Хромтау ауданы, Дөң ауылы
"Бәйтерек" балабақшасының
әдіскері: Биржанова Айзат Айтуғанқызы
Тақырыбы: «Абайла, жол!»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік: Бағдаршам, аялдама жол белгілері, жедел әрделі машинасы жеңіл көліктер автуобус.
Барысы:
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- (балалар жауабы)
Ендеше далаға көз салайық ауа–райы қандай екен? Аспанда күн жарқырап тұр. Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа–райы қандай болды? Не байқадыңдар?
- (балалар жауабы)
- Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?
Балалар: Қазақстанда
Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстаның қандай қаласында? Қаламыз қалай аталады?
- Ақтөбе, Хромтау
Тәрбиеші: Ал енді сендер осы Хромтаудың барлық көшелерін аралап көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автоусқа отырып қала көшелеріне саяхат жасайық. Бағдаршамен жол белгілерімен танысайық. Алдымен автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.
Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
- Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.
- Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.
Тәрбиеші:
1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
2. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.
Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа отырайық. Міне қаламыздың ең үлкен көшесі Әйтеке би көшесіне келдік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын?
Тәрбиеші: Жан- жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?
Балалар: Бағдаршам
Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі? Бұл жермен кімдер жүреді?
Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.
Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?
Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта сақтан жол ашық
Жүрме жолға таласып.
Тәрбиеші. Балалар біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп-түсетін жерге келдік бұл қай жер екен?
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді.
Біреуі отырады
Біреуі тұрады.
Балалар: Аялдама
- Балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер?
Сырым:
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата-ана.
Жолда сен бол лайық,
Жақсы бала атына.
Айлан:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта!»
«Сақтан!»
«Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Әнел:
Қызыл көзін ашқанда,
Бір қадам да баспа алға.
Қайсар:
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Вика:
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба.
- Өте жақсы енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық.
Сюжеті ойын: Балаларды рольге кіргізіп ойнату. Жаяу жүргізушілерге арналған жол мен жүргізу.
Қимылдық ойын: Жолға шеңбер бойымен балалар торғай болып отыру. Машина келгенде пыр етіп жан-жаққа ұшып кету.
Қортындылау: Тәрбиеші, Енді біздер көшеге шыққанда қауіп–қатерге ұрынбай, барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма балалар? Балаларды мақтау, мадақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі