Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайы педагог-психолог
Кентанова Ляззат Куанышкалиевна
Тобы: №6 топ
Тақырыбы: Эмоциялар мен сезімдер
Мақсаты: Балалардың түрлі эмоциялары мен сезімдерін дамыту. Қоршаған ортаға сенім мен тілектестік, түсіністік сезімдерін қалыптастыру. Балалардың бойындағы қорқыныш, мазасыздану, үрей сезімдерінен арылуға көмек көрсету.
Керекті құралдар: АҚТ, музыка, айналар, сыйлықтар.
Сәлемдесу.
Психолог балалармен шеңберге тұрады.
- Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Қараңыздаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті. Алдымен қонақтарға амандасайық, ал енді бір-бірімізбен амандасайық. Бүгін біз дәстүрден тыс, ерекше амандасайық. Бірінші қолымызбен, енді басымызбен, ал енді арқамызбен және иықтарымызбен. Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық. Балалар орындарына отырады.
- Балалар біз бүгін Перизаттың қал-жағдайын, тұрмысын білуге қонаққа барамыз. Ол бізге сыйлықтар дайындап қойыпты. Бірақ ол үшін, біз алдымен ғажайып сөздерді айтуымыз қажет. «Перизаттай сұлуға, келдік біздер қонаққа» деп қайталаймыз балалар. АҚТ-дан слайд көрсетіледі, Перизаттың ормандағы үйі, сиқырлы музыка.
- Балалар, қараңыздаршы, бұл үйде ешкім жоқ екен. Перизатты көруіміз үшін, біз алдымен ашық хатты оқуымыз керек екен. Хатты ашып, ішіндегі тапсырманы оқиды. Балалар бұл жай хат емес екен, мұнда бізге арналған тапсырма бар екен. Қане тапсырманы орындайық, бізге берілген тапсырмада былай делінген: Сезімдер мен эмоцияларды ата. Хаттың ішінен түрлі эмоция шығады, балалар оның қандай эмоция екенін айтып, өздері көрсетеді.
- Балалар қараңыздаршы, бұл қандай эмоция?
- Дұрыс айтасыздар, бұл таң қалу эмоциясы. Ал енді алдымыздағы айнаға қарап, өзіміз таң қалу эмоциясын көрсетейікші. Балалардың алдында айна тұрады. Әр адамның таң қалуы әр түрлі екен балалар, әркім әр түрлі таң қалады.
- Ал бұл қандай эмоция?
- Ия, жарайсыңдар балалар, бұл ашулану эмоциясы. Енді ашуланғанда қалай ашуланатымызды байқайықшы. «Мен не үшін ашуланамын?» деген сұраққа жауап берейік. Әдетте, мен...
- Ал ашулы адамның ашуын тарқату үшін не істеу керек балалар?
Қазір ойын ойнайық. Ойынның аты «Жұбаныш». Ортаға Санжарды шақырып, оның ашуын тарқату үшін біз бір-бірден шығып, жұбату сөздерін айтайық. Ойын ойнайды. Ойын ойналғаннан соң, балалар орындарына отырады, жай әуен қосылады.
- Балалар ашулы болған кезде, ашуымызды тарқату үшін мынадай кеңестер беремін, мұқият тыңдаймыз: көңілді ән айтуға болады, жай әуен тыңдауға болады немесе жұмсақ доппен ойнауға болады, үйде тұрған отбасылық альбомдарға қарап, бақытты сәттерімізді еске алуға болады, немесе ақ парақты алып, өзіміздің қалаған түсімізбен кез келген сурет салуға болады. Бұл әрекеттер сіздерге ашуыңызды тарқатуға көмектеседі.
- Келесі суретті ашып қарайық. Бұл қандай сезім? Ия балалар, мұңаю сезімі. Біз мұңайғанда не істейміз балалар? Көңіл-күйіміз қандай болады? Қане ендеше бәріміз сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту жаттығуы орындалады. АҚТ-дан көрсетіліп, балалар қимылды орындайды.
- Ал енді, келесі тапсырма, бұл қандай эмоция?
- Дұрыс айтасыңыздар, балалар. Бұл қорқыныш эмоциясы. Біз неден қорқамыз балалар? Қорқыныштың пайдасы бар ма?
• Әрине қорқыныштың тек зияны емес, пайдасы да бар балалар. Мысалы, біз көп қабатты үйдің терезесінен қарауға қорқамыз ия? Бұл дұрыс әрекет, себебі қарауға болмайды, біз ары қарай ұшып кетуіміз мүмкін. Жолдан өтуге қорықпасақ, бізді көлік қағып кетуі мүмкін. Үйге кез келген адамды кіргізуге қорқамыз ия, себебі үйге ұрылар кіріп кетуі мүмкін. Міне балалар, қорқыныштың да пайдасы бар екен. Бірақ болмашы нәрсеге қорқа беруге де болмайды. Біз өзіміздің қорқынышымызды жеңбесек, ауырып қалуымыз мүмкін, өмірде көп нәрседен құр қаламыз, қызықты нәрселерден, жаңа танысулардан, т.с.с.
• Соңғы суретімізді ашып қарайық, бұл қандай сезім?Дұрыс айтасыздар балалар, бұл қуаныш сезімі. Біз қандай жағдайларда қуанышты сезімде боламыз?
• Жарайсыңдар балалар, біз барлық тапсырманы дұрыс орындадық, ал енді біз Перизатты көре аламыз. АҚТ-дан Перизат көрсетіледі
Перизат: Сәлеметсіздер ме балалар, сіз барлық сыннан сүрінбей өттіңіз, сіздерге өте ризамын, мені көруге келгендеріңізді, сыйлық алуға келгендеріңізді білемін, менің халім өте жақсы, өздеріңіз қалайсыздар? Көңіл-күйіңіз қалай? Балалардың жауаптары. Рахмет, балалар, менің сіздерге дайындаған сыйымды қабыл алыңыздар. Сау болыңыздар! Психолог балаларға таратып береді. Балалар сыйлықтарын үстелге қойып, шеңберге тұрады.
- Балалар, біз тапсырмаларды орындадық, сыйлықты алдық, ал енді көзімізді жұмып, тыныштық сәтін орындайық. Жай музыка қосылады. Өзімізіді аспанда, бұлттардың ортасында жүрміз деп елестетейік. Терең демалып, тынысымызды кеңейтеміз. Біз өте бақыттымыз, жай қадамдарымызбен бұлттарға көтеріліп келе жатьырмыз. Көңіл-күйіміз көтеріңкі, жайдары, ауа-райы да тамаша. Аппақ бұлттардың ортасында біз қалғып жүрміз. Ал енді балалар, жерге түсіп, көзімізді ашайық. Бүгінгі тренинг сізге ұнады ма балалар? Балалардың жауаптары. Рахмет сізге балалар, осымен тренинг аяқталды. Орындарымызға отырайық.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі