Ақтөбе обылысы, Қандыағаш қаласы
"Күншуақ" балабақшасы
Таухабаева Индира Максотовна
II кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 27.01.2017ж
Тәрбиеші: Таухабаева И.М
Тобы: «Шаңырақ»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: «Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру».
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыру үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: екі үй: биік-аласа. Әр балаға үйшікке арналған үшбұрышты шатыр, көк және қызыл түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: биік, аласа, үшбұрыш.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Ғажайып сәт «Қара және салыстыр» ойыны. Екі бала фланелеграфқа жақын келіп, одан 2 үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрайды. - Үйдегілер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме? - Дұрыс! Бір үй биік, ал басқа үй аласа. - Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар, қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз Бірі екіншісінен биік екен. Балаларға көрсетеді, үйлердің биік және аласа болатынын түсіндіреді. |
Салыстырып, жауап береді. Өзін көршісімен салыстырады |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
«Жолды көрсет» ойыны. Суреттен үшбұрышты затты табуды сұрайды. - Суреттегі қай заттың пішіні үшбұрышты? Шатыры үшбұрышты биік үйде Айбек, ал шатыры үшбұрышты аласа үйде Айсұлу есімді қыз бала тұратынын айтады - Айбек қандай үйде тұрады? - Айсұлу қандай үйде тұрады? Айсұлудан аласа үйге дейін, ал Айбектен биік үйге дейін жол салуларын ұсынады. Сөздік жұмыс: биік, аласа,үшбұрыш. Блингвалъді компонент: биік-высокий, алас-низкий, үшбұрыш-треуголъник. «Дұрыстап боя» ойыны. Педагог тақпақ оқиды: Сұрақтар: - Бұл тақпақ қай ертегіден? - Үйшікті кім қиратты? - Аю неге оны қиратты? - Қараңдаршы, ертегі кейіпкерлері не істеп жатыр? - Дұрыс айтасыңдар, аңдар бәрі бірге тұратын және оған аю да сыятын жаңа үлкен үйшік тұрғызып жатыр. Олар тасып жүрген тақтайлар үй салуға керек. Бірақ олардың кейбіреуі оң жаққа қарай, кейбіреуі сол жаққа қарай кетіп барады Сұрақтар: - Қай кейіпкер оң жаққа қарай кетіп бара жатыр? - Қай кейіпкер сол жаққа қарай кетіп бара жатыр? |
Балалар суреттен үшбұрышты заттарды іздейді. - Үйдің шатыры
- Биік үйде. - Аласа үйде. Балалар жол салады. Қайталайды: биік-аласа, үшбұрыш, Қайталайды: биік-высокий, алас-низкий, үшбұрыш-треуголъник. Балалар тақпақты тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. - Үйшік (Теремок) ертегісінен - Аю - Өйткені аю үлкен. - Тақтайларды тасып жүр. Педагогтің айтқанын тыңдайды. |
|
- Кейіпкерлер нені көтеріп бара жатыр? - Оларға тақтайшалар не үшін керек? - Тақташайлардың түсі қандай? Педагог балаларға тақтайшаларды бояуға тапсырма береді: оң жаққа қарай кетіп бара жатқандарының тақтайшаларын қызыл түспен, ал сол жаққа қарай кетіп бара жатқандардікін көк түспен. «Менің отбасым» Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Жеке жұмыс жүргізеді
|
- Қоян, түлкі, қасқыр. Балалар тапсырманы орындайды. Тақтайшаларды қызыл, көк түспен бояйды. Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Кейіпкерлердің үйшігінің шатырын жабуға көмектесулерін сұрайды. Суреттегі шатыры жоқ үйшікке назарларын аударады. - Балалар, үйшікке не жетпей тұр? - Үйшіктің шатыры қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Жапсырманың көмегімен шатырын ұсынады. - Айбек қандай үйде тұрады? - Айсұлу қандай үйде тұрады? |
Суретке қарайды. - Шатыр - Үшбұрышқа. - Иә, көмектесеміз. Шатырын жапсырады. - Аласа үйде - Биік үйде |
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: биік-аласа ұғымдарын;
түсінеді: қағаз бетінде бағдарлай білуді:сол жақ-оң жақ.
қолданады: дайын пішіндерді орнына жапсыруды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі