Өлең, жыр, ақындар

Күшіктің үйшігін саламыз

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Каримова Карилгаш Хайдаровна

 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Күшіктің үйшігін саламыз»

Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстыру,оның сүйкімділігін, әдемілігін сезінуге үйрету. Балаларды күшік  туралы әңгімелету, тақпақтар айтқызып тілдерін дамыту. Түзу сызықтарды дұрыс бояй білу дағдыларын қалыптастыру.Бояу түсін таңдай білу,сурет салуға қызығушылығын арттыру.Балаларды қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар:Күшіктің үйшігінің үлгісі.

Құрал-жабдықтар: сурет дәптері,бояу,қылқалам,су,сүлгі,қарындаш.

Сөздік жұмыс:  Күшіктің үйшігі,қамқор болайық

 

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылқ

Шаттық шеңбер

Кел, балалар күлейік,

Күліменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрелік.

 

Педагог балалардан қыс туралы әңгімелету.

Қыс туралы тақпақтар айтқызу.

 

«Қыс»

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.   

 

 «Жаңа жыл»

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.  

 

 

 

Балалар шеңбер жасап тұрып,шаттық шеңберін жақсы орындады.

 

 

 

 

 

 

Қыс   туралы тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйренді.

                                                                  

Ұйыдастырушылық-ізденістік

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

 

Адамға серік,

Күзетке берік.        (Ит)

 

Күшік туралы тақпақтар айтқызу.

 

Мен күшікпін ақ күшік,

Қырағыда,сақ күшік.

Түні бойы жатпаймын,

Қоралы малды сақтаймын.

 

Күшігім менің үріп тұр,

Бір нәрсені сезіп тұр.

Есікті ашып қарасам,

Атам,әжем келіп тұр.

 

Педагог балаларға тақтада ілініп тұрған ит,күшіктер туралы әңгімелейді.

- Балалар, бұл не?

-Бұл кішкентай әдемі,сүйкімді күшіктер. Олар біздердің ауламызда жүріп,күзетеді

 -Балалар күшік ашуланса қайтеді?
-Бірдеңені сезіп қалса не істейді?
-Қатты жүгіргенде қайтеді?
Күшік қалай демалып жатады? Оларда адамдар сияқты жылы орын керек, сондықтан бүгінгі тақырыбымыз осы ит,күшікке байланысты екен.

 -Қалай ойлайсыздар күшікке не үшін үйшік керек?(балалардың жауабы)

Таңғажайып сәт

 -Балалар бізге электронды поштамызға хат келіп тұр,соны ашып тыңдап көрейік.

Ведеоны көріп болған соң,балалардан сұрау.

-Балалар ағылшын тілінің апайы Айгүл Асқарқызы бізден  күшігіне үйшік керек екендігін айтып көмек сұрап отыр, көмектесеміз бе?

-Ендеше мен сіздерге күшіктің үйшігін қалай салу керектігін түсіндірейін.

Енді жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Алдарыңыздағы суреттерге қарап өз күшіктеріңізге үйшік салыңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, жарты дөңгелек)Балалар салған пішіндерін өздері қалаған түстерімен бояйды.
 

Жұмыстары таза ,ұқыпты ұстаулары қадағаланады.

 

 Балалар педагогтың әңгімесін дұрыс тыңдады.

Балалар ведеодағы күшікті  көріп, таң қалады.

Күшікпен жақсы танысады.

 Сұрақтарға жауап береді.

Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.

 

 

  Балалар геометриалық пішіндерден күшікке үйшік салады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау. Педагог балаларға алғыстарын айтады. Мақтау, мадақтау.

Балалардың суреттері жақсы салынған.

Күтілетін нәтиже:

Білу: жануарлар туралы түсініктерін білу;
Игеру: күшікті тану, оның түр, тұлғасын игеру.
Меңгеру: иттің үйшігі туралы, оны жасай білу жолдарын меңгеру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз