Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Шалабаева Алмагүл Утешқызы
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру.
3. Төзімділікке, адамгершілікке, бірлесе жұмыс істеуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Ертегілерді оқуға деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, үлестірме карточкалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгендеу, көңілдерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
II. Кіріспе бөлімі:
Қазақ ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі - ертегілер болып табылады. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы бастап кешкендері суреттеледі. Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
Ертегіден халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, бақыты туралы ойларын көруге болады.
Ертегі ғасырлар бойы сақталып, жалғасып біздің дәуірімізге жеткен.
Әдетте ертегілер «ерте, ерте, ертеде» немесе «баяғы заманда» деп басталып, соңы жақсылықпен аяқталады.
Бар екен де жоқ екен,
Ертек- ертек, ерте екен.
Ешкілері бөртеекен,
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен,
Ертегіден қызық екен.
Міне балалар бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
I-бөлім. Таныстыру.
I-топ. Бауырсақ.
II-топ. Шалқан.
III-топ. Қызыл телпек.
II-бөлім. Кім білгір?
Қай топ ертегілерді көп біледі?
III-бөлім. Кім тапқыр?
Суреттің қай ертегіден алынғанын табу, кейіпкерлерін атау.
IV. Кім ойшыл?
Ертегіден үзінді оқылады, жалғастырып айту.
V. Кім шапшаң?
Ертегі көрінісінің қиындыларын құрастыру.
Қауындықта ақ қораз,
Дайындады қақ біраз.
Ұйқы көрмей ұзақ таң,
Бақ күзетті бұзауқан.
Бау–бақшаны аралап,
Жеміс терді қара лақ.
VI. Кім дарынды?
Сурет бойынша ертегі құрастыру.
VII. Қорытынды.
Жеңімпазды анықтау.
Міне, балалар бізге ата-бабадан мұра болып қалған құнды шығарманың бірі ертегі екен. Оның қай-қайсысын алсақта тәрбиелік мәні өте көп екен. Мысалы, тұрмыс-салт ертегілерін естігенде өмірдің неше түрлі қырлары мен сырларын түсінуге, әр дүниені танып білуге көмектессе, қиял-ғажайып ертегілерін оқығанда елді қорғаған қаһармандардың іс- әрекетіне қызығып, олардың жақсы істерін үйреніп, жаман істерінен жиренуге көмектеседі. Ал хайуанаттар туралы ертегілерден табиғаи пен жан- жануарлар дүниесін тереңірек тануға, олардың іс-әрекеттерін мәнін түсінуге көмектеседі. Сондықтан көбірек оқып, атадан қалған мұраны яғни халық шығармасын келесі ұрпаққа жеткізуге біз міндетті екенімізді ұмытпайық .
Ата-мұра бізге өнеге деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі