«Доссыз адам – тұзсыз тағам» (Жаңартылған бағдарламаның «Менің мектебім және достарым»атты бөлімінен кейін өткізілген сынып сағаты) 1 «А»сынып
СҚО Айыртау ауданы
Саумалкөл қазақ орта мектебі
«Доссыз адам – тұзсыз тағам»
(Жаңартылған бағдарламаның «Менің мектебім және достарым»атты бөлімінен кейін өткізілген сынып сағаты)
1 «А»сынып
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Жукенова Махаббат Тулетаевна
Сабақтың тақырыбы: Доссыз адам- тұзсыз тағам.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық туралы ой қозғай отырып, дос таңдау, дос бойындағы адалдық пен сенімділік, біріне-бірі тірек, медет болуынан, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан , кинофильмдерден үзінділер.
Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досың менен қасыңды (Мұса Жәлел)
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал тудыру.
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп дос болған қандай тамаша, қандай қуаныш!
II. ««Доссыз адам – тұзсыз тағам» тәрбие сағаты.1.Топтық жұмыс: берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны тақтаға жазып, мағынасын түсіндіру қажет. (ДОСТЫҚ)
2)«Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?» Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау. (Оқушылар өз достары туралы ой-пікірлерін айтады)
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.
Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық дейтін ұлы сезім ұялап жатады. Достық- адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Бір-біріне ықыласы түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Сонымен, балалар, бүгінгі «Доссыз адам – тұзсыз тағам» атты сабағымыз өміріңе сән беретін, адам бойындағы ғажайып сезім- достық туралы. Өмірде көп көрген, достық мектебінде шыңдалған ақындардың жырларын оқып, даналардың сөздерін санамызға тоқып, достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы екеніне көз жеткізіп, адал досты жалған достан айыра білуіміз керек.
1-оқушы: Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады- сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң- ұйықтамайды ол- дағы
2-оқушы: Қиындықты сенімен бір көрісіп,
Қажымайтын, таусылмайтын жігері
Дос дегенім жарты нанды бөлісіп
Адалдықтан жаралады жүрегі
Мұғалім: Достық-адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп тілектес мұраттас болуы.
Ән: «Достарым»
Көрініс: «Жалған достық»
Сұрақ-жауап әдісі.
- Достың неше түрі бар?
- Достың екі түрі бар.
- Адал дос қандай болады?
- Амал дос қандай болады?
Нағыз дос қандай болуға тиіс?
адал
жомарт
адамгершілігі мол
қарапайым
мейірімді
кешірімді
төзімді
ақылды
сабырлы
салмақты
кек сақтамау
ашықтық
«Өмір өткелдері» фильмнен үзінді көру.
IV. «Менің досым қандай?» ойыны. Оқушыларға әріптер беріледі, сол әріптен басталатын өз досының қасиеті туралы айтады.
«Жалғасын тап» ойыны.
Мақал-мәтелді мұғалім оқиды, оқушылар жалғасын табады.
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам ....... ....... ».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады , дос ......... айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, .......... ........ .....».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, ..... ...... ......».
5. «Көп ақшаң болғанша, ...... ...... болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, .... ..... .......».
7. «Досы жақсының - өзі де ..... ».
8. «Дос басқа қарайды, ..... ..... ..... ».
9. «Ақылсыз достан ақылды .... .... ».
10. «Досың мың болса да –аз,
Дұшпаның ...... .... ... ....».
Жауаптары:
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады ».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады , дос жылатып айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы,достың көнесі жақсы».
5. «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды ».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық ».
10. «Досың мың болса да –аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
Қорытынды: мұғалім сөзі:Сендер осылай достықты топтастырсаңдар, мен сендердің достықтарыңды
Д- дүниеде
О- озық ойлы
С- сабырлы
Т- тұрақты
Ы- ыстық
Қ- қарым - қатынаста дос бола біледі деп сенемін
«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас»
Мұғалімнің кәсіби картасы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы
Жукенова Махаббат Төлетайқызы
Саумалкөл қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі 1997ж.
Туған күні,айы,жылы: 26.07.1975ж.
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сартүбек ауылы
Базалық білімі: жоғары, Көкшетау университеті, Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі (ПМНО)
Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі және біліктілік санаты: 17жыл II (екінші)
Атағы, мақтау қағазы, сыйлық, ғылыми дәрежесі: Мақтау грамотасы
“Бала тәрбиесіндегі еңбегі үшін”марапатталды.2004.Грамата За хорошую работу и активное участие в жизни “Республика Арман”. “Арман”сауықтыру орталығы мемлекеттік мекемесі.2005. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жауапкершілігі жоғары ұстаз» номинациясымен дипломмен марапатталды.
Ғылыми педагогикалық конференциялар, байқаулар нәтижесі: “Іскер мұғалім-2005”мектепішілік байқауынан Алғыс хат, “Үздік сынып жетекшісі” Республикалық байқауының облыстық турнирінің қатысушысы “Шығармашылықты жан-жақтылық” номинациясының жеңімпазы.2008 жыл.III дәрежелі диплом “Адам құқығы баршаға ортақ” облыстық байқауының жеңімпазы.2009 жыл.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі