Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Бекова Гульфайруз Бекқызы
ұйымдастырылған қорытынды оқу қызметі
Сабақ тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»
Сабақ мақсаты:
1. Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.
2. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
3. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Дамытушылығы: Ойлау қабілетін дамыту. Ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жеті қазына бейнеленген сурет.
Жаңа сөздер: Салмақты, мадақтады, аластатыңдар, жағымпаздана.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, қарапайым математика, валеология.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан
Армысың жер ана
Армысың достарым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос.
Балалармен амандасып, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Өткен сабақта балалар біз «Көшедегі көліктер» туралы білдік.
- Қандай көлік түрлері бар екен?
- Нан таситын,жедел жәрдем, өрт сөндіруші, қар күрейтін көлік.
- Жақсы балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
1. Тас жолда жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр. (поезд)
2. Жүйткіген дәу үйіңді
Жүйрік деп ел сүйінді.(автобус.).
Сонымен бірге балалар Әуе көлігіде болады екен, тік ұшақтың түрлері, ұшақтың түрлері, әуе шары, зымыран.
Тағы да балалар су көлігі де бар. Оларға: кеме, пароход, қайық, жатады.
Балалар сендерге тапсырма берілген суретте не артық? (автобус, бүркіт, трамвай, тролейбус, газель, такси).
Жаңа сабақ:
1. Кіріспе бөлім.
Балалар біздің бүгінгі оқу қызметімізде математика әлемінен 7-бала қонаққа келіп отыр. Балалар 7-саны тақ сан қатарына жатама әлде жұп сан қатарына жата ма?
- Кәне 1 санынан 10 сан аралығына дейін кім тақ және кім жұп сандарын ажыратып береді. (балаларды тыңдау).
7-саны тақ сан екен. Яғни қазақ халқында 7-санын киелі деп есептеген. Неліктен киелі екеніне мысал келтірейік.
Мысалы: (7-ата, 7-шелпек, 7-қазына,7-күн)
Олай болса балалар бүгінгі жаңа сабағымыз «Жеті қазынаның бірі»
1. Ертегіні мәнерлеп оқу.
2. Сөздік жұмыс.
Мадақтау - біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу.
Аластау - біреуді ығыстыру, қуып тастау.
Жағымпаздана - жағыну жарамсақтану, жолбақтау.
3. Сұрақ жауап арқылы ертегінің мазмұнын ашу.
- Аң патшасы Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?
- Аңдар қалай жауап берді?
- Арыстан неге ашуланды?
- Ит Арыстанға не деп жауап берді?
- «Дүниедегі қайратты әрі ақылды да тек-адамзат» деп жауап берді ит.
- Иә, балалар қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды.
- Балалар ертегіге қандай кейіпкерлер қатысты?
1. Арыстан
2. Түлкі
3. Жолбарыс
4. Ит
5. Аю
6. Қоян
7. Қасқыр
Балалар Арыстан, сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
А- дауысты, жуан
Р-дауыссыз
Ы-дауысты, жуан
С-дауыссыз
Т-дауыссыз
А-дауысты
Н-дауыссыз
Өте жақсы балалар енді түлкі сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.
Т-дауыссыз
Ү-дауысты жіңішке дауысты
Л-дауыссыз
К-дауыссыз
І-дауысты.
(балалар белгі бойынша көрсетеді)
Балалар кәзір ойын ойнайықшы. Ойынның аты: «Жоғалған буын»
А-рыс-тан
Түл-кі
Қас-қыр
Жол-ба-рыс
Қо-ян
Қақ-пан.
-Иә балалар бүгінгі жаңа сабағымыздағы ертегі қалай аталады екен?
«Жеті қазынаның бірі»
- Жарайсыңдар, балалар олай болса жеті қазынаға нелер жатады екен?
1. Жүйрік ат
2. Құмай тазы
3. Қыран құс
4. Берен мылтық
5. Қақпан
6. Өткір пышақ
7. Балық аулайтын ау немесе тор
Балалар осы берілген суреттің артқы бетінде сендерге бірнеше тапсырмалар бар екен соларды бірге орындайық.
1-тапсырма: Ат
1-ден 20-санына дейін тура және кері сана.
2-тапсырма: Қумай тазы.
1-ден 20 санына дейін тақ және жұп сандарын ата.
3-тапсырма: Қыран бүркіт.
Геометриялық фигураларды ата.
4-тапсырма: Бөрен мылтық.
Өрнектің мәнін тап.
2+4= 7-2=
3+5= 4-4=
1+6= 8-4=
5-тапсырма: Қақпан.
Аулада – 3 қаз жайылып жүр.
Оған – 4 тауық қосылды.
Барлығы қанша болды?
6-тапсырма: Өткір пышақ.
Мына сандарға артық, кем, тең таңбаларын қой.
7 9 5 5
8 7 1 9
4 3 7 7
7-тапсырма: Майланғыш ау.
Қалып қойған сандарды тап.
1 |
|
3 |
|
6 |
7 |
|
9 |
10 |
Дидактикалық ойын «Ойымды жалғастыр»
Балалар сабағымызды қорытындылай келе бүгін біз қандай ертегімен таныстық?
«Жеті қазынаның бірі»
-Иә
Жеті қазынаға нелер жатады екен?
Слайд.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау Мадақтау.
1 |
|
3 |
|
6 |
7 |
|
9 |
10 |
|
|
Қоян – Бөлтірік
Аю – Көжек
Түлкі – Қонжық
Қасқыр – Алан
Киік – Құралай
7 9 5 5
8 7 1 9
4 3 7 7
Аулада – 3 қаз жайылып жүр.
Оған – 4 тауық қосылды.
Барлығы қанша болды?
2+4= 7-2=
3+5= 4-4=
1+6= 8-4=
1-ден 20 санына дейін тақ және жұп сандарын ата
1-ден 20-санына дейін тура және кері сана.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі