Өлең, жыр, ақындар

Раушангүлділер тұқымдасы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
С.Мауленов атындағы орта мектебінің
биология пәні мұғалімі: Абдрахманова Толкын Наурызовна
 

 

Сыныбы: 6

 

Сабақтың тақырыбы:

   Раушангүлділер тұқымдасы

Мақсаты:

   Раушангүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жататынын білу тіршілік формаларына қарай ажырататынын түсіну. Гүлінің, жапырағының құрылыс ерекшеліктерін талдау пайдасы мен зиянын айта отырып, баға беру.

Сабақтың түрі:

   Жаңа сабақ

Күтілетін нәтижелер:

   - Барлық оқушылар
   Раушангүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жататынын біледі
   Раушангүлділер тұқымдасының тіршілік формаларына қарай ажырататынын түсінеді;    

   - Оқушылардың басым бөлігі
   Раушангүлділер тұқымдасының құрылыс ерекшеліктерін ажыратады;

   - Кейбір оқушылар
   Гүлінің, жапырағының құрылысына қарап талдайды.
   Пайдасы мен зиянын айта отырып, баға береді    

Керекті жабдықтар:

.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

басы

2 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру

   2. Сыныппен амандасу:

    Күлім қағып қолымды,
    1,2,3 деп соғайын.
    Қарап тұрған көршіме,
    Қолымды мен бұлғайын.
    Жылы-жылы сөзбенен,
    Жүрегімді сыйлайын.
    Ыстық алақаныммен,
    Қолыңды бер қысайын.

- мұғаліммен сәлемдесу;

 

- сабаққа зер салу

Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.

ортасы

Қызығушылықты ояту

           3 мин

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

5 мин

 

6 мин

 

 

 

3 мин

 

 

 

3 мин

 

10 мин

6 мин

 

 

3 мин

1 мин

аяғы

    «Ой қозғау» Тақырыпты ашу.

   Көктемде ақ гүлге оранады,
   Күзде қолға доп боп оралады. /Алма/

   Бұтаға ілген үлпершек,
   Іші нәрлі қызыл сөл,
   Теріп алып үлгерсек. /Бүлдірген/

 «Раушан» гүлдің суретін көрсету.

   - Ендеше, балалар, бұл суреттен не көріп тұрсыңдар
   - Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?

   Сабақтың тақырыбы хабарланады.

   Не артық? Муляждардың ішінен артық жемісті алып, себебін түсіндір

   Оқулықтың 141 бетіндегі материалды оқу тапсырылады.

   "шеңбердегі әңгіме" стратегиясы бойынша оқушыларға тапсырма береді

   А. Раушангүлділердің түрлері, олардың топтастырылуы
   В. Раушангүлділердің құрылыс ерекшеліктері, ортақ белгілері.
   С. Адам өміріндегі маңызы.

   Өсімдіктерді тіршілік формаларына қарай топтастыр (топтық жұмыс)

   Биологиялық диктант

   Раушангүлділер тұқымдасының жер бетінде .............. түрі  бар. Қазақстанда .........  түрлері өседі. Гүлсеріктері..., тостағаншасы..., күлтесі..., аталығы......, аналығы......, жемісі..., ... жапырқтары ...........,..............,болып бөлінеді. Күрделі жапырақтары............,........... болады.

   Зертханалық жұмыс орындалады.

   1. Берілген суреттерді раушангүлділер тұқымдас пен орамжапырақгүлділер тұқымдасына бөліп алыңдар

   2. Раушангүлділер мен орамжапырақгүлділер тұқымдастарының гүлдерін салыстырыңдар.

   Нәтижесін дәптерге жазу

  Сендер қалай ойлайсыңдар раушангүлділер тұқымдасының адам өміріндегі маңызы қандай?

   Үйге берілген тапсырма.

   Медицинада қолданылатын раушангүлділер.

   Алмадан не дайындауға болады?

   Сәндік үшін өсірілетін раушагүл түрлері (презентация)

   Сергіту сәті  Караоке ән айту

   Сен мына төмендегі топтарға өсімдіктерді қалай топтастырар едің:

   Жабайы   мәдени    дәрілік   сәндік?

   "Бір минуттағы ой" стратегиясы бойынша түйінді ой айту

   Бағалау

   Рефлексия "аралдар"

 

Жұмбақтың шешімін табады.

 

 

 

Сұраққа жауап береді.

 

 

Себеттен артық муляжды алып тастайды

Сұраққа жауап береді.

Мәтінді оқиды.

"шеңбердегі әңгіме"

Берілген тақырыптар бойынша шеңберде әңгіме айтады.

 

 

Өз бетімен орындалады.

Тапсырмаларды бірлесіп орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлемдерді толықтырады

 

 

 

 

Нәтижесін дәптерге жазады

 

Табыс критерилері

1

2

3

Раушангүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жататынын біледі

Екі қате болса

Бір қате болса

Қатесіз айтса

Тіршілік формаларына қарай ажырататынын түсінеді

Тіршілік формаларын жазғанда бір қате жіберсе

Тек тіршілік формаларын жазсса

толық тіршілік формаларын және өкілдерін дұрыс жазсса

Раушангүлділер тұқымдасының құрылыс ерекшеліктерін ажыратады

Төрт бес қате кетсе

екі үш қате кетсе

Барлық жауаптар дұрыс

Гүлінің, жапырағының құрылысына қарап талдайды.

Тапсырмалардың біреуін орындаса

Тапсырмаларды орындаса

Берілген екі тапсырманы орындап, нәтижесін жазсса

Маңызын  айта отырып, баға береді

Маңызын айтса

Маңызын толық айтып, дәлелдері нақты болса

Маңызын айтып, өз ойын қосса


Пікірлер (3)

Гульшат

Жаксы

Айнаш Астаева

;)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз