Өлең, жыр, ақындар

Менің анам

Ақтөбе қаласы,  №23 орта мектеп-лицейінің
қазақ тілі пәні мұғалімі
Тунгатарова СамигаТлеубергеновна

Тақырыбы: Менің анам

Ақтөбе қаласы, № 23 ОМЛ-нің  қазақ тілі мұғалімі

Күні, айы: 18.11.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Тунгатарова С. Т.

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына

сәйкес оқу

мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім\не туралы екенін түсіну.
1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіндіру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

 

Барлық оқушылар:

Ақылды, әдемі, күшті сөздерін отбасы мүшелерін сипаттауда қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Отбасы мүшелері туралы сұрақ қоя алады, отбасы мүшелерінің атын, қандай екенін атай алады.

Кейбір оқушылар:

Отбасы мүшелерін сипаттауда басқа да сөздер қатарын орынды қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Сөз тіркестерін құрай алады, қысқаша сұрақтар қоя біледі

 

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ақылды, әдемі, күшті, әсем

 

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Әкем ақылды, анам әдемі, әпкем әсем, інім/ағам күшті

Алдыңғы оқу

 

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

смайлик

 

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

Топқа бөлу. Түстер арқылы.

«Суреттер әлемі» - саяхат жасаймыз. Отбасы мүшелеріне қайталау жасайды. Топтар жұмыс жасайды. Суреттерге атауларын жапсырады.

Слайд көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

(МК, Ұ)  Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. (Менің анам әдемі. Менің әкем ақылды). Берілген үлгі бойынша оқушылар әдемі сөзін еске түсіріп, ақылды, күшті сөздерімен танысады. Сондай-ақ аталған сөздерді отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануға жаттығады.

МК , Ұ) 2-тапсырмадағы кесте арқылы оқушылар аға-әпкесі, іні-қарындасы туралы (бар\жоқ екенін) айтуды үйренеді. Мысалы: Менің ағам бар. Менің қарынадсым жоқ.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар тағы бір рет отбасы мүшелері атауларын қайталайды, сондай-ақ оларды тәуелсіздік жалғауымен қолдана алуға жаттығады.

Сергіту сәті

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар әдемі, ақылды, күшті сөздерін өздерінің отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануды бекіте түседі. Олар алдыңғы сабақа салған отбасы суретін пайдалана алады. Сол сурет бойынша өз отбасында кімдер бар екенін (Бұл-менің ағам), олардың атын (Оның аты - .... ) және олардың қандай екенін (Менің ағам күшті) айта алады.

Топтық жұмыстар:

1-топ, суреттерді сәйкестендіру

2-топ, толықтырып айт

3-топ, сәйкестендіру

Әр топты 3 шапалақ арқылы бағалау.


(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді . Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі.

- Бұл кім?
- Бұл - менің анам.
- Оның аты кім?
- Оның аты - Алтынай.
- Ол қандай?
- Ол әдемі.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Суреттер

 

 

Сдайдтар

Аудиодиск:

3.2.1.

3.2.4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақта салған отбасы суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 жұмыс дәптері

 

 

Қосымша тапсырма:

3.2.

Сабақтың соңы

(41- 45 минут)

   (Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қалай көмектесесіз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

 

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушы білімін жұлдызшалар арқылы бағалау

Пәнаралық байланыс-
денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия (қорытындылау)

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?  Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар жаңа сөздер үйренді, соның ішінде ақылды, әдемі, күшті, әсем сөздерімен жұмыс жасады. Сабақ өз деңгейінде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты, тапсырмалар тақырыпқа сәйкес жүзеге асты. Барлығы жоспарға сәйкес орындалды, сабақ уақытқа сай, өз деңгейінде өтті. Күтілетін нәтиже орындалды.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1: Оқушылардың сабаққа белсене қатысуы
2: Рефлексия

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1: топтық жұмысты барынша қалыптастыру
2: сабақта тақырыпқа сәйкес ойындарды көп қолдану


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз