Өлең, жыр, ақындар

Ойнайық та, ойлайық

Жалпы орта білім беретін
Ақтау мектеп-балабақшасы жанындағы
"Айгөлек" балабақша тәрбиешісі
Темирбекова Гүльмира Төлегенқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Ойнайықта ойлайық»

Мақсаты: 4 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, санамақ айту, «Көршісін тап» дидактикалық ойыны, логикалық есептер.
Құрал жабдық ретінде суреттер, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар пайдаланылады.
Билингвизм: Кешіріңіз-прости-sori.

Білім беру саласы

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші:
 «Бөбек» атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен қонақпен
Сәлемдесіп алады, балалар қонақтармен үш тілде амандасамыз.

Шаттық шеңбер!
 - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын. Орнымызға отырайық

- Бүгін бізде қарапайым математикадан  «Ойнайық та ойлайық» атты ашық
оқу - іс әрекеті.

Балалар келген қонақтармен амандасады. Салематсызба,

Здраствуйте,

Гудмонин

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру іздестіру

Балалар бүгін бізге конаққа аю келді, қане аюменде амандасайық. Аю өзіне достар іздеп жүр екен. Ол орманнан келе жатыр. Аюдың қолында сендерге арналған тапсырмалар бар екен, сендер оны шешуге комектессеңдер ол сендермен дос болатынын айтты.

Көмектесемізбе?
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
Балалар

- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)

Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді. (күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.

- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

Сергіту сәті:

- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады.

Балалар бұл шарлардың ішінде  тапсырмалар бар екен.
1 - тапсырма.

1-ден 4-ке дейін тура және кері санау.
Үш тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын.

«Сандардың көршісін табу», «Жоғалған сан».
(1-ден 4-ке дейін сандар бойынша) Балалар сендердің алдарында 1-ден 4-ке дейін сандар тұр.

3-тің алдыңғы көршісі кім? 2кінің көршісі, 4,3 тің екі жағындағы көршілерін кім көрсетеді? Жақсы балалар.

3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды? (1)  Балалар доптың пішіні қандай? Үшбұрыштыма?
Мынау ненің суреті?

- Қоянда неше құлақ бар?

- Қоян жүйрік пе,тасбақа жүйрік пе?

- Бағдаршамда неше көз бар? 3

- Аспанда неше жұлдыз бар?көп

- Адамда қанша көз бар?2

- Сйырдың неше аяғы бар?4

- Себетте 2 алма, табақта 2 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

 Санамақ айту.

4. Ой жүгірту. Сен қалай ойлайсың?

Айнұр анасына моншақтар тізіп отыр. Данияр қасынан жүгіріп өтіп бара жатты да, жіпті іліп кетіп,моншақтар шашылып қалды. Айнұр жылап жібере жаздады, бірақ Данияр сиқырлы сөз айтты .Қандай сөз?

Салематсызба

Иа

 

4

қыс, көктем, күз, жаз

Қыс мезгілін

Ақ

 

Күз

 

Көктем

 

 

Жаз

 

 

Балалар сергіту сәтін орындайды

Иа

 

 


 

Балалар үш тілде санайды

 

2

3

4

1

 

 

 

 

Жоқ дөңгелек

Қоянның

2

Қоян

3

Көп

2

4

4

 

Санамақ айтады.

 

Кешір, прости, sori.

Рефлексифті түзетушілік

Балалар міне біздер аюдың әкелген тапсырмаларын орындадық. Аю сендердей ақылды дос тапқанына өте қуанышты. Аюменде қоштасатын уақыт келді.

- Аю, рахмет балалар өздерің бір тапқыр балалар екенсіңдер, мен енді өз орманыма қайтайын сауболыңдар.

Қорытынды:
- Жарайсыңдар, балалар. Біздер бүгін аюдың тапсырмасын орындадық. Қандай тапсырмалар орындадық,1-4-ке шейін үш тілде санадық Логикалық есептер орындадық. Дидактикалық ойын ойнадық, енди бәріміз келген қонақтармен де қоштасайық.

Сауболыңыз

 

 

 

 

 

Сауболыңыз,

досвидания,

гудбай

 


Күтілетін нәтиже: Түстерді ажырата біліледі.

Нені игерді: Балалар кешіріңіз сөзін үш тілде айтуды.

Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер,

Болу керек: Зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз