Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№19 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Дуймбаева Гулшат Аманжоловна
Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау»
Сабақтықтың мақсаты:
1. Пайдалы қазбалар туралы білімдерін жетілдіре отырып, оларды өндіру әдістерімен және қорғау, үнемдеп пайдалану туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой-өрістерін дамыту, өз ойын ашық білдіруге, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
3. Табиғи ресурстар туралы ұтымды ой-пікірлер қалыптастыруға өз елінің байлығын қорғауға, үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: СТО, кесте-сызба қолдану, баяндау, сұрақ-жауаптар алу.
Көрнекілігі: слайд, ҚР карта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтың
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы.
Мұғалім: -Иә,балалар,сендер еліміздің осынау байлығын игеретін болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ саналы да білімді, ой-өрісі жан-жақты дамыған азамат болуы керек қой. Ендеше бүгін де біз білімімізді көрсете білейік.
Үй жұмысын тексеру.
Мәтін: «Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы» /әңгімелеу/ Кестемен жұмыс.
Пайдалы қазбаның аты |
Тұз |
Металл |
Көмір |
Мұнай |
Газ |
Гранит |
Адам өміріндегі маңызы |
|
|
|
|
|
|
«Ой ашар» кезеңі. Проблемалық сұрақтарға–жауап алу
- Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сүруі мүмкін бе?
- Қазба байлықтарды кімдер зерттейді?
Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Тізбектеп оқу-тексеру.
Сергіту сәті. /қимылмен көрсету/
Күннің шыққаны жақсы ма? /күнді бейнелейді/
Анаңды құшақтаған жақсы ма? /бірін-бірі құшақтайды/
Туған өлкеңде жақсы ма? /құшағын жаяды/
Қазба байлықтарға баймыз ба?/қолын созады/
Қазақстан азаматы болған жақсы ма?/бас бармақтарын көрсетеді/
«Ой-талқылау» кезеңі. Оқулық тапсырмасы.
А) Пайдалы қазбаларды не үшін тиімді пайдалану керек?
Ә) Пайдалы қазбаларды қорғау үшін не істеу керек?
Б) Пайдалы қазбаларды қалай өндіретінін білесің бе?
Суретпен жұмыс. Бұл қандай құрылғы?
«Қалам үстелдің үстінде» кезеңі. Дәптермен жұмыс.
Сызба құрастыру:
«Оқы қызық!» кезеңі. Білім құмарлар үшін (75 беттте шағын мәтін)
Картамен жұмыс: Пайдалы қазбалардың өндіру орындарын көрсету.
Рефлексия. Тест тапсырмасы. Жауаптарын тексеру, бағалау.
Сабақта не үйрендік? Не туралы оқыдық? Сабақ сендерге ұнады ма?
«БББ кестесі»
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
1. Пайдалы қазба түрлерін 2. Адам өмірі үшін маңызды екенін |
1. Қазбаларды өндіру әдістерін 2. Оқы қызық мәтінімен таныстық |
1. Пайдалы қазбаның орнына жүретін заттар атын білгім келеді |
Үй тапсырмасы беру.
1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Реферат жазу «Пайдалы қазбаларды қорғау жұмыстары».
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі