Өлең, жыр, ақындар

Ата дәстүр ақ ниет

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі: Құджабекова Ұлтуар Ұлтанбековна

 

Мақсаты: Балаларға ұлттық тәлім бастауларын, ата – баба дәстүрлерін, әдет ғұрыптарын үйрету. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: газет, альбом, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Тәрбие сағатының жоспары:

1. Ұлттық тәлім бастаулары.

А) шілдехана
Б) бесікке салу
В) тұсау кесер

2. Ұлттық қадір-қасиеттер.

А) әдеп сақтау
Б) имандылық
В) қонақжайлылық
Г) сауап
Д) бата

3. «Төле бидің ақыл айтуы» (Көрініс)

4. Өнерлі жастар. Концерт

5. Қорытынды

Қонақжайлылық

Бұл – қазақ халқының әлеуметтік географиялық тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін халықпыз. Қазақ күн болсын, түн болсын есігіне құлып салмаған халық. Тәуліктің қай мерзіміне қарамай, көлденең келген көп аттына жылы жүзбен қарсы алып, төрге құрметтеп отырғызып, дастархан жайып күту халқымыздың санасына мықтап орнаған. Қонақтың 4 түрі бар.

1. Арнай қонақ
2. Құдай қонақ
3. Қыдырма қонақ
4. Қылқыма қонақ

Ән «Қазақы дастарханым»

Сауап

Басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау. Біздің ақ көңіл аталарымыз «балам мына қайнардың көзін ашып, сауап жасашы»,- десе, мейірбанды әжелеріміз «балам анау қарияның жүгін көтерісіп, сауабын алшы»-дейді. Қазақ дәстүрінде «сауап жасау», «сауабын алу» әрбір адамның адамгершілік, азаматтық борышы.

Көрініс «Төле бидің ақыл айтуы»

Бата беру

Тілек дегеніміз – бата, бата дегеніміз – тілек. Бұл екеуінің негізі жақсылық тілеу. Ол ұрпақты бірлікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді.

Құтты болсын қадамың
Алға қарай баса ғой.
Асулардан аса ғой.

Ән «Қазақтың дәстүрлері-ай»

Ұлттық қадір-қасиеттер.

Әдеп сақтау

Бұл ұлт психологиясының өзегі,адамгершіліктің бірегей, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көріністері. Барлық көрініс кісілік қасиеттердің жиынтығы. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа дегендей әдеп сақтаудың әр елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері бар.

Имандылық

Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек»-деген. Иман араб сөзі «Сенім деген мағынаны білдіреді. Имансыз халық жасағанда яғни адамгершілік міндетке жеңіл-желпі қарап, оны бұзғандар әрі кінәлі және ерте ме, кешпе жазасын тартатын болған.

Ұлттық тәлім бастаулары

Шілдехана

Бала дүниеге келгеннен кейін оның құрметіне жасалатын кішігірім той. Мұы халқымыз «шілде күзет» деп те атайды. Шілдеханаға көбінесе жастар жиналады. Олар баланың алдымен ананың құрметіне ән салып, күй тартады. Сөйтіп түнді қуанышты, қызықты өткізеді. Шілдехананың көздейтіні ана мен баланы тіл көзден сақтау.

Бесікке салу

Баланы қырқынан шығарып, бесікке салады. Бесікке бөлеу оның бір шама өсіп, бөбек бола бастағанының көрінісі. Оған ет жақын ағайындары, абысыны-ажындары жиналып, баланың шашын, тырнағын алады, оған іш киім кигізеді. Бесіктің құрылысы қазақ баласына таныс. Бесікке салу той түрінде де өтеді.

Тұсау кесер

Бөбек жүгіруге талпынған кезде тұсау кестіреді. Бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата-анасы өзіне жақын адамдарды жинайды да аяғы жеңіл, қадамы нық болсын деп сыйлы адамға бөбегінің тұсауын кестіреді.

Қаз-қаз балам, қаз балам
Тағы, тағы баса ғой
Тақымыңды жаз балам
Қаз баса ғой қарағым!

Қорытынды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз