Батыс Қазақстан обылысы, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасының
технология пәнінің мұғалімі: Куанышкалиева Назым Сансызбаевна
Сабақтың тақырыбы: Құмырадағы нарғыз гүлін жасау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға гүл жасауды үйрету, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікпен сұлулыққа бағалай білуге үйрету.
ә) тәрбиелігі: Біткен бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу. Тазалық гигеналық талаптарды орындауға дағдыландыру. Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге және оны сақтауға үйрету.
б) дамытушылығы: Оқушылардың жұмысты орындағандағы ептігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сарамандық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Техникалық қауіпсіздік ережесі.
V. Сарамандық жұмыс.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, кезекшіден мәлімет алу, жоқ оқушыларды анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру үшін «ким мерген» ойыны ойналады. Ойынның шартымен таныстырып өтейін, сіздер мұқият тыңдап алыңыздар.
Мен сіздердің алдарыңызға мына асықтарға сұрақ жасырамын да, асықтарды тізіп қоямын,ал сіздер осы асықтарды мергендеп ату арқылы асықтарды құлатасыздарұСол құлаған асықтарды сұраққа жауап бересіздер. Өткен сабаққа шолу.
1. Киіз үй.
2. Шаңырақ.
3. Уық.
4. Кереге.
5. Сықырлауық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бәрін білгім келеді.
Сабақтың тақырыбы: Құмырадағы нарғыз гүлін жасау. Гүл өмірдің нұры. Ол біздің өміріміздің байлығымен қуанышын, адамның жақсылығын арттырады. Мерекелік гүлшоғы мен құмыра ерекше сәнді әркез көңіл күйді көтеретін ашық түстерден құралғаны дұрыс. Бұйымның компазициялық шешімін табу үшін, компазициялық шешімін табу үшін, композиция заңдылықтарын ескерген дұрыс.
Компазиция заңдылықтарына мыналар жатады:
1. Компазициядағы барлық құралдар бұйымның қолдануына сай келіп, оны айқындай түсуі қажет.
2. Компазициядағы барлық элементтер мен бөліктер бір-біріне мөлшерімен өлшемі жағынан ұқсас болуы қажет.
3. Міндетті турде компазициялық орталық болуы тиіс.
4. Компазиция тұтас болуы қажет.
Компазиция заңдылықтарын ескере отырып, мерекелік гүл шоғын жасап көрейік.
Безендіруге қажетті таспаны дайындау реті.
1. Таспа бетіне бірдей қашықтықта белгі түсір.
2. Қатты жіпті инеге сабақтап алып, белгіленген нүктеден келесі нүктеге дейін «көктеу» тігісін жүргіз.
3. Жіптің бір ұшын тартсаң таспа жиырылады. Біркелкі жиырылуын қолмен реттеп отыр.
Құмыраны безендіру.
1. Құты сыртына жұқалап ермексаз жабыстыр.
2. Құтының сыртын су моншақпен безендір.
3. Құмыраның жоғарғы және төменгі шетіне жиырылып дайындалған таспаны екі бір-біріне бекіт.
Мынау үлбіреген әдемі гүл көптеген қағаз бөлшектерінен құралған. Бұл гүлдерді үлкен де кіші де көлемде жасауға болдады. Ең бастысы гүл күлтелерін жасайтын қағаз бөлшектерінің өлшемі бірдей және бір түсті болуы керек.
Нарғыз гүлді жасау реті.
1. Өлшемі 4х4 см-ге тең болатын көптеген шыршалар дайында.
2. Әрбір шыршаны конус тәрізді орап, шеттерін желімде.
3. Алғагқы қатарын, шырша қағазға қатарластырып желімдеу.
4. Екінші қатарды желімдеген кезде гүл күлтесінің астыңғы екі күлтенің ортасына түсуін қадағала.
5. Ең соңында ортасына бір күлте желімденеді.
6. Дайын гүлдерді құмыраға сал.
Артық болмас білгенің...
ІV. Техникалық қауіпсіздік ережесі.
Жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Жұмбақ жасырылады. Жауабына сай техникалық қауіпсіздік ережесі айтылу керек.
Бар екен дүниеде жалғыз көзді
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (ине)
Инемен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережелері:
- инені ауызыңа салма, киіміңе түйреме.
- инені инеқадағышта немесе арнайы қорапшада сақтау керек.
- майысқан, тот басқан инені қолданба.
- инені жоғалтқан жағдайда оны міндетті түрде тауып ал.
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- қайшыны лақтырма, сермеме.
- қайшының ашасын ашық тастама.
- қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
- қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап, алушыға сабын бер.
«Есіртпе,-деп, ине-жіптің күңкілін»
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын. (желім)
Желіммен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесі.
- желіммен жұмыс істеген кезде партаның үстіне төсеніш төсе.
- желімді ауызыңа, көзіңе тигізбе.
- желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.
V. Сарамандық жұмыс
«Көзбен көру, ойды бөлу, меңгеру»
Олай болса, «Еңбек етсең емерсің, еңбегіңе кемелерсің»-деген мақалға сүйене отырып, біз гүлімізді әдемі шығаруға тырысайық.
Нарғыз гүлін жасауға кірісейік. Іске сәт.
VІ. Қорытындылау.
Оқушылардың жасаған гүлдерінен шағын көрме ұйымдастыру. Оқушыларды бағалап, мадақтау, қателерін түзеу. Оқушыларды бағалағанда жқмыстарын тексеріп жұлдық, шаршы, үшбұрыш беру 5-жұлдыз (өте жақсы), 4- шаршы (жақсы), 3-үшбұрыш (орташа) арқылы бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма.
Үйден нарғыз гүлді ақ түспен жасап келесіздер және гүлге байланысты мақал-мәтел жазып келесіздер. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Нарғыз гүлді жасау реті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі