Ержанова Лайла Нысанбайқызы
II санатты тәрбиеші
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
Абай атындағы орта мектебі
Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өту арқылы ата-аналарды балаларды отансүйгіштікке елжанды қоғамның белсенді мүшесі болуға дағдыландыру.
1. Көк тудың желбірегені әнімен топқа кіру
Тәрбиеші: Жарқырады қаламыз жайнай түсті даламыз. Аман отан панамыз, Әлемде нұр тыныштық әрбір бейбіт күн ыстық! Құрметті ата-аналар қонақтар балалар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы баршамызға құтты болсын! МАД «Ә» тобы бүлдіршіндерінің «Мәңгілік ел Қазақстан» ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2. Сәлемдесу: Армысың жарық күн, Армысын сүйікті мектебім
Армысыздар қонақтар, жарқын жүзді достарға жалынды салем.
3. Қазақстан республикасының әнұраны орындалады.
4. Тілек шоғы:
Санжар: Күніміз шуақты болсын!
Әсия: Аспанымыз ашық болсын!
Аягүл: Бейбітшілік заман болсын!
Мансұр: Нанымыз көп болсын!
Зайнаб: Көк байрағымыз биікте болсын!
Акөрік: Еліміз тыныш болсын!
Аэлита: Балалар аман болсын!
Нүрасыл: Аналарымыз аман болсын!
Омар: Сабақты беске оқиық!
Абылай: Топта тату болып жүрейік!
Дамир: Бір бірімізді ренжітпейік
Бексұлтан: Тәртіпті болып жүрейік!
Ерасыл: Әдепті болып өсейік!
Айару: Ата анамыздың мақтанышы болайық!
Дилназ: Достарымыз көп болсын!
Асылзат:Д еніміз сау болсын!
Тәрбиеші: Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
Тек жақсылық болсын!
5. Тәрбиеші: Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл қасиетті арманға жету жолында небір қазақтың марқасқа азаматтары, қанша ару қыздары құрбан болды. Бұл тәуелсіздік бізге бабаларымыздың қасық қанымен, маңдай терімен келді. Бұл біз үшін ұлы мереке, әрбіріміз жан дүниемізбен сезініп, қадірін біліп, аялайтын айбынды мереке.1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды Артымызға бұрылып қарасақ осы ширек ғасырлық қымбат Тәуелсіздікке жету жолы әрідегі тарихтан бастау алғанын көргендей боламыз. Қазақ тарихы күреске толы болды. Сол күрестің барлығы дерлік қазақ қолына қылыш алып, найза ұстап елін-жерін қорғаумен өтті. Солардың қай-қайсысы болмасын ұлтының жолында кеудесін жауға тосқандар. Сексен алтыншы жылдың аязында Алматының алаңындағы қазақ боздақтары тағы бар. Міне, біз осы ұлы тәуелсіздікке қаншама тартыс, қаншама күрестің, төгілген қанмен, тамған тердің, жылаған жүректің арқасында жеттік. Сондықтан біз үшін бұл тәуелсіздіктің, еркіндіктің құдіреті мықты, қасиеті жоғары.
6. Желтоқсан құрбандарына тағзым 1 минут үнсіздік!
7.Тақпақтар
Дамир:
Один средь многих сторон Отчизна – мир
Отчизна мать Отчизна - Казакстан.
Зайнаб:
Куат алган өзінен Туған елдің қызымын!
Бақытты етіп өсірген Отанымның гүлімін!
Асия:
Ақ ниеті алтын күн Асқақ арман қыраны
Жалауы бұл халқымның Мәртебесі мақтаны.
Аэлита:
Отанымның төрінде Сарыарканың өрінде
Ту ұстаған астанам Әсем қалам Бас қалам!
Айару:
Ту алады қолдарына, Қуанады халық бүгін
Мадақтаймыз, ардақтаймыз Республика жарық күнін.
Сағыныш:
Бұл гүлденіп жайнаған, Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған, Туысқандар Отаны.
8. Суреттермен жумыс шарты: Балалар тәуелсіз еліміздің мақтаныштарын қолдарындағы сурет туралы әңгімелеп береді.
Атырау қаласы суреті – Дилназ
Астана қаласы суреті – Айару
Қазақстан картасы суреті - Ерасыл
Елтаңба суреті - Асия
Ту суреті - Мансур
Президент суреті - Аэлита
Нүрасыл суреті - Байконыр
Теңге суреті - Асылзат
9. Ата-аналарга берілетін суреттер: шарты ата-ана суреттен өз ойларын айтады
Кітап суреті-білімді ұрпақ! Спорт суреті - дені сау болашақ! Ұлттар суреті - ынтымағы татулыгы бірлігі, Глобус суреті - Қазақстанды әлем таниды.
10. Бейне сюжет көру
11. Жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстандай ел бар екенін бүкіл әлем мойындап, оның дамуы мен өркендеуіне әлем көз тікті. Ел болып етек-жеңімізді жию барысында тек жетістіктер ғана емес, қиындықтар да болды. Біз соның барлығын жеңіп бүгінгі күн ел егемендігінің 25 жылдық мерейтойын тойладык ұлы жолда еңбек етіп, еліміздің бағыт-бағдарын айқындап, оның болашағы үшін алаңдап ұлтының ұйысуы үшін аянбай еңбек еткен Елбасымыз екені айдан анық. Ширек ғасыр ішінде ел болып еңсеміз түзелді. Бұл бақытты жолға ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жете алдық.
Ұлттық мақтанышымызға айналған Отанымыздың Елордасы Астананың уығын қадап, бүкіл әлемге бас қаламызды мойындата алғаны өзінше бір шежірелі тарих. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерін бекітіп, елдігіміздің тағы бір шегесін нақтылай қақты. Ұлттық валютамыз теңгені айналымға шығарып, алға тағы бір қадам жасады. Елдің дамуы барысында, ең алғашқы маңызды болып саналатын өзге елде жүрген қандастарымызды өз Отанымыз - Қазақстанға шақырды. Қытай, Монғолия, Иран, Түркия елдерінен қазактарымыз елге оралды.
Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше. Елбасының өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып жыл сайын қаншама қазақтың қаракөздері әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алып келеді. Осындай ынтымағы жараскан Тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүріп жатқан біз бақыттымыз, бақытымыз Мәңгілік болсын Мәңгілік ел - Қазақстан жасасын!!!!
8. Күн дидарлы Қазақстан әні хор.
9. Биші қыздарымыз Акөрікпен Аягулдін орындауындагы би.
10. Әнші қызымыздың орындауында «Бақытты балалық шақ».
11. Барлық балалар ата-аналар ортага шакыру "Қара жорға" биі.
12. Тәрбиеші: құрметті ата-аналар қонақтар балалар бүгінгі Мәңгілік ел - Қазақстан ашық тәрбие сағатымызды көк туымыз мәңгі желбіресін Қазақстан мәңгі жасасын дей келе Атамекен әнімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Сау сәлеметте болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі