Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі
Утегенова Салтанат Махсотқызы
«Таным» білім беру саласының қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Таным»
Блок тақырыбы: «Заттар әлемі»
Апталықтың тақырыбы: «Ас атасы-нан»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Мақсаты: «Ас атасы - нан» тақырыбында әңгіме жүргізу. «Нан» туралы тыйым сөздер мен тақпақтарды еске түсіру арқылы, халық тағамы туралы түсініктерін қалыптастыру. 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру. Нүкте бойымен 4 цифрын бастырып салуды үйрену; өзге цифрлардың арасынан 4 санын табу. Ойын арқылы пішіндерді ажыратуға үйрету. Көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету; әр түрлі көлемдегі заттар тобының саны тең және тең еместігіні көре білуге үйрету.
Керекті құралдар: заттық суреттер, ойынға қажетті суреттер, тест бетшесі, көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдері: ойындар, санау, түсіндіру, көрсету, топтастыру, сұрақ-жауап
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұраық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жиналған жылы шуақты
Көршімізге сыйлайық
II. «Ас атасы-нан» апталықтың тақырыбына шолу жүргізу.
- Балалар, «Еңбектің наны-тәтті» - деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? /балалардың жауаптары/
- Ендеше бүгінгі біздің апталықтың тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады.
- Нанға байланысты қандай тыйым сөздерді білеміз?
1. Нанды бір қолмен үзбе
2. Нанды лақтырма
3. Нанмен ойнама
- Осы орайда бір жақсы, қызықты тақпақ бар еді ғой, кәне еске кім түсірді?
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып, қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
III. Қайталау сұрақтары:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болатын еді, топтастыру әдісімен айтып көрейік:
Өткенді қайталап өтейік:
- Мынау қандай пішіндер? Түстерін атаңдаршы?
- Сан және санау: 1-2-3
- Санамақтар айту:
1-саны:
Біздің үйде бір тауық
Бір жұмыртқа жүр тауып,
Бір сиыр бар қорада
Бәтіш тәтем жүр сауып
2-саны:
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін,
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ білемін.
3-саны:
Үйімде бар үш қалам
Үшеуін де ұштағам
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
IV. Жаңа тақырып:
1. Санамақ айту
- Енді мені тыңдаңдар:
4-саны:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада-
- мен қандай сан туралы айттым?
- дұрыс айтасыңдар, бүгін біз жаңа санмен танысамыз.Ол-төрт саны деп аталады.
- кәне айтайық, «төрт-төрт-төрт»
- 4 санына сәйкес заттарды санаймыз./4 саны туралы түсіндіру/
2. «Нүктелерді қос та, төртті сал» /тақтамен жұмыс/
3. «Көрпешенің жамауын тап» ойыны /тақтамен жұмыс/
4. Сергіту жаттығуы:
Шапалақта қолыңды,
Жәй-жәй-жәй, міне былай!
Шапалақта қолыңды
Тез-тез-тез-тез-тез-тез,
Алға қарай адымда
Жәй-жәй-жәй, міне былай!
Жолыңнан еш жаңылма
Тез-тез-тез-тез-тез-тез
5. «Суреттегі заттарды санмен сәйкестендір» /тақтамен жұмыс/
6. Тест жұмысы /өзбетімен жұмыс/
V. Қорытындылау
- бүгін біз қандай санмен таныстық?
- кәне санайық: 1-2-3-4 /тура және кері санау/
VI. Балаларды мадақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі