Өлең, жыр, ақындар

Менің қолымнан келеді...

Тақырыбы: “Менің қолымнан келеді...»
Мақсаты: оқушылардың бірін-бірі түсінуіне, ұжымдық көңіл-күй қалыптасуына, есті, зейінді, қиялды, ақыл-ойды дамытуға ықпал ету, қарым-қатынас дағдыларын меңгерту.
Жұмыс түрі: танымдық түзету сабағы
Әдістер: интерактивтік оқыту әдістері, рефлексия
Аудитория: 2-3 сынып оқушылары
Қатысушы саны: 8-9 оқушы

1-жаттығу. «Сәлемдесу!»
Мақсаты: оқушылапрдың қызығушылығын ояту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Оқушылар сынып ішінде айнала музыкамен жүреді, музыка тоқтаған сәтте өзіне жұп іздеп тауып, онымен амандасады.

2-жаттығу. «Шерлок Холмс».
Мақсаты: оқушылардың байқағыштығын, көру есін ,зейінін дамыту. Сыныпта бірлесе жұмыс орындауға қалыптастыру.
2-4 оқушыны оқушылардың алдына шығарып мұқият қарауды тапсырамыз. Содан кейін ол оқушыларды сыртқа шығарып жібереміз де кез-келген бір өзгеріс енгіземіз, сосын оқушыларға сұрақтар қоя бастаймыз.
- Қандай өзгерістерді байқадың?

3-жаттығу. «Сөздер мен әріптер».
Мақсаты: оқушының зейінін, ойлауын дамыту,сөздік қорын байыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Оқушыларға алдын-ала дайындалған тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қадағалаймыз.
Мыс.: 4 қатарға әріптерді жазып, ұзын саны 1000 болуы керек, соның ішінен бір минутта барлық «с» және «қ» әріптерін сызып шығу. Сөздерді де сол сияқты жасыруға болады.

4-жаттығу. «Артығын тап».
Мақсаты: оқушылардың есте сақтауын дамыту,ойлау операцияларын дамыту
Оқушылар тақтадағы сөздердің ішінен артық сөзді табуы керек.
Мыс.: кітап, дәптер, нан, қарындаш
Терезе, есік, қабырға, күн
Қасық, су, пышақ, тәрелке

5-жаттығу. «Кері балалар»
Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі ұстай білуге, зейінді дамыту, қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге қалыптастыру
Мұғалім оқушыларға „отыр„ десе ол тұруы керек, „жүгір„ десе керісінше тұрып қалуы керек.

6-жаттығу. «Ең, ең»
Мақсаты: Оқушылардың зейінін, ой шапшаңдағын дамыту.
Мыс. : ең кішкентай құс? (калибри)
Ең үлкен өзен? (Ніл) т.б.

7-жаттығу. Рефлексия.«Менің тілерім...»
Оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтуы керек.


Пікірлер (4)

лолита

өте жақсы

Sandugash

Керемет

Алия

Тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз