Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Кызметова Балзия Конысбаевна
МАД тобына арналған интеллектуалдық танымдық ойын-сабақ.
Тақырыбы: «Жеміс жесең жетілесің, көгөніс жесең көктейсің»
Білімділік мақсаты: Жемістер және көгөністер туралы мағұлмат беру. Адаам ағзасына қажеттілігін ұғындыру. Оны ғылыми тұрғыдан дәлелдеу. Алған теориялық ақпаратын өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Танымдық белсенділігін арттыра отырып,өз ойларын еркін дәлелдеуге үйрету. Топ мүшелерімен қарым-қатынас жасау арқылы бір шешімге келуге үйрету. Интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністерді орынды пайдалана білуге үйрету. Пайдасы мен зияны туралы түсініктерін молайту.
Пайдаланудағы сақтық ережелерін меңгерту. Салауатты өмірді насихаттау.
Пәнаралық байланысы: Айналаммен қоршаған орта, экология, математика, медицина, өсімдіктану.
Кабинетті безендіру:
І. Жемістер мен көгөністерге байланысты тәрбиелік сөздер:
а) Жемістер - дәруменге бай.
ә) Күніне бір алма жесең, бір аурудан сауығасың. (грек мақалы)
б) Жемістер - сырқаттан сауықтырып, жаныңды жасартады.
в) Жеміс жесең, жетілесің, көгөніс жесең, көсегең көгереді.
ІІ. Жемістер мен көгөністердің суреттері: ананас, киви, апельсин, алмұрт, банан, лимон, сәбіз, қызанақ, қырықжапырақ, қызылша, қияр, қарбыз.т.б.
ІІІ. Жемістер мен көгөністердің макеттері.
(картоп, қызанақ, қызылша, асқабақ, баклажан, қауын, лимон, ананас т.б.)
ІҮ. Үстел үстінде: жеміс-жидектердің шырындары, тосаптары, қайнатпалары, жеміс пен көгөністің муляждары.
Өткізу әдісі: Ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалану.
Мультимедиялық электрондық оқу құралын пайдалану.
Интерактив тақтамен жұмыс істеу.
Түсініктеме:
Берілген тапсырмалардың деңгейі 5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы талаптарына сай дайындалды
- әр баланың тұлғалық қасиетін сәтті дамыту және өз ойын еркін білдіру және іске асыру дағдыларын жетілдіру
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылы әлеуетін дамыту
Негізгі бөлім
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білімді өрендер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі
Жүйріктер озар жарыста
- Балалар, адамның дені сау болып, ширақ та,сергек болып жүру үшін, адам ағзасына түрлі дәрумендер қажет. Сол дәрумендердің қайнар көзі-жемістер мен көкөністер.
Бүгін біз 2 топқа бөлінеміз:
1 - топ «Жемістер»
2 -топ «Көкөністер»
№1 тапсырма Жеміс пе, көгөніс пе?
1 топ жемістерді, 2-топ көгөністерді бөліп алады.
№2 тапсырма Жұмбақ шешу
«Жемістер» тобына
а) Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты. (алма)
Мұғалімнің қосымша ақпараты:
Алмада 12 түрлі дәрумен бар. Алма адамға күш беріп, ағзаның түрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Мидың жұмысын жақсартады.
***
ә) Арабия елдерінде өседі,
Бал шырыны тілді ойып, теседі.
Оразада ауыз ашар осымен,
Жұмақтағы жеміс екен деседі. (құрма)
Мұғалімнің қосымша ақпараты:
Ежелгі араб ғұламалары құрманың 350-ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептеген. Құран, хадистерде құрма-жұмақ жемісі деп аталады. Әсіресе жүрек ауруларын болдырмауға көмектеседі.
***
б) Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп.
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп. (жүзім)
Мұғалімнің қосымша ақпараты:
Жүзім шырыны бауыр ауруларының алдын алады. Буынға суық тигенде қара жүзім жеген жөн.
***
в) жұмбақтың шешуі бойынша интерактивті тақтада сурет салу қабілетін тексеру
№3 тапсырма. Пікірсайыс. (сөйлеу тілінің деңгейін анықтау)
Жемістердің пайдасы мен зиянын салыстыру.
Сергіту сәті «Қызыл өрік»
(дене жаттығуларын жасауға дайындықтарын тексеру)
№4 Жағдаяттан шыға білу (Баланың қиялдау деңгейіне баға беру)
Сұрақ:
Егер барлық жемістің түрлері бір ағашта өсетін болса не болап еді?
№5 Есептеуге кім жүйрік? (Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруін бағалау.)
Ыдыста 5 лимон бар. Нешеуін қоссаң, ыдыста 10 лимон болады?
Жемістердің суретіне берілген қосу және азайту тапсырмаларын интер. тақтада орындау
№6 тапсырма Постер жастату (Құрастырушылық қабілетіне баға беру.)
Қағаз қиындыларынан жемістердің бірін құрастыру
№7 тапсырма. Суретпен жұмыс (Шығармашылықпен әңгімелеу машығына баға беру)
Тақырыбы: «Жеміс бағында»
№8 тапсырма Мәнерлеп оқу
(Көпшілік алдында өнер көрсету мәдениетіне баға беру)
Балалар жемістер, көгөністер туралы тақпақ, өлеңдер айтып өнер көрсетеді.
«Көгөністер» тобына
№2 тапсырма Жұмбақ шешу (Баланың ойлау қабілетінің деңгейін анықтау)
а) Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)
Мұғалімнің қосымша ақпараты:
Қарбыздың құрамында қант көп. Ол бүйрек, асқазан ауруларына ем. Беттегі безеуді, секпілді кетіреді. Ағзадан зиянды заттарды қуады.
***
ә) Өсем бақша бауыңда,
Қатты ұқсаймын қауынға.
Жемек болып шикілей,
Күлкі болма қауымға (асқабақ)
Мұғалімнің қосымша ақпараты:
Асқабақ ас қорытуды ретке келтіреді. Дәні ішек құрттарын түсіретін дәрі ретінде қолданылады.
***
б) Бұйра тұлымы
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (сәбіз)
Мұғалімнің қосымша ақпараты:
Сәбіз дәруменнің жетіспеуінен болатын ауруларды жояды. Ағзаның тұмауға қарсы тұруына көмектеседі.
***
Жұмбақтың шешуі бойынша интерактивті тақтада сурет салу қабілетін тексеру.
№3 тапсырма. Пікірсайыс. (сөйлеу тілінің деңгейін анықтау)
Көгөністердің пайдасы мен зиянын салыстыру. (СТО технологиясы бойынша)
Сергіту сәті «Қызыл өрік» (техникалық құрылғының көмегімен)
№4 Жағдаяттан шыға білу (Баланың қиялдау деңгейіне баға беру)
Сұрақ: Егер көгөністер ұшатын болса не болар еді?
№5 Есептеуге кім жүйрік? (Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруін бағалау.)
а) 9 картоптың 5-еуін аршыдым.
Аршылмаған неше картоп қалды?
ә) Көгөністердің суретіне берілген қосу және азайту тапсырмаларын интер. тақтада орындау.
№6 тапсырма Постер жастату (Құрастырушылық қабілетіне баға беру.)
Қағаз қиындыларынан көгөністердің бірін құрастыру
№7 тапсырма. Суретпен жұмыс
(Шығармашылықпен әңгімелеу машығына баға беру)
Тақырыбы: «Бақшада»
№8 тапсырма Мәнерлеп оқу
(Көпшілік алдында өнер көрсету мәдениетіне баға беру)
Балалар жемістер, көгөністер туралы тақпақ, өлеңдер айтып өнер көрсетеді.
Соңында «достық» жеңгендігін хабарлайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
1. Жарайсыңдар, балалар бүгін сендар жемістер мен көкөністер туралы көп білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.
2. Жемістер мен көкөністердің пайдасы көп екенін білдіңдер.
3. Санитарлық белгілі бір ережелерді сақтамаса зияны да бар екенін білдіңдер
Халықтық тәрбие беру
4. Жемістерге байланысты біздің халқымыздың ауызекі тілінде:
«Еңбегің жемісті болсын», «Біткен іс-піскен жеміс» - деген түрлі қанатты сөздер бар.
Тапсырма
Балалар, денсаулығымыз мықты болу үшін жемістермен және көкөністермен әрқашан дос болайық. Жемістерді жуып жеуді ұмытпаңдар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі