Өлең, жыр, ақындар

Су. Судың қасиеті

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Нурманова Гульмира Нургалыевна

 

Сабақтың атауы

Су. Судың қасиеті

Мақсаты

1. Су тіршіліктің көзі жайлы ұғым бере отырып, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттері жайлы түсінік беру.
2. Оқушылардың су туралы білімдерін кеңейту, ойын, байқағыштығын дамыту.
3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, оқулық, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, практикалық жұмыс.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Қайырлы күн болсын,
Қайырлы күн досым.
Бүгінгі күн сәті,
Сәттілікке толсын.

Оқушылар қол ұстасып мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы.

1. Ауаның қасиеттері.
2. Ауаның адам өміріндегі маңызы.
3. Ауаның ластануы.

Cұрақ-жауап 

- Тыныс алу үшін не қажет?
- Жаурағанда бізге не керек?
- Қараңғыда ше?
- Қарнымыз аш болса не қажет?
- Шөлдегенде не қажет?
- Жалпы тіршілік атаулыға не керек?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

Өзен, көлде өмір сүреді,
Аспанда қалқып жүреді,
Іші пысқан кездері,
Жерге тамып түседі.    (Су)

Оқушылардың су туралы білімдерін, түсініктерін анықтап байқау.

1. Су қандай зат?  
2. Судың түсі бола ма?
3. Пішіні қандай?
4. Су қай жерлерде кездеседі?

Жаңа сабақ

1. Мәтінмен жұмыс. Оқу, танысу. Су - тіршіліктің қайнар көзі.

2. Сұрақ-жауаптар алу.

Қызығушылығын ояту

Тәжірибе жасау

Су түссіз, мөлдір.
1 тәжірибе. Бірінші ыдысқа сүт,ал екінші ыдысқа су құй. Қайсысы анық көрінеді. Ал енді олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді?

Су дәмсіз.
2 тәжірибе. Бірінші ыдысқа шырын, ал екінші ыдысқа су құй. Шырын дәмді, су дәмсіз.

Судың пішіні жоқ.
3 тәжірибе. Суды әртүрлі ыдысқа құй.

Су еріткіш.
4 тәжірибе. Суға кұм шекерді сал. Құм шекердің ерігенін көресің. Сондай-ақ су жабысқақ. Мысалы киімді суға салып ал, су болып шығады. Су киімге жабысады. Ол жуылған киімді далаға жайып қой. Біраздан соң кебеді. Ойланшы! оның бойындағы су қайда кетті?

Жазда шомылып рақаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Бұл мұз қайдан пайда болды? Қысқы суықта су қатып, мұзға айналады. 

Сергіту сәті

«Ақбұлақ» өлеңіне оқушылар билеп серігеді.

Ойы сергіп, шаршағандары басылады.  

Шығармашылық жұмыс

1. «Су» туралы мақал-мәтелдер
2. «Су» туралы нақыл сөздер
3. «Су» туралы әңгіме құрастыру

Дәптермен жұмыс.

Берілген сөздерден судың қандай қасиетіне жататынын теріп жазу.

 

Сөзжұмбақты шеш

Сөзжұмбақты шеш. «Табиғат»

- Ендеше су табиғатта қандай күйде кездеседі?

Оқушылар ақылдасады, жауап айтады.

 Сабақты бекіту

Судың үш күйі: Жаңбыр, бу, қар.

Топтастыру. Судың қасиеттерін жазу. Шәйнектегі су қайнаған кезде ішіндегі су неге азайып қалады?

Қорытынды   

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Реферат жазу: «Судың пайдасы»

Бағалау.

Күнделіктеріне жазып беремін


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз