Геогра фия пәнінен сабақ жоспары
Сынып: 7
Сабақ тақырыбы: Оңтүстік Американың климаты.
Мақсаты: Оқушыларға климат туралы 6 сыныпта алған білімдерін дамыту.
Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақ тәсілдері: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, карточкамен жұмыс;
Сабақ көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, интертақта.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
Сыныпты екі топқа бөлу.
«Муссон» тобы. Ұраны:
«Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда»
«Пассат» тобы. Ұраны:
«Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды».
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Географиялық диктант
І топтың тапсырмасы 1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды? (Гондвана)
2. Гоидвана қандай тақтаға ажырады?
(Америка, Африка - Арабия, Үндістан, Аустралия, Антарктиктида)
ІІ топтың тапсырмасы 1. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылады?
(Атлант және Үнді)
2. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты? (Панама мойнағы)
Ең, ең
1. Ең ыстық материк (Африка)
2. Ең құрғақ материк (Аустралия)
3. Ең суық материк (Антарктида)
4. Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка)
5. Ең ұзын өзен (Ніл)
Картамен жұмыс. Әр топ картадан жер бедерінің түрлерін көрсетеді.
Оқушылардың ойын сергітуге арналған есептер, материк координатасын табу.
Шеткі нүктелер.
1) Солтүстік нүктесі - Гальинас м - 12°с. е 72°б. б
2) Оңтүстік нүктесі – фроуэрд 54°о. е - 71°б. б
3) Батыс нүктесі - Париньяс 5°о. е.- 82°б. б.
4) Шығыс нүктесі - Кабу - Бранку7°о. е. 34°б. б.
Градус және километр есебімен, материктің ең шеткі нүктелерінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтықты анықтау.
Мысалы, экватордан Гальинас нүктесіне дейін 12°, 111*12=1332км. Ал экватордан Фроуэрд нүктесіне дейін 54°,
ІІІ Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты оқып үйренер алдында оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.
Климат деген не?
Климаттық белдеулерді жіктеген кім?
Қандай климаттық белдеулерді білесіздер?
Жаңа сабақ:
«Оңтүстік Америка климаты»
Материктің климатын қалыптастырушы факторларды айтып, жеке- жеке тоқталады. Мысалы:географиялық ендік.Материкті экватор сызығы солтүстігінен кесіп өтетіндіктен, жылуды мол алады да материк қатты ысиды.бірақ жауын шашынның көптігі, материкті шамадан тыс қызып кетуден қорғайды. Материкке үш ауа массасы әсер етеді.Олар экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массасы. Экваторлық ауа массасы әсерінен ылғал мол түседі. Тропиктік ауа массасы әсерінен материкке ылғал аз түседі. Қоңыржай ауа массасының әсерінен материк салқындайды немесе құрғайды. Жердің төсеніш беті мен ағыстардың әсерін түсіндіреді. Әрбір климаттық белдеулерге толық тоқталады.
Қорытынды бөлім. Әр топқа түрлі тапсырмаларды беру арқылы қортамыз.
І топқа Берілген климаттық диаграммаларға қарай отырып, климаттық белдеуді анықтаңыз.
ІІ топқа Әрбір климаттық белдеуге сипаттама беріңіз.Кесте түрінде.
Шығармашылық сұрақ.
Анд тауы материктің шығысында болғанда климат қалай өзгереді?
Бағалау.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу. Кескін картаға климатттық белдеулерді түсіру.
Қалаулары бойынша кез келген бір қаланың климатын сипаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі