Өлең, жыр, ақындар

Гидросфера жердің су қабығы

"Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі"
биология пәні мұғалімі: Шиндалиева Баян Базарбаевна

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера жердің су қабығы

Сабақтың мақсаты: Гидросфера туралы білу. Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау. Судың қасиетін талдау.

Тәрбиелік: -«Судыңда сұрауы бар» деген мақалға сүйене отырып, оқушыларды суды қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: карта  мен жұмыс істеу мұхиттар туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзілік Физикалық карта, кеспе қағаз бейне ролик, суреттер, мақал-мәтел, жұмбақтар, тест сұрақтар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, психалогиялық ахуал қалыптастыру. Берілген екі гүлдің түсіне байланысты екі топқа бөлу.

1 топ - Мұхит

2-топ - Шығанақ

«Сұрақтар алағы» Өткен тақыры

1. Жер қалай пайда болған
2. Қанша материк бар
3. Арал дегеніміз не?
4. Материк дегеніміз?

«Ой шақыру» Табиғатта су айналымы жөнінде.  Бейне ролик көрсету.

Мағынаны тану. «Жисо» әдісі

1-топ Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

1. Қандай мұхитарды білеміз,пайда,зияны қандай
2. Шығанақ дегеніміз
3. Бұғаз дегеніміз
4. Көл дегеніміз   
5. Өзен дегеніміз

Картадан қай жерде орналасқанын көрсету.

2- топ

1. Судың маңызы
2. Су табиғатта қандай күйде кездеседі
3. Гидросфера дегеніміз не
4. Судың газ күйіндегі түрін қалай түсінесің
5. Судың тағы қандай қасиетін білем

Полигот ойыны

Су, мұхит, теңіз, көл, өзен сөздерін орысша, ағылшынша айтуы.

Сергіту сәті. Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз

«Ой толғаныс» Кім көп біледі. Мақал-мәтел және жұмбақ

1-топ Мақал-мәтел

1. «Сулы жер - нулы жер»
2. «Бұлақ көрсең  - көзін аш»
3. «Судың да сұрауы бар.

2-топ жұмбақ

1. Жылт-жылт етеді жылғадан өтеді. (өзен)
2. Өзі судан жаралған
    Бірақ судан қорқады. (Мұз қатты күйі)
3. Адамы жоқ елдер,
    Үйі жоқ қалалар
    Ағашы жоқ ормандар,
    Суы жоқ теңіздер.  (Географиялық карта)

«Тез жауап» әдісі жеке жұмыс тест

1. Гидросфера жердің қандай қабығы
А) су
Б) ауа
В) тас

2. Су қандай зат
А) ұсақ
Б) сұйық
В) жұмсақ

3. Судың пішіні бар ма?
А) дөңгелек
Б) төрт бұрышты
В) пішіні жоқ

4. Қазақстанда ең ұзын және суы мол өзен
А) Ертіс өзені
Б) Сырдария өзені
В) Шу өзені      

5. Ең терең көл
 А) Байкал көл
 Б) Ыстық көл
 В) Балқаш көл

6. Үлкендігі жағынан бірінші орын алатын мұхит
А) Тынық
Б) Атлант
В) Үнді

7. Дүниежүзілік мұиттағы ең терең жер
А) Мариан шұнғымасы
Б) Солтүстік мұзды мұхит
В) Дрейк бұғазы

8. Жер қыртысы нешеге бөлінеді
А) 2
Б) 3
В) 5

9. Сусыз не өсе алмайды
А) өсімдік
Б) ауа
В) тас

10. Сусыз не жоқ
А) тіршілік
Б) әлем
В) зат

Үйге тапсырма

Гидросфераның компаненттері

Бағалау. Бағалау критерийі арқылы бағалаймын

Рефлексия «Раушан гүл» әдісі

Кері байланыс жазылады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз