Өлең, жыр, ақындар

ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

Ж.Баласағұн атындағы

 №6 жалпы орта мектебінің

 информатика пәнінің мұғалімі

Пазилбеков Уалихан сапарұлы

Информатика
Сыныбы: 6 «К»
Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары және Джон фон Нейман принциптері жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғылармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ («Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, тірек - сызбалар, «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны, «Синквейн» әдісі, «Көңіл күй нысанасы»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек - сызбалар көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Сәттілік шеңберін құру» оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы көмегімен үй тапсырмасын тексеру.
1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
А) Шоттар В) Арифмометр
С) Калькулятор Д) Серобян
2. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор
В) интегралдық схема
С) электрондық лампа
Д) үлкен интегралдық схема
3. Алғашқы бағдарламашы кім?
А) Чарльз Беббидж
В) Герман Холлерит
С) Ада Лавлейс
Д) Блез Паскаль
4. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?
А) АВС В) ДВК 
С) БЭСМ - 2 Д) ENIAC
5. Үшінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор
В) интегралдық схема
С) электрондық лампа
Д) үлкен интегралдық схема
6. Төртінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор В) интегралдық схема
С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.
Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.
Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.
Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады.
Джон фон Нейманның принциптері:
o Екілік принципі – деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.
o Программалық басқару принципі – программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.
 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз