Өлең, жыр, ақындар

"Мені қоршаған орта" таңдау пәні (авторлық бағдарлама)

Алматы облысы

Балқаш ауданы

№1Бақанас орта мектебіМДШО" МКМ

Бастауыш сынып мұғалімі Жұман Дария Жұмаділқызы

 

«Мені қоршаған орта»  бастауыш сынып оқушыларына арналған

тандау пәнінің

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Түсінік хат

 

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады. Ол ұстаным бойынша ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді. Осы қасиеттерді өз деңгейінде қалыптастыру 2016-2017 о.ж. алғашқы рет 1-сыныптарда еңген жаңартылған оқыту бағдарламасында  жан-жақты қарастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды: оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырады, зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандырады.

Негізгі пәндер мазмұнын толық ашуға қосымша ретінде аталған бағдарлама ұсынылады. Ол қоршаған ортасын жаңа танып келе жатқан, соның ішінде  өздерінің алар орнын анықтауға ұмытылған бастауыш сынып  оқушыларына арналған. Бағдарлама курсында қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу,  көрсету, ақпараттар мен алмасу, жеке ойларымен бөлісу үшін бірлесіп әрекет ету, өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты дағдыларын жағдайлар жасау арқылы дамыту жоспарланған. Бағдарламада қарастырылған қосымша сабақтар оқушылар алған білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдеріне белсенді қатысу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға көзделген.

 Курс өткізу барысында әр пәннің ғылыми тұрғыда  өз тілдік стилін сақтау,  және сабақ жоспарларына жүйелі түрде  төмендегі оқу мақсаттарын қосу қарастырылған: 

•   оқушылар назарын ғылыми тілге аудару, пәнге қатысты арнайы лексика және терминология қолдану, тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру;

•   оқушыларды пікірталас диалогтерге қатысуын ұйымдастыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

•   берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болуы;

•   сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі тапсырмалар беру: саралау, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру,  құрастыру, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру,  дәлелдеу, болжау, себептерді түсіндіру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу, безендіру.

 

Бағдарламаның басты мақсаттары: белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға зерттеуге негізделген тәсілдер арқылы оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік жасау.

 

Міндеттері:

1. Оқушылардың қоршаған ортаны түсінуін, оны бейнелеуін, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін қабылдауы мен танымын кеңейту;

2. Оқушылардың  білуге құштарлығын, сын тұрғысынан ойлауын (дәлелдеу, проблемаларды шешу), шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3. Логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын және сөйлеу мәдениетін бойларында дамыту;

4. Оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру, өз бетінше ойлануға жетелеу;

5. Ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

 

 

Күтетін нәтиже:

-   Оқушы қоршаған әлем туралы мағлұмат алады және қоршаған ортада өзінің орнын білетін дәрежеге ие болды;

-   Табиғаттағы өлі және тірі заттармен танысады да олардың адам үшін қажеттілігін іс жүзінде біледі; жергілікті жердің  табиғаты туралы мағлұмат алады;

-   Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады, білімдерін бағалап, қорытыгдыға келіп, оны дәлелдерін ұсынады.

-    Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатыса алады

Тақырып мазмұны

Мақсаты

Тіл, әдебиет

Жаратылыстану

Математика

Шығармашылық жұмысы

1

Өзім тұралы

Мен кіммін?

Өзі тұралы айтып бере ала білу

Өзі тұралы айтып беру, диалогқа қатысып танысу ретін біледі. Басқаларды тыңдап, тақырып бойынша сөздік қоры дамиды.

«Бұл кім?» ойыны. Оқушылар сабақ үстінде сыныптастарының өзі тұралы мәліметті естеріне сақтап жұмбақ жасырады.

Өзінің жеке бас гигиенасы

Өз үйі мен мектебі арасындағы қауіпсіздікті  сақтау

Натурал сандар. Сандармен амалдарды орындау. «Жасың нешеде?» «3 (1-7) жылдан кейін жесың нешеде болады?» Арифметикалық өрнек құру.

Өзі туралы мәлеметті модельдеу

2

Менің мектебім

Мектеп - білім ордасы екендігін таныта отырып, оның өз өмірінде алатын орнын ұғындыру. Мектеп ішіне саяхат

Мектебім – алтын ұям. сыныптастар арасындағы қарым-қатынастар туралы: «Партада кіммен отырасың? Сыныпта досың бар ма, ол кім? Кім мектепке сыныптасымен бірге келеді?» – деген сауалдар төңірегінде әңгіме құрастыруды ұйымдастыру.

 

Өзіне сабақта қажетті оқу-құралдары.

Оқушының күн тәртібі қандай болу керек?

Мектеп ережелері

Бағдарлауды үйренейік Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты; ұзындық, оның өлшем бірліктері Мектепке баратын қауіпсіздігі жол моделі.

Мектеп мекенжайын білу;  тапсырма: мектеп сияқты бастапқы шығу орнын таңдап досыңызға сіздің үйіңізге қалай жетуге болатындығын сызба арқылы түсіндіру

3

Мен және менің отбасым

Өз отбасы туралы айтуға дағды қалыптастыру. Отбасы ұғымын жетілдіру, отбасының орнын ұғындыру, мейірімділікке тәрбиелеу.

Отбасы – алтын діңгек. (тұжырымды түсіндіру, дәлелдеу)

Тыңдалым және айтылым әрекеттеріне берілген тапсырма. Отбасында

сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Отбасындағы мерекелер атап беру.

Адамға өмірде ең қымбаттысы-отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас. Ұйымшылдыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру.

20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту санды өрнектерді құрастыру, жазу, оқу және ажырату. Күн тәртібі кестесінде: сағат,таң ату, таңертең, тал түс, күн, кеш, түн терминдері

 Ана туралы өлең шығару. Отбасы дәстүрлері.

Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күні бойынша өз кестесін құрастырады (күн тәртібін құру)

 

4

Бізді қоршаған әлем

Айналамызды қоршаған орта туралы ойларын жинақтап, жүйелеу, дүние-танымын кеңейту.

Аудиомәтін арқылы тыңдалым мен мазмұнын түсініп, айту; сөйлеу мәдениетін дамыту;. Табиғат жөнінде ой - өрістерін дамыту; білуге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін және табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға,

 

Жергілікті жердің өсімдіктері, олардың пайдасын ұғындыру арқылы дүниетанымын кеңейту. Ауа райы деген не?

 

20-ға дейінгі сандарды тура және кері санау; тәжірибе арқылы  2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу; іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау. Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

«Мені қоршаған орта» сурет көрмесін ұйымдастыру. Түрлі-түсті моншақтар тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

5

Саяхат

Саяхаттың мәні мен мағынасын түсіну. Саяхат  бақылау, зерттеу, дәлелдеу көзі.

Саяхат бізге не үйретеді? Қай мақсатпен ұйымдастырылады? Саяхатқа шығу үшін не қажет?

Әнгімеге тарту

Бейнефильмді көрсету және талқылау арқылы ойларын кеңейту

Көкжиек тұстары, оларды анықтау. Неліктен газетте, радио немесе теледидардан күнсайын алдағы күннің ауа-райын хабарлап отырады? «Кім дұрыс киім таңдайды?» ойынын ұйымдастыру

Сандармен амалдар орындау екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

.

Топтық жұмыс. Аптабойы  мектеп айналасында ауарайын бақылаған жазбалар бойынша диаграмма сызу

6

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

 Ата-бабаларымыздан ежелден мұра етіп қалдырған салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды қаншалықты жақсы білетінімізді көрсету

Мақал-мәтелдердің мәні мен маңыздылығы. Бесік жыры, тысау кесер, бесік той, сүнлет той салт-дәстүрлері.

Мен қазақпын.

Аңыздар Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану

Уақытты бағдарлау циферблат бойынша уақытты анықтау: уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай Сағат макетін жасау

Бесік жырын ата-анамен бірігіп құрау, жаттап айтып беру

7

Тағам және сусын

Біз қалай тамақтанамыз?

Азық–түлік сапасы. Қазақстанда жасалған Үй жануарларын сүюге, күте білуге, қамқор бола білуге үйрету.

Бейнематериал негізінде

пікірталас жүргізу. Үй жануарлары.       Малдан алынатын өнімдер.      Төрт түлік малдың пайдасы мен одан алынатын өнімдер туралы түсініктерін жетілдіру. Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Қалай дұрыс тамақатану керек? Дәмді әрі пайдалы Төрт түлік мал-ырысым. Төрт түлік малдың адам өміріндегі маңызын таныту.

 

Есептер және математикалық модель. Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс

Күнделікті өмірдегі есептеулер:

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдар; Домино ойыны.

«Аспаз болып көр». Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. қазақтың ұлттық тағамдары. Пайдалы, зиянды тағамдар тізімін жасау.  Зерттеу, дәлелдеу. Салаттың математикалық моделін құру.

8

Дені саудың – жаны сау

Жеке бас күтімі және оның ережелері мен маңызын, қажеттілігін тсіндіру. Өзіне деген дұрыс көзқарас қалыптастыруына ықпал ету.

 

Бірінші байлық – денсаулық. Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу

Денің сау болсын десең..

Тазалақ денсаулық кепілі

Үйдегі қауіпсіздік ережелері

Айналадағы қауіп-қатер

Санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару

Есептер  және математикалық  модель

Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі. 7.00-таңғы ас, (11.00 -жеміс-жидек немесе шырын), 13.00- түскі ас, 16.00-бесіндік, 19.00-кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз