Өлең, жыр, ақындар

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылы
«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ
география пәні мұғалімі: Түктібаева Алтынай Советқазықызы

Сабақ  жоспары /қысқа мерзімді жоспарлау/.

 

  Сабақ: География

   Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия

Мектеп: «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ

 

   Күні: 15.12.16 ж.

Мұғалімнің есімі: Түктібаева Алтынай Советқазықызы

   СЫНЫП: 7 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар  саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты /мақсаттары/

Білімділік: Оқушыларға жаңа тақырыпты мазмұндау, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарастарын, әр түрлі географиялық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықаралық тәрбие үлгілерін қолдану, ұлтаралық сыйластықпен, өз ұлтын сүюге, құрылған ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар :

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін ажыратып атап береді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін картадан көрсетіп, астаналарын табады.

Кейбір оқушылар :

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің климаттық жағдайы, халқының құрамы және пайдалы қазбалары туралы баяндайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында қолданады және жаңа тақырыппен салыстыра меңгере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Азия. Оңтүстік және Оңтүстік–Шығыс Азия

Сыныптағы  диалог/жазылым  үшін  пайдалы  тілдік  бірліктер.

Талқылауға  арналған  тармақтар:

Оңтүстік-Шығыс Азия аралдарында жер қыртысы өте қозғалмалы болып келеді. Күшті жер сілкінулер мен жанартаулық атқылаулар қарқынды жүріп жатады.

Сіз неліктен  екенін ....айта  аласыз ба ?

Жер шарындағы екі ірі Альпі-Гималай және Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеулер түйісетіндіктен.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің астаналарын дұрыс жазу, кескін  картаны дұрыс пайдалану.

Алдыңғы оқу

Үй тапсырмасын тексеру

§26 Азия. Оңтүстік – Батыс Азия елдері

1. Кескін карта мен дәптерлеріне жазған елдердің астаналарын тексеріп шығу, 2-3 оқушығы үй жұмысын дәптерден оқыту.

2. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Бас бармақ арқылы бағалап отыру.

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. Топқа бөлу /3 түрлі кәмпиттер арқылы/
  3. Сабаққа сәттілік тілеу.
  4. Бүгінгі сабақтың тақырыбын жариялау №1 слайд.
  5. Сабақтың жоспарымен таныстыру №2 слайд.

Кәмпиттер

Ортасы


1. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерін картадан бөліп көрсету.
2. Жоспар бойынша елдерге тоқталу.
3. Топтастыру стратегиясын ұсыну №3 слайд.
4. Пайдалы қазбалары, халқы және шаруашылығына тоқталып өту №4 слайд.

1-тапсырма. Постер /құру, қорғау/
Елдердің географиялық орны.
1-топ: Түркия
2-топ: Үндістан
3-топ: Сингапур
Топ басшысы бағалау парағына тобындағы оқушыларды бағалап отырады.

Сергіту сәті.

1 дегенде тұрайық,
2,3,4 алақанда соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Біз жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай,
Орнымызға отыра қалайық.

2-тапсырма. Кескін картамен жұмыс №5 слайд.

Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің астаналарын кескін картаға түсіру.

3-тапсырма. Экран арқылы сәйкестендіру тестін орындау №6 слайд.

«Инсерт әдісі» оқулықпен жұмыс

Мен білемін

Мен үшін жаңалық

Мен білгім келеді

 

 

 

 

«Географиялық диктант»

1-топ

Гималай тауларының атауы непал тілінен аударғанда «................» дегенді білдіреді. Гималай тауының ең биік нүктесі ........................, биіктігі .............. м.

2-топ

Шри-Ланка араланда өсетін ............. мен ............. дүние жүзіне әйгілі.Үнділер ........ малан қасиетті деп есептейді.

3- топ

Оңтүстік – Шығыс Азия елдері ......... мен ............. аралығындаға құрлықтық «көпір» болып табылады.

Ол ірі ............ жолдарының тоғысқан аймағында орналасқан.

А3 ақ бет 3 дана, фломастерлер, маркерлер, стикерлер, интерактивті тақта.

Үлестірмелі карточкалар

Аяқталуы

Критерилер арқылы бағалау

Әр топ басшыларының топ мүшелерін бағалауын тексеру/келісу немесе келіспеу, себебін түсіндіру /

Оқушымен кері байланыс

Оқушының аты-жөні: .................................

Талап

Игердім

Жартылай игердім

Игермедім

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін

 

 

 

Елдердің астаналарын

 

 

 

Географиялық орнын

 

 

 

Табиғат байлықтарын

 

 

 

Халықтық құрамын

 

 

 

Климаттық жағдайын

 

 

 

Бағалау парақтары

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз  қосымша  көмектесуді қалай  жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы  қалай күрделендіруді қалай  жоспарлайсыз?

  Бағалау- Оқушылардың  үйренгенін тексеруді қалай  жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік  және  еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.

                      Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

 Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы  ақуал қандай болды?

 Мен жоспарлаған саралау жұмыстары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

 Мен өз жоспарыма қандай  түзетулер енгіздім және неліктен?  

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін  сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

 

 

Қортынды  бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды /оқытуды да, оқуды да ескеріңіз/?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды  /оқытуды да, оқуды да ескеріңіз/?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге  көмектесетін не білдім?

 

                          


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз