Ақтөбе қаласы
Пригород орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өтепова Ақтоты Болатбекқызы
Тақырыбы: Мемлекеттік тіл-менің тілім
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар.
1-жүргізуші:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сіздерді құттықтау үшін сөз мектеп директоры Жанина Гүлнар Батесовнаға беріліеді.
2-жүргізуші:
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.
1-жүргізуші: Мектебіміздің оқушылары " Мемлекеттік тіл-менің тілім" тақырыбына орай өлеңдерін оқиды.
2-жүргізуші:
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.
1-жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
2-жүргізуші: Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.
1-жүргізуші: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс . Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан –жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.
2-жүргізуші: Пригород орта мектебі "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы Сарманова Манчукқа беріледі.
1-жүргізуші: Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.
2-жүргізуші: Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген, қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.
1-жүргізуші:
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
2-жүргізуші:
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Етілсін мемлекеттік әр істе үні!
1-жүргізуші:
. . . Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,
Тілің барда нұр шашып атар күнің.
Сөзімнің ұғар болсаң түп төркінін
Жүрек жырын жазар ем таппай тыным. . .
2-жүргізуші:
Туған тіліңді қорғау - туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса - бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.
1-жүргізуші:
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
2-жүргізуші:
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
1-жүргізуші:
Осымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты апталықтың ашылу салтанаты аяқталды. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі