Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің мектепалды даярлық
сыныбының мұғалімі: Измаганбетова Салтанат Рустамовна
«Өзін-өзі тану» ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Мектеп: Жалпы білім беретін №25 Б. Момышұлы орта мектеп
Мерзiм: 19.01.2017 жыл
Мұғалiм: Измаганбетова Салтанат
Сынып: МАД «а» Оқушылар саны: 22 Сабақ: №17
Тақырып: Мен әдепті баламын.
Құндылық: Дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ақиқат, тыныштық, сүйіспеншілік.
Қасиеттер: Қайырымдылық, мейірімділік, әдептілік.
Мақсаты: «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға жақсылық ұғымы туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Балаларға жақсылық ұғымының мәнін аша отырып,мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру; Дамытушылық:Балалардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Дәптер, хрестоматия, жеміс ағашы, себеттер, жүрекшелер, күн, көк аспан, түрлі-түсті қарындаштар. |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. а) Балалардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру. ә) 5 Т-ны еске түсіру (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) «Сиқырлы табақша» тренингі арқылы балаларды топтастыру. (табақшада жүрекшелер, күн шуағы, көк аспан болады. Сол себепті балалар үш топқа бөлінеді.) |
5 Т-ны естеріне түсіріп жаттап алады. |
2. Үй тапсырмасы тексеру 25-26 бет«Өзін-өзі тану» оқулығы. МАД Ата-ананың көмегімен бірге орындап келу. 1. Кімдерді жақсы көресіңдер?
3. Әңгімелеу. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту үшін бірнеше сұрақтар қою. - Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер? Әдепті сөздер - сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз т.б. Дәйексөз. «Әдепті бала - жақсы бала» Мақал 1. Қыздарға айтқызу |
Үй тапсырмасын әңгімелейді.
Әдептілік туралы түсінеді.
Дәйексөзді қайталай отырып жаттап алады. |
4. Әңгiмелеу. «Әдепті бала» ойдан шыққан оқып беріп, талқылау. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Айдос пен Арман дос еді. Айдос әдепті бала, тілалғыш, ұқыпты, шыншыл, қарапайым, еңбекқор, адал, Арман болса әрдайым өз қулығын асырып, пайдасын ойлайды. Айдос кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кішілерге орын береді. Арман үнемі барлығын керсінше жасайды. Бірақ Айдос пен Арман жан достар. –Арман мен Айдос неліктен дос? -Сендерге кімнің іс –әрекеті ұнайды? -Ол неліктен? -Арманның орнында сен не істер едің? |
әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы толықтыру. |
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс Берілген суреттерді атап, суреттердегі балалардың қасиеттерін айту. |
Суреттерге әңгіме құрайды. |
6. Топпен ән айту. «Мен әдепті баламын» әнін айту. 1. Мені үлкендер әдепті деп мақтайды. Қайырмасы: 2. Тілін алып кішініңде кәрінің, |
Әуенмен бірге ән шырқайды. |
7. Үй тапсырмасы. 27 бет «Өзін-өзі тану» оқулығы. МАД Кітаптағы тапсырмаларды үлкендердің көмегімен бірге орындап келу. |
Берілген тапсырманы түсініп алады. |
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойып, балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңді естеріңе түсіріп, оны жүректеріңе сақтап алайық. Ендеше мына жеміс ағашындағы жемістерді қалағанымызша себетімізге саламыз. Бұл сендердің бүгінгі тақырып бойынша жиған білімдерің. Балалар әрқашан тату тәтті, адал, әдепті бала болайық. Әуенді сандықшадан тәтті тарату. |
Жемістерді себеттерге теріп салады. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі