Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының
информатика пәні мұғалімі
Казбекова Айман Темиркуловна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Информатика
Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары
Мақсаты: Компьютердің енгізу құрылғысы пернетақтаның пернелері туралы әңгімелеу. Enter енгізу пернесінің қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Компьютер құрылғыларының суреттері, қосымша құрылғыларының суреттері
| 
			 Іс-әрекет кезендері  | 
			
			 Мұғалімнің іс-әрекеті  | 
			
			 Балалардың іс-әрекеті  | 
		
| 
			 Мотивациялық- қозғаушы  | 
			
			 Балалармен амандасу. Қауіпсіздік техникасын, компьютер құрылғыларының атқаратын қызметтерін сұрау.  | 
			
			 Амандасады. Қауіпсіздік техникасын, компьютер құрылғыларын айтады  | 
		
| 
			 
 Іздену – ұйымдастырушы 
  | 
			
			 Компьютердің қосымша құрылғылары: принтер, сканер, колонка. Принтер-мәтін мен суреттерді қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің түрлері болады. Түрлі-түсті принтер бұл принтер суреттер шығарады. Сканер-электронды механикалық құрылғы. Мәтіндерді немесе суреттерді енгізу құрылғысы. Колонка- /дыбыс шығарғыш/ бұл құрылғы ән тыңдауға, видеолар көруге қажет болады яғни дауысын шығарады. М.Монтессори әдісінің элементі. «Геометриялық пішіндерден бейне жасау» Денсаулық сақтау технологиясының элементі. Видеодан көрген дене жаттығуларын қайталап орындау.  | 
			
			 Мұғалімнің компьютердің қосымша құрылғылары туралы айтқан мәлеметтерін тыңдайды. 
 
 
 
 М.Монтессори әдісінің элементі. «Геометриялық пішіндерден бейне жасау» Денсаулық сақтау технологиясының элементі. Экраннан көргендерін қайталап жасайды.  | 
		
| 
			 Рефлексивті коррекциялаушы  | 
			
			 Оқу қызметін қорытындылау мақсатында сұрақтар қою. Балаларды мадақтау, бағалау.  | 
			
			 Сұрақтарға жауап береді. Оқу қызметінен алған әсерлерін бөліседі. Бір-бірін мадақтап қол соғады.  | 
		
Күтілетін нәтиже:.
Білуі керек: Компьютердің қосымша құрылғыларын білуі.
Болуы керек: Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылық.
Қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере алуы. Денсаулық сақтау технологиясының элементтерін меңгеруі.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі