Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
"Балдәурен" жекеменшік балабақшасының
тәрбиешісі: Смагулова Раушангул Жанбырбаевна
Мақсаты: Балалардың мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге дағдылау, үлкендердің еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.
Сәлеметсіздерме, балалар, қонақтар, қош келдіңіздер!
- Балалар, кәне бәріміз шаттық шеңберін жасайық, бір-бірімізбен амандасайық!
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Жайнай берсін қаламыз,
Жасай берсін даламыз.
Ата-анамыз аман болсын,
Балабақшамыз гүлдей берсін.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
- Қыста балалар біздер қалай киінеміз?
Кенет топқа хат тасушы Арман ағай келеді, қолында балаларға арнап хат әкелгенін айтады. Хатта мамандықтардың суреттері бар.
Жұмбақ шешу:
1) Іш ауырса, тіс ауырса
Бізге дәрі береді. (Дәрігер)
2) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)
3) Тәп тәтті тамағы,
Тамақтың маманы. (Аспазшы)
4) Қолында қайшы тарағы,
Шаштарды ретке салады. (Шаштаразшы)
Дидактикалық ойын: Қазір балалар ойын ойнап жіберейік.
«Маман иелерінің жұмыс өз иелеінің еңбек құралдарын тауып бер»
Шарты: Балаларға әр түрлі маман иелерінің құралдарының ішінен дәрігер, аспазшы, полиция,шашатараз мамандарының құралдарын дұрыс тауып берулері керек.
Сергіту сәті:
Жел соғады гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
«Мамандық иелерінің суреттерінің құралдарын жылдам құрастыру» ойыны
Шарты:
Балаларға мамандық иелерінің қолданатын құралдарын, аз уақыттың ішінде табулары керек.
Үйге тапсырма:
Балалардан ата-аналарының қандай маман иелері екендерін біліп келу.
Балаларды оқу іс-әрекетін аяқтап, жақсы қатысқандары үшін мадақтау.
Қорытынды:
Білу керек: Әртүрлі маман иелерінің атауын және олардың қызметін. Үлкендердің еңбегін бағалауды.
Болуы керек: Дидактикалық ойын көрнекіліктері мен суреттер.
Балалардың қолынан келуі керек: Сұрақтарға жауап беруі, ойын тапсырмаларды орындау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі