Салауатты өмір салтын
(Салауатты өмір салты)
• Өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суық суға шомыл. Ыстық суға шомылсаң, суық сумен нүктесін қой;
• Шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шық, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны ауызыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
• Арақ ішпе, темекі тартпа;
• Аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
• Қоршаған ортаны сүй. Айналаңа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
• Денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
• Бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
• Адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досыңа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
• Жексенбі күні табиғатқа жалаңаяқ шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
• Ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
• Ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
• Іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Бірақ ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
Дайындаған: Дене шынықтыру мұғалімі: Ербол Нархулан.
Қоянды-2017
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі