Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім - айбыным

Сабақтың тақырыбы:  Ана тілім – айбыным
Мақсаты: 
1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: тілге қатысты қанатты сөздер, кластер, шарлар
Ұйымдастыру кезеңі

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.

Кіріспе бөлімі
25-жыл ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткеніне тоқталайық.
    Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
    Қазақстан Республикасының Туы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Әнұран
    Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылы қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.
    Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
    Қазақстан 50 дамыған ел қатарына көтерілуде.
    Биыл әлемдерде өткізіліп кедген ЭКСПО көрмесі біздің елімізде де өткізілетін болады.
    Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.
    Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның бірінші төрағасы ретінде тарихқа кірді.
    Елордамыз – Астана қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.
    Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.
    Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау жылы деп жарияланды
Мұғалімнің сөз:
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына, - демекші. Тіл мерекесіне орай «Ана тілім -айбыным» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Құрметті ұстаздар, оқушылар Тіл мерекесі құтты болсын!
Данияр: 
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне...
 Негізгі бөлім 
Көрініс: (Бекзат,Нұрсұлтан, Ұлан)
Б. Мажитовтың «Намыс» әңгімесінен үзінді келтіру.
Бір күні Мұрат пен Абзал екеуі орысша сөйлесіп жатқанын әкесі көреді.
-    Мой брат учится на англиском языке. Он будущий дипломат.
-    Я тоже буду диплматом. И буду знать все языки мира.
Осы сөзді естігесін кешке қарай Абзалды шақырып:
-    Абзал айтшы сен кімнің баласысың? – деп сұрады
-    Ауылдағы атамның баласымын, - деді Абзал мүдірместен.
-    Дұрыс айтасың, бірақ сен ең алдымен қазақтың баласы екеніңді ұмытпа. Ал қазақтың баласы қазақша білмесе немесе біле тұра қазақша сөйлемесе ұят. «Ана тілің – арың бұл, ұың боп тұр бетте!» деп кім айтқанын білесің бе?
-    Білем, ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқан.
-    - Білсең со атаңның өсиетін ешқашан есіңнен шығарма. Осыны достарыңа айтып жүр, - деп әкесі ойын түйіндеді.
Тіл туралы өлеңдер
       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
       2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
       3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.
       4-оқушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,
                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Түсінікті сендей жақын маған кім.
                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
       5-оқушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
         6-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
                          Сенсің менің қасіретті шаттығым.
                          Сенсің менің тазалықты пәктігім,
                          Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
       7-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
                          Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
                           Ел бетіне қалай түзу қараймын,
                           Ана тілі егер сені білмесем.
8-оқушы:     Сүйесің өз тіліңді
                     Боласың білімді
                      Өз тілің үйретер
                      Өнерді ғылымды
                    Ардақта тіліңді
9-оқушы:   Тілім барда мақтанам
                     Тілім менің аппақ ән.
                     Бірлігімді бүгінгі
                    Ана тілім сақтаған.

10-оқушы: Ақыл-ойын дананың
                    Ана тілден аламын.
                   Ана тілі ардақты,
                   Ақ сүтіндей ананың.

11-оқушы: Қазақ тілім туын биік ұстаған
                    Қазақ ттілім кең далама ұқсаған
                    Қазақ тілім мәртебелі еңселі
                    Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

12-оқушы:  Туған тілім – тірлігімнің айғағы
                     Тілім барда айтылар сөз ойдағы
                     Өссе тілім мен де бірге өшемін
                    Өшсе тілі мен де бірге өшемін.

13-оқушы       Жанымнан қымбат
                        Ана тілім маған
                       Ана сөзден тыңдап
                       Үлгі өнеге алам

14-оқушы      Ана тілім – анам,
                        Аппақ қардай арым
                        Мұра еткен бабам
                        Жарқыраған жаным.

15-оқушы      Ана тілім –елдігім
                       Ана тілім - ерлігім.
                       Тілді биік құрметтеп
                       Тойлап жатыр ел бүгін

16-оқушы      Ана тілім - тірегім
                       Ана тілім – жүрегім.
                       Қасиетті елімнің
                       Тек өзің деп білемін.
Хор: Анамның тілі
VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
1.    Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте 
Өзге тілде тіл мерекесімен құттықтау.
Түрік:               Ben dili sizi tebrik!                     iyi bayramlar dil! 
Орыс:              Поздравляю вас с днем языка!
Украин:             вітаю вас з днем мови!                 зі святом мова!
Азербайжан:     Mən dil təbrik edirəm!
Қырғыз:             Майрамыңыздар менен тили!
Өзбек:                 bayram til bilan!
                              бәйрәм белән тел
Ағылшын:           with the holiday language!
Қазақ тілі:           Тіл мерекесі құтты болсын
Шаңырақ астына біріккен ұлттар кластері
Тіл сөзіне кластер құру
Байлық           татулық          бірлік   баба тілі
                    Ынтымақ          ТІЛ                қазына
Мемлекеттік тіл    қазақ тілі    ана тілі   дала тілі
Қорытынды  
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!
«Атамекен» әні
Осымен «Ана тілім - айбыным» аттыашық тәрбие сағатымыз аяқталды
Көп рахмет!
 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз