Өлең, жыр, ақындар

Біздің ойыншығымыз

Алматы облысы, Алакөл ауданы
МКҚК №2 "Қуаныш" балабақшасының
тәрбиешісі: Алжанбаева Әйгерім Жолданқызы

Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация                                

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: " Біздің ойыншығымыз".

Мақсаты: а) Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

 б) Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқаша әңгіме құрау дағдыларын дамыту.

в) Үлкендердің еңбегін бағалап, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ойыншықтар,ДВД.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Ойыншықтар

Билингвальды компанент: Ойыцншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, көлік-машина

Оқу іс–әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық -қозғаушылық

Балалар бүгінгі біздің оқу құзыретіміз ерекше болайын деп тұр. Өйткені бізге қонақтар келді. Кәне бәріміз апайлармен амандасайықшы.

Ал енді бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасайық.

Біз ұқыпты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Ойыншықтарды жинаймыз

Үлкендерді сыйлаймыз

- Сәлеметсіздерме.

 

 

 

 

-балалар тәрбиешімен бірге қайталайды

Ұйымдастырушылық – ізденістік

 Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?

  

Күз мезгілінің неше айы бар?

Кәне атап жиберіңдерші

 

 

 

Қазір күздің қай айы?

 

Бүгін ауа-райы қандай болып тұр?

Дұрыс айтасыңдар балалар. Мен сендерге жұмбақ жасырам.

Жұмбақ:

Аяғы бар жүрмейді

Ауызы бар күлмейді

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

 

Суға саласаң батпайды

Түскен жерге жатпайды

Олай болса балалар бүгінгі біздің өтетін ашық оқу құзыретіміздің тақырыбы: "Біздің ойыншығымыз" деп аталады. Сендер ойыншық деген сөзді балабақшада күнде естисіңдер ия

Қандай ойыншықтарды білесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы.: ағаштан, темірден, резеңкеден, пластмассадан,матадан жасалады.

Ал бәріміз тақтаға қарайықшы. Суреттен қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?

Ғажайып сәт:

Музыка ойнап тұрады. Есікті біреу қағады. Балалар тыңдайықшы есікті біреу қағып тұр.

Шах кіреді. Қолында сиқырлы сандықшасы бар.Балалармен амандасады: Сәлеметсіңдерме балалар!

Шах:Балалар мен сендерге мына сиқырлы сандықшамды алып келдім. Оның ішінде сиқырлы ойыншықтар бар. Ортаға қолдарыңды көтріп бір-бірден шығып,сандықшаның ішінен қалаған ойыншықтарыңды таңдап аласыңдар. Ол ойыншықтардың артында тапсырмалар жазылып тұр. Сендер сол тапсырмаларға дұрыс жауап берсеңдер сол ойыншықты сиға тартам.

-Күз

 

-үш

-қыркүйек, қазан, қараша

 

 

-қараша

-суық

 

 

 

 

 

 

-(қуыршақ)

 

 

-(доп)

 

 

 

-ия

 

-көлік, қуыршақ, ыдыс-аяқтар, аю,қоян т.б.

 

 

 

 

-күшік, қонжық, тікұшақ, қуыршақ, көлік

 

 

-сәлеметсізбе

 

 

-балалар ортаға келіп ойыншықтардың біреуін таңдайды да, тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

 Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

 

Дидактикалық ойын: "Екінші жартысын тап".

Тәрбиеші құрастырғышқа жапсырылған әр түрлі ойыншықтарды береді.

 

 

 

Дидактикалық ойын: "Не артық?" Интерактивті тақтамен жұмыс.

 

 

Ал кім ойыншық туралы тақпақ біледі?

 

 

Балалар бәріміз қайталайықшы :ойыцншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, көлік-машина

Балаларды мадақтау.

Ән: "Кір қуыршақ". Ахмет Зейнептің орындауында

-Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

  

 

 

-балалар ойыншықтарды құрастырып шығарады.

 

 

-балалар қай сурет артық екенін айтады.

 

 

 

 

Нұрбек:

Досым маған ойыншық

Машинасын сыйлады

Бірақ оның ішіне

Саусағым да сыймайды.

 

Аяулым:

Ала добым аямай

Ұрсам жерге өршиді

Шығып кетіп қолымнан

Паналады көрші үйді

 

-балалар тәрбиешімен біргеге қайталайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ойыншықтардың ататтарын атап, ойыншық тұратын шкафқа жинады;

Түсінеді: ойыншықтарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: сұрақ – жауап арқылы диалогпен сөйлеуді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз