Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Менкеева Мирагуль Аманкосовна
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: "Астанам" Т. Жексенбай
Сабақтың мақсаты: 1. Астана туралы мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету.
2. Қазақстан Республикасы туралы ойларын бекіту. Сөздік қорлары мен ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қазақстан Республикасын сүюге, Отанының патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карта.
I. Ұйымдастыру.
II. Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым.
Сендерді көрсем қуанам.
- Ендеше жақсы көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
"Отан" М. Хакімжанова жатқа сұрау.
"Отан" Б. Ысқақовтың өлеңін 2 тармақтан оқу.
- Осы өлең қай қалаға арналған? Астана қаласына арналған өлең. Астана еліміздің жүрегі, мақтанышы (картадан көрсету).
- Біздің сыныбызға ел басы сыйлық беріп жіберіпті. Ол не екенін білу үшін бүгінгі сабаққа жақсы қатысуымыз керек. Тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек:
- Құрастыру ойнын ойнау арқылы Астана қаласының символын құрап шығарамыз. Ол үшін тапсырмаларға дұрыс жауап беруіміз керек.
- Қандай геометриялық фигура?
- Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Қазақстан Республикасын кім басқарады?
- Қазақстан Республикасының президенті кім? Қай қалада тұрады?
- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан қандай мереке?
Тәуелсіздік дегеніміз – еліміздің өз шекарасы, өз жері, өзіміздің рәмізіміз, өз астанамыз бар деген сөз екен. Қане барлығымыз тақтаға қарайық. (слайд бойынше Астана қаласына шолу жасау).
IV. Жаңа сабақ.
- суреттен не көрдіңдер?
- Ендеше бүгін Тұрдақын Жексенбайдың "Астанам" өлеңін оқимыз. Т. Жексенбай 1938 жылы Қытайдың Іле аймағы, Текес ауданы, Шолақмыс деген елді мекенде туған. Астана қаласы өте әсем, жас қала. Астанада Ақ Орда, Бәйтерек, әсем үйлер, әдемі фонтандар бар.
- Сендер қандай қалаларды білесіңдер?
- Оларды неліктен біздің Астанамыз деп айтпаймыз?
Астанамыз басқа қалалардан ерекшелігі онда барлық мекеме орталығы, үкімет үйлері, Елбасы отырып басқарады. Ақ Орда осы Астана қаласында. Астана қаласының бұрынғы аты – Ақмола деп аталды. 1997жылы Ақмола қаласы астана болып жарияланды. Ал 1998 жылы мамырда Астана қаласы болып өзгертілді.
V. Оқулықпен жұмыс.
"Астанам" өлеңін мәнерлеп оқу.
- тармақтай оқу, шумақтап оқу.
VI. Сөздікпен жұмыс.
төрінде – құрметті орын,
өрінде – ылдиға қарама-қарсы тіктей келген биіктік,
Сарыарқа – орталық Қазақстанның даласы
өлеңін мазмұнын түсіндіру.
Картадан көрсету.
VII. Шығармашылық жұмыс:
Ас ә қ
та с а
на е л
м а
Сөйлемді оқу. Дыбыстық талдау жасау.
- Жаңаөзен қандай қала? Мұнайшылар қаласы.
Астана – бас қала. Ақтау облыс орталығы болса, Астана Республика орталығы.
Жаңаөзен қаласының әкімі кім?
VIII. Дәптермен жұмыс.
Қалып қойған өлең жолдарын тауып, қойып жазу.
Отанымның __________,
____________ өрінде.
___ ұстаған Астанам –
Әсем ______, бас қалам.
- Ендеше барлығымыз әдемі, таза, қатесіз осы шумақтың соңғы екі тармағын көшіріп жазайық.
IX. Қорытындылау:
Астана қаласы бұрын қалай аталған? Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
- Астана Отанымыздың несі?
- Міне, балалар өз білімдерімізді көрсете отырып, еліміздің әсем қаласы Астананың мақтанышы, символы – бәйтеректі құрап шықтық. Білімнің арқасында бәйтеректің шыңына жеттік. Ол жерде әр адам елбасымыздың алақаны тұрған жерге өз алақандарын қойып арман-тілектерін тілейді. Сыйлықты енді ашуға болады.
- Бізде бүгін шыңға жеттік. Оң қолымызды жүрегімізге қойып ән ұранды орындайық.
Х. Мадақтау.
XI. Үй тапсырмасы: "Астанам" жаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі