Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
С.Мәуленов атындағы орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі
Сейтова Мадина Аманышевна
Сыныбы: 11 сынып
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Байланыс арналары. Хаттамалар. Жергілікті желі.
Оқыту мақсаты: Желілік технологияның түрлерін білу. Байланыс арналарымен, хаттамалармен жалпы техникалық құралдарымен танысу. Желілік топологияларды ажырату
Сабақтың тақырыбы: |
Байланыс арналары. Хаттамалар. Жергілікті желі. |
Оқыту мақсаты |
Желілік технологияның түрлерін білу. Байланыс арналарымен, хаттамалармен жалпы техникалық құралдарымен танысу. Желілік топологияларды ажырату |
Жетістік критериилері: |
Топологияның түрлерімен танысады, ажырата біледі. Байланыс арналарының әдістері бойынша жіктелуін ажыратады |
Негізгі идеялар |
Байланыс арналары деп-мәліметтерді қашықтыққа жіберуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды атайды. Әдістері бойынша сандық, аналогтық, кабельдік, телефондық, радио болып бөлінеді. Желілердің түрлері: жергілікті, аймақтық, ғаламдық, корпоративтік. Желілік хаттама-желіге біріктірілген компьютерлерге ақпараттармен алмасуға және қосылуға мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық процедуралар жиыны. Топология-желі компоненттерінің орналасауы. |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады.)
кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ой шақыру |
Өнер білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып –жұмғанша Жылдам хабар алғызды. Балалар бұл кімнің өлеңі және не жөнінде айтылған? |
Жаңа сабақтың тақырыбын ашады. |
Жаңа сабақ |
Байланыс арналары. Хаттамалар. Жергілікті желі |
Тұсаукесерді сыныпқа жариялап қорғайды |
Мағынаны тану |
Топология, wi-fi, клиент-программа, маршрутизатор, хаб, НТТР, сервер-программа, коммутатор, шина, РОР |
Жаңа сабақта кездескен терминдерді анықтайды |
Компьютермен жұмыс |
Топология түрлерін компьютерге сызуға тапсырма беріледі - Информатика кабинетінің топологиясы - Мектептің топологиясы |
Топологияның түрлерін компьютерге сызады. |
Сабақты бекіту |
Ақпараттық диктант(оқушыларға парақшалар беріледі) Байланыс арналары - мәліметтерді қашықтыққа жіберуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар. Байланыс арналары кодтау әдісі бойынша сандық және аналогтық болып бөлінеді. Радио байланыс радиорелелік және жерсеріктік болып бөлінеді. Желідегі жұмысты тездету үшін прокси–сервер пайдаланылады. Желілік хаттама желіге біріктірілген компьютерлерге ақпарат алмасуға және қосылуға мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық процедуралар жиыны |
Тақырып бойынша ақпараттық диктант орындайды. |
Бағалау |
8-12 ұпай- «3» 13-16 ұпай- «4» 17-20 ұпай- «5» |
Оқушылар құрылған критериилер бойынша өздерін бағалайды |
Кері байланыс |
Сұрақтар қобдишасы қойылады. |
Оқушылар бір тілек, бір ұсыныстарын салады. |
критериилер |
дискрипторлар |
||
3 ұпай |
4 ұпай |
5 ұпай |
|
Тұсаукесер /безендірілуі, сауаттылығы, деректер нақтылығы/ |
Дәлелдемелер әлсіз, жазылуында қателер бар /3-4 қате Безендіру қарапайым |
Ойы шашыраңқы, жазылуында /1-2 қате/, тұсаукесер безендірілуі орташа |
Ойы нақты, сауатты жазылған, өте жақсы безендірілген |
Терминдермен жұмыс |
1-2 термин дұрыс |
3-4 термин дұрыс |
Барлығы дұрыс |
Компьютермен жұмыс |
Сызықтары дұрыс үйлеспейді |
Орташа сызылған |
Шебер сызылған |
Ақпараттық диктант |
1-2 сөйлем дұрыс |
3-4 сөйлем дұрыс |
Барлығы дұрыс |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі