Батыс Қазақстан обылысы, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасының
технология пәнінің мұғалімі: Куанышкалиева Назым Сансызбаевна
Сабақтың тақырыбы: Бақа жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қағаздан құрастырып қию тәсілдері арқылы қозғалмалы бақа жасап үйрену.
Дамытушылығы: Қол икемділігін дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, ойлау, қабылдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жұмыс барысында өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға баулып, алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық жұмыс.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойландыру, көрсету, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Жаңа ақпарат құралдары, суреттер, плакаттар, еңбек қауіпсіздік ережелері, слайдтар топтамасы, қажетті құрал-саймандар, дайын бұйым.
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: Моншақ, түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, түйме, бау, желім, қайшы, карандаш, біз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Кезекшілерді тыңдау. Оқу құралдарын тексеру
Б) Сыныптың сабаққа дайындықтарын тексеру
Г) Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау. Ертегі еліне саяхат
Жаңа сабақ бастамас бұрын интерактивті тақтадан бақа мен ханзада ертегісінен үзінді көрсетемін. Ал, қане балалар, қандай ертегіні көрдік?
Кім айтады, білесіздер ме? (оқушылардан ертегіні сұраймын).
Балалар ертегіні бәріміз де жақсы білеміз екен. Балалар сіздер теледидардан қуыршақ театрын көріп жүрсіздер, бәріміз де білеміз. Онда қуыршақтардың әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің аяқ-қолын қозғалтып билейтіні, ойнайтыны, өлең айтатыны бізге қатты ұнайды. Ал ондай аяқ-қолы қозғалатын ойыншықтарды жасау түк те қиын емес. Ендеше осы ертегінің кейіпкері аяқ-қолы қозғалатын құрбақаны жасап үйренеміз.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Жасыл түсті қатырма қағаз бетіне үлгі қалыпты пайдаланып, құрбақаның кеудесін, аяғын, қолын бастырып сызамыз да қиямыз.
2. Құрбақаның көзін, тәжін, аузын түрлі-түсті қағаздардан, құрсағын, екі ұртын ақ қағаздан қиып алып, орындарына желімдейміз.
3. Әлі біріктірілмеген аяқтарын, қолдарын бір-бірімен жеке-жеке баумен біріктіріп түйіндеп байлаймыз.
1. Аяқтарын, қолдарын, денесіне біріктіретін жерді бізбен тесеміз. Бізбен тесілген төрт жерге бет жағынан кішкентай ақ түймелер қоямыз.Ол арқылы жез сым өткізіп, аяқтары мен қолдарын денесіне бекітеміз.
2. Құрбақаның артқы жағынан бүктеліп, ұшына моншақ бекітілген бауларды аяқтарына, қолдарына байланған баудың ортасынан жеке-жеке ілмектеп бекітеміз.
3. Ертегі кейіпкерін жіптерінен тартып, аяқ-қолдарының қимыл-қозғалыстарын тексереміз.
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: моншақ, түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, түйме, бау, желім, қайшы, карандаш, біз, сары сым.
Балалар бәріміз де жаңа сабаққа түсіндік пе? Енді қазір сарамандық жұмысқа кірісеміз. Жұмысымызды бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережені есімізге түсірейік.
Артық болмас білгенің!
- Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
- Қайшыны біреуге берерде жабық күйінде бер.
- Қайшыны ұсынар кезде сақинасын алдына келтіріп, жүзін жинап беру керек.
- Жұмыс біткен соң қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.
- Бізбен жұмыс істегенде қолыңа кіргізіп алудан сақтан.
- Моншақты, ілгекті аузыңа салма.
Ендеше іске сәт!
Жұмысты таза ұқыпты орындауларын қадағалап, қараймын.
Жасаған жұмыстарды тақтадағы суретке орналастыру.
Бағдаршам
Көңіл- күйің қандай?
Қызыл түс-сабақ маған қызықтырған жоқ.
Сары түс- көңілді өтті, түсінбеген тұстарым болды
Жасыл түс-* қызықты өтті, көңілім көтерілді.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Балалар қазір бізден бақа ханзада көмек сұрап тұр. Сиқырланған бақа сарайға баратын жолды білмей тұр. Ендеше сол жолды көрсетіп, кездескен кедергілерден көмектесіп жіберейік. Қане балалар сиқырлы бақаға көмектесеміз бе?
1) Бақаны жасағанда қандай бөліктер болды?
2) Бақа қайда тіршілік етеді?
3) Осы бақаны жасағанда қандай техникалық қауіпсіз ережені еске сақтадыңыздар.
4) Құрбақаның аяқ-қолын қалай қозғалттық.
V. Бағалау
Бағалау крийтериясы
- Үй тапсырмасы - 2 ұпай
- Ертегіні түсінуі немесе сұраққа жауап -1 ұпай
- Сарамандық жұмысқа - 2 ұпай
- Сарамандық жұмыс кезінде ережені сақтауы - 1 ұпай
2 ұпайға- 3
3-4 ұпайға-4
5-6 ұпайға-5
№ |
Аты-жөні |
|
|
|
|
1 |
Абат Шерхан |
|
|
|
|
2 |
Айбар Алмат |
|
|
|
|
3 |
Айдарбек Фатима |
|
|
|
|
4 |
Ғалым Гүлзия |
|
|
|
|
5 |
Ғалымжан Аружан |
|
|
|
|
6 |
Еділбай Асылхан |
|
|
|
|
7 |
Жұмағали Ақнұр |
|
|
|
|
8 |
Канаткалиев Жансерік |
|
|
|
|
9 |
Калиакпар Нұрайым |
|
|
|
|
10 |
Мағзом Миржан |
|
|
|
|
11 |
Өмірболат Сезім |
|
|
|
|
12 |
Сатыбалды Жасмин |
|
|
|
|
13 |
Хайруллин Нұрсағат |
|
|
|
|
VI. Үйге тапсырма:
Аяқтамаған оқушылар бақаны үйден аяқтап келу.
Қозғалатын қоян бейнесін жасап келу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі