Өлең, жыр, ақындар

Жетісудағы Қарақытайлар

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Шайыр орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі: Куракбаева Бактыгуль Косанбаевна

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы

Сынып: 7

Мерзімі: 25.10.16

Тақырыбы:

   §15.Жетісудағы Қарақытайлар

Мақсаты:

   Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін көрсету

Күтілетін нәтиже:

   Оқушылар қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап,тарихи деректермен жұмыс жүргізеді, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекетт тарихымен танысады

Бағалау критерийлері:

   Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау

Әдіс-тәсілдер:

   Сұрақ-жауап, «Джигсо», ортадағы қаламсап

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

 

 

 

2 минут

 

   Сәлемдесу

   Түгендеу

   Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды

Ауызша мадақтау

АКТ

стикерлер

1 минут

Оқушыларды түстерді таңдау арқылы топқа бөлу

Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі  артады

Ауызша мадақтау

Тақырыпқа байланысты суреттер

Қызығушылығын ояту

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

 «Бәйге» ойыны

   1. Найман, керей, жалайырлар қай жерді мекендеді?

   2. Найман хандарының билеушілерінің әрекетіне сипаттама бер.

   3. Керей хандары туралы не білесің?

   4. Жалайыр тайпасының Шыңғысханмен қарым-қатынасы қандай болды?

   5. Мемлекеттік бірлестіктердің саяси құрылысы қандай болды?

   6. Шаруашылығы мен мәдениеті туралы не білесің?

«сұрақ-жауап»

(жіңішке-жуан сұрақтар)  әдісі арқылы

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабаққа ену

 

7 минут

  Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру

   Жетісу жері қайда?

   §15.Жетісудағы Қарақытайлар

   1. Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы

   2. Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым-салық жүйесі

   3. Мемлекеттің сыртқы жағдайы

Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді

Ауызша мадақтау  арқылы ынталандыру

оқулық

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс

 

20 минут

   Джигсо әдісі

   Мәтінді оқиды

   1 топ. Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы

   2 топ. Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым-салық жүйесі

   3 топ. Мемлекеттің сыртқы жағдайы

Оқушы орындау керек

Мәтінмен жұмыс

Қазақстанның саяси картасымен жұмыс

Бас бармақ арқылы бағалау

Қазақстанның саяси картасы

АКТ

 

5 минут

   Жаңа сабақты ортадағы қаламсап арқылы қорытындылау 

   1-тапсырма.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс ауларуының негізгі себептерін жазыңдар      Бірінші__________________________

Екінші___________________________

   2-тапсырма. Оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі:

   а) Қарақытайлар неліктен Қарахан мемлекетінің басқару жүйесін өзгертпеді?

   ә) Қарақытайлардың ел басқару жүйесіндегі өзіндік ерекшіліктері қандай?

   3-тапсырма. Қарақытайлардың алым-салық жүйесіне сипаттама бер.

   Алым-салық түрлері

 1._____________________

 2._____________________

 3______________________

Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

 

Ауызша мадақтау  арқылы ынталандыру

7 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы

А4 форматтағы түрлі-түсті қағазадар

 

Қорытынды

 

5 минут

Бағалау

Рефлексия жасау

Үйге тапсырма

Оқушы өзін-өзі бағалайды

Рефлексия

Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазу

Бағалау

Рефлексия

«хаттар ұяшығы» оқушылар түсінгенің стикерге жазып тапсырады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер