Оқыту нәтижесін тест жәрдемімен есепке алу.
Оқу процесін жетілдіруді оның құрамды бөліктері болып табылатын оқытудың мақсатын, оқу пәнінің мазмұнын, әдісткрі мен түрлерін, оларды оқытуда қолданатын дидактикалық құралдарыды өзара байланыстырып оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Оқытудың мақсаты-оның мазмұнын әдістерін, қандай формаларда және және қандай құрал жабдықтармен жүзеге асырылатынын анықтайды.
Оқыту процесінде оқушылардың өткен тақырыпты қандай деңгейде меңгергені есепке алынып отырмаса, оның нәтижелі болуы екіталай. Сондықтан оқу процесінің құрамды бөліктерін оның нәтижелерін есепке алумен біріктіре қарастыру қажет.
Оқу процесі тек нәтижелі болуымен ғана бағаланады. Оқу процесі нәтижелі болу үшін оны бағалай білу керек.
Қазіргі кезде физикадан жазба жұмыстарының кең тараған мынадай түрлері бар; физикалық диктант, өздік және бақылау жұмыстары, тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстары және тестер. Бұл жазба жұмыстарының барлығында 4 қызмет (функция) орындалуы керек: үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік.
Енді тест жұмыстарына кеңінен тоқталайық.
Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтынжәне ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі.
Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімның жұмысын жеңілдетеді.
Тест негізінен мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын талаптар мазмұнына сәйкес алынады. Нәтижеде әрбір оқушының бағдарламалық материалды минимальді деңгейін қалай игергенін дәл анықтауға мүмкіндік болады. әрине тапсырмаға барлық оқушыға бірдей міндетті емес, білім дәрежесі жоғары, қабілетті оқушылар үшін арнаы есептер мен сұрақтар енгізілуі мүмкін.барлық оқушының шамасына лайықтап тапсырмалар таңдап алу білім нашар және орта дәрежедегі оқушылар үшін өз ісі мен білміне деген сенімділік туғызып, пәнге деген внтасвн арттырса, қабілетті оқушыларды терең білім алуына бағыттайды. Оқу тесті негізінен тақырыпты, тарауды немесе курсты оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау үшін құрылады. Ол мұғалімнің оқушы білімінде қандай олқылықтар бар екенін анықтаумен қатар, оқушының өзі де қандай қажетті білімдерді игермегенін біледі. Тест жүйесі оқушының тоқсандық, жылдық және қорытынды білім дәрежесін тексерудің тиімді жолы болып табылады.
Тест материалдары 2 дейгейде құрылуы мүмкін.
1-деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушылардың орындауы міндетті. Тест бойынша білімді анықтау үшін оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтары да беріледі. Оқушы сұрақ қағазынан дұрыс жауапты таңдап алып, жауап парағына дұрыс тапқан әріпті белгілейді. Жауап қағазы трафератпен тексерілуге ыңғайлы етіп жасалған болуы мүмкін. Мұғамімнің жауап кілтінде дұрыс жауаптардың орыны тесіктер болады. Бұл дұрыс жауаптар көрінгенде тез санап шығу мүмкіндіктерін береді. Оқушылардың ЖАУАП қағазы мен жауап кілті мынадай болуы мүмкін.
Сұрақ қағазыПән: физика Оқушы аты жөні: __________Сыныбы:____ |
||||
Сұрақ-жауап |
А |
Ә |
Б |
В |
1 |
|
+ |
|
|
2 |
+ |
|
|
|
3 |
|
|
+ |
|
Жауап кілті |
||||
Сұрақ-жауап |
А |
Ә |
Б |
В |
1 |
|
+ |
|
|
2 |
|
++ |
|
|
3 |
|
|
+ |
|
Оқушы білімін бағалаудың екі жолы бар.
1-пайызбен 2-ұпай санымен
91-100% -“5”
81-90% -“4”
71-80% -“3”
61-70 -“2”
Оқушылар негізгі бөлімді 70% -тен асыра орныдаған жағдайда 3 бағасы қойылады. Тапсырманы сыныптағы оқушшылардың 70 пайызы орындай алмаса мұғалім сол тақырыпты қайталауға тура келеді.
Негізгі бөлімнің тапсырмаларын толық орындаған оқушы 4 –пен бағаланып, ал негізгі бөлімнің тапсырмаларын толықорындаған, екінші деңгейдегі тапсырмаларын ішінара орындаса ол оқушыға 5 деген баға қойылады.
Бағалау тәртібі мына кестемен беріледі.
40 сұрақ баға 20 сұрақ баға
31-40 5 16-20 5
21-30 4 11-15 4
11-20 3 6-10 3
10 2 5 2
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі