ШҚО, Зайсан ауданы
«Шекарашы» орта мектебі
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Чажаев Арай Сағымжанұлы
1. Денені шынықтырудың алғашқы қадамы немен шынығудан басталады?
а) сумен
б) кунмен
в) ауамен
г) суықпен
2. Ақыл-ой жұмыстарында қанша уақыт сайын дене шынықтыру жаттығуларымен үзіліс жасап отыру керек.
а) 40-45
б) 25-30
в) 55-60
г) 70-75
3. Физикалық жаттығулар кезінде алған жарақат ықтималдығы қандай жағдайда азаяды?
а) егер, оқушылар өз мүмкідіктерін асыра бағаласа
б) мұғалімнің нұсқауын орындап отырса
в) қозғалыс машықтарын дұрыс меңгергенде
г) өз эмоцияларын басқара алмаса
4. Бекзат Саттарханов қай олимпиаданың чемпионы?
а) Сидней
б) Бейжің
в) Атланта
г) Лондон
5. Дененің бас арқылы аударылып түсуі гимнастикада қалай аталады?
а) акробатика
б) «колесо»
в) тоңқалаң асу (кувырок)
г) сальто жасау
6. «Азияда» қыстық ойындары қай жылы болды?
а) 2000
б) 2005
в) 2011
г) 2012
7. Олимпиада ойындары барысында қарсыласына өте ауыр жара келтірген атлеттерді Эллада төрешілеріне не істеген?
а) жеңімпаз санаған
б) лавр ағашының шыбығымен сабаған
в) батыр деп таныған
г) алаңнан қуылған
8. Төзімділіктің дамуына ықпал ететің жаттығуларды қай уақытта орындау керек.
а) жаттығудың дайындық бөлімінің басында
б) жаттығудың дайындық бөлімінің соңында
в) жаттығудың негізгі бөлімінің ортасында
г) жаттығудың негізгі бөлімінің соңында
9. Қысқа қашықтыққа жүгіруде қандай сөре (старт) түрі қолданылады?
а) жоғары
б) орташа
в) төмен
г) кез келген
10. Биіктікке секіруде қатысушыға неше рет әрекет жасауға мүмкіндік беріледі?
а) әр биіктікте 2 рет
б) әр биіктікте 3 рет
в) әр биіктікте 1 рет
г) әр биіктікте 4 рет.
11. Спорттық жүзуде қай әдісі дыбыссыз, шусыз болып табылады?
а) арқамен құлаштап жүзу
б) кеудемен құлаштап жүзу
в) екі қолды ілгері қарай бірден сермеп кеудемен малту (баттерфляй)
г) судан аяқ пен қолды сәл шығарып жүзу (брасс).
12. Серік Сапиев қай олимпиаданың чемпионы
а) Сидней
б) Бейжің
в) Атланта
г) Лондон
13. «Волейбол» сөзбе сөз ағылшын тілінен қалай деп аударылады?
а) ұшатын доп
б) секіретін доп
в) себет арқылы
г) құбылмалы доп
14. Волейболда алаңның бір жағында неше ойыншы ойнайды?
а) 5
б) 10
в) 6
г) 7
15. Шоқыр Бөлтекұлы деген кім?
а) бокс мектебінің атасы
б) хоккейші
в) спорт комментаторы
г) спорт министрі
16. Ойын кезінде футболист қай дене мүшесімен допты тоқтата алмайды?
а) баспен
б) аяқпен
в) қолмен
г) денемен
17. Олимпиада ойындары қай елде басталды?
а) Ежелгі Грецияда
б) Римде
в) Олимпте
г) Францияда
18. Қатты нәрсеге соғылып, дененің қандай да болмасын жарақат алған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету жасалуы керек?
а) жарақат алған жерге салқын төсеу
б) жарақат алған жерге жылы төсеу
в) дөңгелек салу
г) жарақаттанған жерді йодпен емдеу
19. Жақсылық Үшкемпіров спорттың қай түрімен айналысқан?
а) еркін күрес
ә) бокс
б) грек-рим күресі
в) дзюдо
20. Қай ойын түрінде екі командада 5 ойыншыдан болады?
а) футбол
б) волейбол
в) хоккей
г) баскетбол
21. Мүсін (сымбат) дегеніміз...
а) адамның денесі
б) адамның тік тұрғандағы қалпы
в) мықты денсаулық ықпал ететін омыртқа сапасы
г) омыртқа мен аяқтың серпінділік сипаттамалары
22. Ежелгі грек олимпиадасынаға кім қатысуға құқылы болды?
а) тек бойдақ грек еркектері
б) грек әйелдері мен еркектері
в) тек грек еркектері
г) қатысқысы келгендердің барлығы
23. Кростық жүгіру мен ұзақтыққа жүгірудің айырмашылығы неде?
а) жүгіріс техникасымен
б) жүгіріс жылдамдығымен
в) жүргізу орындарына байланысты
г) қолдың қозғалысына байланысты
24. Дененің икемділігі неге байланысты емес?
а) буындардың анатомиялық құрылымына
б) бой көрсеткіштеріне
в) бұлшықет және байламдардың икемділігіне
г) дене температурасына
25. Циклдық спорт түріне не жатады?
а) күрес, бокс, семсерлесу
б) баскетбол, волейбол, футбол
в) жүру, жүгіру, шаңғы жарысы, жүзу
г) доп диск, балға лақтыру
Дұрыс жауаптар кілті.
Нурбекова Эльвира
16-сұрақта керісінше аяқпен тоқтатпайма допты
Жанарыстан Нұрлан
16 сұрақтың дұрыс жауабы в) қолмен
Макрупбаев Нургиса
16 сұрақтың жауабы дұрыс емес немесе сұрағы дұрыс емес
Тиметов Канат
16 сурак дурыс емес допты аяк.пен емес колмен токтатуга болмайды сауаттсыздардын жауабы гой
chazhaev75
Құрметті оқырмандар, материалды оқып, пікір қалдырғандарыңызға рахмет. 16-сұрақта - Ойын кезінде футболист ұай дене мүшесімен тоқтата АЛМАЙДЫ? деп жазылған. Яғни, допты қай дене мүшесімен тоқтатпайды деген сөз. жауабы: ҚОЛМЕН.
chazhaev75
Құрметті оқырмандар, материалды оқып, пікір қалдырғандарыңызға рахмет. 16-сұрақта - Ойын кезінде футболист ұай дене мүшесімен тоқтата АЛМАЙДЫ? деп жазылған. Яғни, допты қай дене мүшесімен тоқтатпайды деген сөз. жауабы: ҚОЛМЕН.
Баке
16 сурактын жауабы дурыс кои колмен токтата алмаиды ойыншы