Өлең, жыр, ақындар

Шал ақын "Ата-ананың қадірін", "Бұл дүниенің мысалы" өлеңдері

Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Софиевка ауылы
№21 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Заңова Ботагөз Амангельдықызы

Қазақ әдебиеті                            

9 "А"сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Шал ақын "Ата-ананың қадірін", "Бұл дүниенің мысалы" өлеңдері

Сабақтың мақсаты: Шал ақынның өмір жолымен, еңбектерімен танысады. Ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашады.

Өз бетімен қорытынды шығару дағдыларын дамытады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ватман, маркерлер, оқулық, стикерлер.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өлеңнің мазмұнын түсінеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. Ойларын жетік жеткізе алады.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық жағдай туғызу

Жылулық шеңбері (шеңбер құрып, бір-біріне жылы сөздер айту)

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырып бойынша топтар сұрақтарға жауап береді, постер қорғайды.

1-топқа
Бұқар Қалқаманұлының өмірі мен жыраулық өнері туралы айтып беріңдер

2-топқа
Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді?

3-топқа
Бұқар толғауларын атап, өзекті тақырыбын айтыңдар?

4-топқа
Бұқар толғауларын неше топқа бөлуге болады? Әр топқа қатысты толғауларын атаңдар

Өтілген тақырыпты оқушылар арқылы қорытындылап өту.

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын оқушылармен бірге қою.

- Шал ақынның аты-жөні кім?

- Тілеуке Құлекеұлы

- Шал ақын туралы не білеміз?

(алдынала берілген тапсырма бойынша қосымша мәлімет)

Топтастыру

(әр топтан бір оқушыдан шығарып орындату)

Бұл тапсырманы да оқушылармен қорытындылап өту

Қосымша мәлімет

Интерактивті тақтадан Шал ақын туралы слайд арқылы қосымша мәлімет беру. Тұңғыш өлеңі "Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің" өлеңі. Тағы басқа өлеңдерін атап, қысқаша тоқталып өту.

Өлеңдерімен жұмыс

Әр топқа өлеңдерін таратып беру.

1-топқа    "Ата-ананың қадірін" өлеңі
2-топқа    "Жақсы, жаман адам" өлеңі
3-топқа    "Арғымақ ат кімде жоқ" өлеңі
4-топқа    "Бұл дүниенің мысалы" өлеңі

(Әр топ берілген өлеңді дауыстап мәнерлеп оқып береді)

Сөздікпен жұмыс жүргізу

Өлең ішінен таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіріп, дәптерге жазғызу.

Өлеңді талдау

Топпен жұмыс жүргізу арқылы әр топ өздеріне берілген өлеңнің тақырыбын, идеясын, ұйқас түрін, буын санын, бунақ, тармақ, шумақ санын айту керек.

Шығармашылық жұмыс

Әр топ өлең мазмұны бойынша тапсырмалар орындайды.

1-топ  Өлең құрастыру
2-топ  Венн диаграмасы
3-топ  Сурет салу
4-топ  Ой толғау жазу

Бес жолды өлең

Шал ақын

Бүгінгі сабақта не істедік?

 Үйге тапсырма:

1. Шал ақын шығармаларын оқып келу.
2. "Бұл дүниенің мысалы" өлеңін жаттап келу.

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз