Өлең, жыр, ақындар

5 саны және цифры

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
"Балдәурен" жекеменшік балабақшасының
тәрбиешісі:
Кенжебаева Гулбану Аманбаевна

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, «Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны.
Құрал жабдықтар: суреттер, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады.

Билингвизм.
Іс-әрекет кезеңдері;
Тәрбиешінің іс-әрекеті;
Балалардың әс-әрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге

Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу - іс әрекеті.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындайық.

1 - тапсырма. 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам  2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

Сергіту сәті:
«Бала, бала, баламыз»  Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.

Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.
Балалар, келесі оқу іс-әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз