Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
"Ертөстік" балабақшасы
Тәрбиеші: Бектаева Алима Абдилдаевна

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Алға Қазақстан « флешмоб»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ке қол жеткізген күніміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
- Бұл мереке баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың мерекесі.

Ведущий: Приветствуем вас на нашем празднике, посвященном 25-летию Независимости Республики Казахстан. - От всей души поздравляем вас с Днем Независимости Республики Казахстан!

-Летопись современного Казахстана начинается с 16 декабря 1991 года. В этот день Казахстан объявил себя Независимым суверенным государством, обретя свою независимость, Казахстан открыл новую веху в своей истории: окреп, достиг больших результатов в своем развитии.

Жүргізуші:

Good morning

Welcome  to  our holiday

25 th aniversary  of  independence  of  the  Republic  of   Kazakstan

Жүргізуші:

Ен даласын егін жапқан.

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім, туған елім

Күн сәулелі- Қазақстан.

Сөз кезегін балабақша меңгерушісі: Тилешова  Зағира Қабылбайқызына беріледі.

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар:(Дария,Нұрым,Гүлім.Нұрай.Амина,Аян.).

Дархан Д:

Зеңгір аспан,көгілдір

Алтын күн төрінде

Тамылжытып,төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге

Нұрым:

Он алтыншы желтоөсан,

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

 Ел жадында қалған күн.

Гүлім:

Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің

 Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп Ананың.

Нұрай :

Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке.

Қазақстан байрағы.

Амина:

Құт береке,шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Аян:

Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала  шағымыз.

Жүргізуші:: 
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Ел қорғауға әзірміз» өленің қабыл алыңыздар.

1.Али:

Салем саған бақшамыз

Салем білім ордасы

Жасыл бақта көктемім

Жастық шақтың ордасы.

2.Нұрхан:

 Арманым жүректе көп менің

Отаным мәңгілік көктемім

Мен үшін мақтаныш әрқашан

Елбасы салдырған бақшамыз.

3. Мейірім:

 Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

4.Арнат:

Нұрсүлтан атамыз нұрланған

Ақындар ақ жолын жырлаған

Ел басын сыйласан жете біл

Өсиет көрсетіп тұр маған.

5.Бейсенқұл Мерей:

Тәуелсіздік менің байтақ Отаным

Қазақстан менің байтақ арманым,

Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы

Тәуелсіздік ақ батасы атаның.

6.Мухамедали:

Естісің ел үніңді

Дүние түгел естісің.

Тәуелсіздік туынды

Биік көтер,Жасұлан.

7.Жазира:

 Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарыңыз жайдары.

8.Адина:

 Тәуелсіздік баға жетпес,бағымыз

Ең қымбатты да бәріміз

Тәуелсіздік білектегі әліміз

Тәуелсіздік жүректегі әніміз.

Ведущий:

О, Казахстан , любимый сердцу край

Здесь ни один поэт свой след оставил.

Сияния гор, воспел Абай,

Простор степей Джамбул прославил.

Здесь реки горные светлей слезы,

Цветы и травы солнцем налитые

О них нам прозвенел Курмангазы

Вплетая в струны кюи золотые.

Жүргізуші: Ал кезекті балалардың  тақпақтарына берейік:   (Дария, Рамиль, Мухамедали.Нұрым.)

Дария:

Моя земля!

Мой Казахстан!

Люблю твои просторы

Твои холмы и горы!

Рамиль:

Казахстан это имя страны

Казахстан Это имя Свободы,

Казахстан это крылья побед.

Мухамедали:

Цвети же наша Родина

Любимая страна

На всей земле огромной

Такая ты одна.

Нұрым:

 Казахстан земля родная

Очень любим мы тебя

Это Родина моя!

Жүргізуші:

 Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Жүргізуші: «Жұлдыз» триосының орындауында « Бұлқынды жүрек әнін»қабыл алыңыздар.(Адина,Жазира Айару Орынбасар).

Жүргізуші:

Тәуелді болған өткен күн

Тәуелсіздік алғанбыз

Бар тұсауын шешкен күн,

Бостандықпен қалғанбыз.

Еркіндік бойға тараған,

Тәуелсіз болды сан адам.

Бостандыққа жеткізген,

Он алтыншы желтоқсан.

Хор: 16 желтоқсан.

 

Жүргізуші: Ал кезекті балалардың тақпақтарына берейік:(Айару Жылыс,Т.Мерей, Рамиль,Акжүрек, Орынбасар Айару)

Жылыс Айару:

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары.

Т.Мерей:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Рамиль:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай.

Бізді өсірер аялап.

 

Акжүрек:

Отан деген-атамекен

Отан  деген –туған жер

Отан-ана,Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел.

Орынбасар Айару:

Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз,

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отанның аясында

Жадырайды жанымыз.

Ведущий:

Как хорошо тебе и мне,

Мы родились в такой стране

Где люди все одна семья

Куда ни глянь кругом друзья

 

Жүргізуші:Біздің бүлдіршіндеріміздің ағылшын тілінде  тақпақтарын  тыңдарыңыздар.(Дария,Арнат,Адина).

Дария :

Kazakhstan  the native land

Very because we love you

See, mountains, dal stepp

This  is my Motherland

Адина:

 How great is my land

How wide  it prostory

Lakes rivers  and fealds

Forest steep and mountains

Арнат:

 Kazakhstan my Motherland

Very we love you

The see, the mountains, the Distanse Stepnaya

This is my Motherland

Арнат:

My hearts in the Highlands

My  hearts is not here

My hearts  in the Highlands, f chasing the dear.

 

 Жүргізуші:

   Ұлы өнерді халқымыздан үйренген,

  Жүректерді күмбірлетіп күйменен.

  Қыздарымыз қызғалдақтай қырмызы,

  Мың бұрала  «Қазақ» биін  билеген.

 

Жүргізуші:  Жәнібек Жазираның орындауында«Мен қазақтың қызымын әнің»қарсы алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде!

Өзіңдікі Туың да, От пен Ауа, Суың да

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем, буын да!

Жүргізуші:  Назарларыңызға «Батыр биі», «Жұлдыз»тобының бишілерін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:Тәуелсіздік таң нұрысын арайлы

Бабалардың арманысын талайғы

Ғасырлардың құшағында ер жеттің

Халқым сені  өз бақыты санайды.

Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әрбір  таңы деп, тек қуанышпен жақсылыққа толы болсын.Тәуелсіздік мемлекетімізге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Нұрхан: Қазақстан жасасын.

Мерей:  Күніміз әрқашан жарық болсын.

Мухамедали : Деніміз сау болсын.

Жазира  :  Еліміз тыныш болсын.

Жүргізуші: Балалар міне біз әлемдегі жершарына өзіміздің Қазақстан мемлекетін орнатып ,өздерінің жылы лебіздерінді білдіріп жатырсыңдар.Қазақстан елі қашанда көркейіп бақытты да байлы болсын!

Жүргізуші:    Ал енді мен көрермендермен қызықты ойын ойнаймын.

Ойын «Қол шатыр»  музыка арқылы билеп жүріп музыка тоқтаған кезде шатырдың астына отыру керек,кімде кім отыра алмаса ойыннан шығады.

Жүргізуші :

Туған жер-алтын бесігім,

Туған жер-алтын ұя есігім

Неткен байтақ қазақ жері кең еді,

Жетпес оған еш ақынның теңеуі.

Хор:Атамекен.

Жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ке қол жеткізген күніміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз