Өлең, жыр, ақындар

Дыбыс

Қостанай облысы ,Жангелдин ауданы
С.Мәуленов атындағы орта мектеп
физика пәнінің мұғалімі: Мадиева Эльмира Куандыковна

Күні: 18.01.17
Сыныбы: 9
Пәні:физика

Сабақтың тақырыбы

§31 Дыбыс  §32 Дыбыстың сипаттамалары

Жалпы мақсаты

    Ғылыми - техникалық  жетістіктердің  дамып, өркендеуінде физикалық құбылыстардың касиеттеріне байланысты дыбыс толқындарының сипаттамаларын білу

    Дыбыс толқындары қасиеттерінің ерекшеліктері мен  заңдылықтарын  түсіну

    Дыбыс толқындарының күнделікті тұрмыстағы маңызын ажырату. Күнделікті тұрмыста қолданылу пайдасы мен зиянын бағалау

Жетістік критерийлері

  - Дыбыс сипаттамаларын біледі.

  - Дыбыс толқындары қасиеттерінің ерекшеліктері мен  заңдылықтарын  түсінеді

  - Дыбыс толқындарының күнделікті тұрмыстағы маңызын ажыратады

  - Күнделікті тұрмыста қолданылу пайдасы мен зиянын бағалайды

  - Есептер шығаруда формулалар  қолданады

Негізгі 

идеялар

  Тербеліс жиілігі 16 гц-тен 20000Гц-ке дейінгі механикалық толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды.

  Жиілігі16Гц-тен төмен дыбыстар инфрадыбыстар,ал 20000Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.

  Камертон-доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша.          Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

  Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Децибел(дБ)- қаттылық бірлігінің ондық үлесі,яғни 1 бел 10 децибелге тең.

  Белгілі бір жиіліктегі дыбыс биіктігін –тон деп атайды. Тембр-адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Шу-әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы.

Тапсырмалар

Топтық  жұмыс «Пилот-Штурман» 

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»   

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)

1.1 Топқа бөлу (дыбыс түрлерімен)

ІІ. Қызығушылықты ояту

2.1 Физикалық диктант (5 минут)

 1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі __________________ деп аталады.

2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына __________бағытта жүзеге асатын толқынды ___________ толқын деп атайды.

3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның ___________ жүзеге асатын толқын

4. _________________– периодқа тең уақыт аралығында толқын  таралатын арақашықтық.

5. Толқын жылдамдығы – ______________________ бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.

6. _________________ – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің  таралуы.

7. ___________________ – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.

2.2 «Ой шақыру» стратегиясы

Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.

Ол қалай аталады?              (Дыбыс) (Сабақ тақырыбы хабарланады)

ІІІ. Мағынаны тану

3.1 Топтық жұмыс. (Оқулықпен жұмыс) - (5 мин)

3.2 Постер жасау (6мин)

І топ: Дыбыс деген не?

ІІ топ: Дыбыстың қандай сипаттамалары бар?

ІV. Ой толғау.

4.1 Постерді қорғау (4мин)

4.2 Тілсіз суреттер сөйлейді (101, 102, 103, 1-кесте) (3 мин)

4.3 Топтық жұмыс (Пилот-Штурман). (штурман-басқарушы, пилот-орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады:

І топ: камертон, дыбыс қаттылығы, децибел.

ІІ топ: дыбыс тоны,тембр, осциллограф, шу.

V.Сергіту сәті (Әншілердің дауысын тану)

 VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

1

Біледі

Дыбыс толқындарының физикалық мәні:

2

Түсінеді

Дыбыс түрлерінің толқындық қасиеті:

3

Қолданады

Есептер шешуде формуланы:

   1. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады.Толқын ұзындығын табыңдар.

   2. Толқын ұзындығы 2м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с.Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?

   3. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 5 с ішінде 20 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігін анықта.

4

Талдайды

Техникалық, музыкалық, медициналық тұрғыда сипаттама:

Күнделікті тұрмыста қолданылу пайдасы мен зияны:

5

Жинақтайды

Ғылыми тұрғыдан әртүрлі мәліметтер:

6

Бағалау

Дыбыс толқындарының бүгінгі жетістіктері мен маңызы:

         

VII. Сабақты бекіту. Әуен тыңдату. Осы аспаптардың шығаратын дыбыс  жиіліктері бірдей ме?

VIIІ. Бағалау.

 

   Оқушының аты-жөні:                                                                     Сыныбы:

Табыс критерийлері

1

2

3

Физикалық диктант

1-3сұраққа жауап берсе

4-5 сұраққа жауап берсе

6-7 сұраққа жауап берсе

Постермен жұмыс

Оқушы ат-салыспаса

Оқушы 2-3 сұраққа жауап берсе

Оқушы нақты дәлелдемелер келтірсе

Тілсіз суреттер сөйлейді

Мүлдем айтпаса

Мағынасын толық айтпаса

Мағынасын толық айтса

Эссе жазу

Шығармашылық тұрғыдан кішігірім жазса /1-2 сөйлем/

Шығармашылық тұрғыдан орташа жазса /3-4 сөйлем/

Шығармашылық тұрғыдан толық жазса /5-6 сөйлем/

Жеке жұмыс

Білу, түсіну

Қолдану, талдау

Жинақтау, бағалау

 

Бағалау шкаласы: 15-«5», 10-14-«4», 5-9-«3».

ІХ. Әуен тыңдай отырып «2 жұлдыз, 1тілек»

Үйге тапсырма: 26 жаттығу, §33-34


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз