатын материалдар:

   Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар, кесте, желім қағаздар.

Оқыту әдістері:

   Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Дене мүшеңмен амандас» тренингі, жұптық жұмыс, «Сұхбат алу» дидактикалық ойыны, синквейн, жағдаяттық тапсырма, диалог,»Өрмекшінің торы», «Жағымды сөздер», «Шағын шолу» тәсілдері, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

   Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Дене мүшеңмен амандас» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Топқа бөлу

Оқушылардың қаламжарын жинап алып, топқа бөледі.

Әр оқушы өз тобына жайғасады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер қандай үйірмелерге қатысасыңдар? Біздің мектепте қандай үйірмелер бар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Топтық жұмыс

2. Мәтінмен жұмыс.

Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Әр топтың тапсырмасымен таныстырады.

І топ. Мәтінді оқып шығып,  класстер құрастыру арқылы баяндау.

ІІ топ. Мәтінге  сұрақтар құрастырады.

ІІІ топ. Мәтін бойынша постер құрастырып баяндау.

Әр топ өздеріне тиісті тапсырмаларын орындайды.

Жұптық жұмыс

 «Сұхбат алу». Кім қандай іспен айналысатыны  туралы жұптастырып диалог құратады.

Айтылым. Сүйікті іс туралы досымен әңгімелеседі

Сергіту

 

 

 

3. Грамматика. Сын есімнің түрлерін меңгертеді.

Сын есімнің түрлерін меңгереді.

 

Жазылым. 2-тапсырманы орындатады.

Қатыстық сын есім мен сапалық сын есімді екі бағанға бөліп жазады.

IV. Бекіту

1. «Өрмекшінің торы» ойынын ұйымдастырады.

2. Интербелсенді тақтадан қатыстық сын есімдерді табады.

Шеңбер жасап, бірі-біріне домалақ жіпті лақтыра отырып сұрақтар қояды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді, ережені есте сақтау. 

Өздерің барып жүрген үйірме туралы жазып келу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желім қағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер