Өлең, жыр, ақындар

Зат есім

«Қаратөбе мектеп – гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кетебекова Көркем Урынкабыловна  

Сыныбы  3

Күні: 8.02.17 ж

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

  Зат есім

Жалпы мақсаты

 

Зат есім туралы алған соның ішінде жалқы және жалпы есім туралы білім, білік, дағдыларын толықтыру. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Критерийлер

   - Жалпы, жалқы есімдерді ажырата алады.
   - Жалпы есімді жалпы есімге айналдыра біледі.
   - Жекеше, көпше зат есімдерді таба алады.

Сабақтың түрі

Ертегі сабақ

Сабақтың формасы

Топтық, ұжымдық

Ресурстар

АКТ, ертегі желісі бойынша кейіпкерлер, карточкалар, ән т.б.

Сабақбарысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Негізгі

бөлім.

Автор:

--Ерте, ерте ерте екен. . Ешкі жүні бөрте екен. Құйрық жүні үзын екен ертеде жапан түзде достарына өкпелеп жалғыз бәйтерек өмір сүріпті. Ол 10 жасыңда ер жетіп, 20 жасында бұғанасы бекіп, жайқалып өсті де кенеттен қартая бастады. Бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрттар көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап, ауырған соң амал бар ма?

Автор: - Сөйтіп, бәйтерек күні – түні зарлайды. Оның даусын естіген құстар бәйтерекке көмекке келеді.

Осы кезде көгершіндер ұшып келеді.

(Осы кезде «АҚ КӨГЕРШІН» әнімен ішке көгершіндер кіреді. Би билеп береді)

Біз бейбітшілік құсы - көгершіндер боламыз. Сіздіңащы даусыңызды естіп, сізге жәрдем беруге ұшып келдік.

Бәйтерек:

Қош, келдіңдер құстарым! Сендерді көріп қуанып тұрмын. Тезірек мына құрттардан арылтыңдаршы.

Көгершіндер:

- Иә, сенің үнінді естіген барша құс осылай қарай ағылуда.Қарсы ал

Бәйтерек:

- Рахмет, орман емшілері, мені емдеп жазарсыңдар деп үміттенемін.

Қарлығаштар:

Иә, Бәйтерек сені құрттардан біз құтқарып көрейік.

Жалпы есім

Жалқы есім

Ыдыс, бұйым, көше, өзен, көл, күйші, жануарлар, құс

Құрманғазы, Қаратау, Балқаш, Есіл, Ақтөс, Айгүл, Алатау.

Автор:

Қарлығаштартапсырманы дұрыс орындады ма? Тексеріп жіберейік. Оны тексеруге маған тоқылдақтар мен көгершіндер көмектессе.

Жарайсыңдар, қарлығаштар!Тапсырманы дұрыс орындадындар.

Тапсырма: (Көгершіндерге)

Сөздер тобын толықтырып жаз.

Адамның аты – жөні: Оразұлы, .........

Өзен – көлдер аттары: Балқаш, ..........

Қала аттары: Шымкент, .............

Автор:

Көгершіндер тапсырманы дұрыс орындады ма? Тексеріп жіберейік. Оны тексеруге маған тоқылдақтар мен қарлығаштар көмектессе.

Жарайсыңдар, көгершіндер!Тапсырманы дұрыс орындадындар.

Тапсырма: (Тоқылдақтарға)

Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдырып жаз.

Алматы – алматылықтар, Панфилов – панфиловшылар, Астана – астаналықтар, Суворов – суворовшылар, Семей – семейліктер, Америка – америкалықтар.

Автор:

- Тоқылдақтар тапсырманы дұрыс орындады ма? Тексеріп жіберейік. Оны тексеруге маған көгершіндер  мен қарлығаштар көмектессе.

- Жарайсыңдар, тоқылдақтар! Тапсырманы дұрыс орындадындар

Бәйтерек:

- О, менің жанашыр  құстарым!  Сендердің білімдеріңнің арқаларында мен зиянкес құрттардан құтылдым.

- Қарлығаштар адаммен дос екенін білдім. Тоқылдақ орман емшісі, ал көгершіндер бейбітшілік  құстары екендігін білдім. Рахмет сендерге.

Бәйтерек:

-Ух, құрт ауруына шалдықтым. Ух, жаным – ай. Енді не қыламын, жапырақтарым сыздайды, бұтақтарым сырқырайды. Жәрдем ете көріңдер.

 

 («Қос қарлығаш» әнімен қарлығаштар ішке кіреді.)

-Бәйтерек біз қарлығаштар, адаммен дос құспыз. Бүгін сені зиянкес құрттардан тазартып, сенімен дос болғымыз келеді.

Бәйтерек:

Рахмет, қарлығаштарым

(Түрлі құстар дыбысымен тоқылдақтар ішке кіреді.)

- Біздер тоқылдақтармыз. Орман – тоғайдың ағаштарын тазартар құс дәрігеріміз. Саған көмекке келдік.

(Бәйтеректің түбіндегі құртты алып ішіндегі тапсырманы орындайды.)

Тапсырма: (Қарлығаштарға)

- Сызбаға қарап жалқы мен жалпы есімдерді тауып, дұрыс орналастыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көгершіндер:

- Енді бізде Бәйтеректі құтқарып көрейік.

(бәйтеректің түбіндегі құртты алып ішіндегі тапсырманы орындайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқылдақтар:

Бәйтерек, біздер десізге көмегімізді көрсетейік.

(бәйтеректің түбіндегі құртты алып ішіндегі тапсырманы орындайды)

 

 

Оқушылар гүл күлтешелеріне мына сөздерді жазады.

Алматы -  алматылықтар

Астана – астаналықтар

Семей- семейліктер

Америка – американлықтар

 

Жалқы есімнің жалпы есімге айналу ретін түсіндіреді.

 

 

--Менің бұтақтарыма, жапырақтарыма су керек қатты шөлдеп тұрғаным. Маған су әкеліп бересіздерме достарым.

 

   

Қорытынды

Құстар хормен:        - Әрине, қазір, қазір

(Құстар ұшып келе жатса, өзеннің бетін ақ мамықтар жауып тұр екен. )

Қарлығаштар:  - Құстар, су алу мүмкін емес. Ақ мамық қаптап кетіпті. Енді не істейміз?

Тоқылдақтар: - Не тұрыс алып тастайық. О, мынау жай мамық емес сиқырлы мамық екен. Жазулары бар.

Көгершіндер: - Қане, оны біздер оқиық. Мынау бізге берілген тапсырма тест екен. Орындап, суды тезірек алайық.

Тест

1. Зат есім нені білдіреді?
а. заттың санын
ә. заттың қимылын
б. заттың атын

2. Зат есімнің  сұрақтары
а. Қандай? Кім? Қай?
ә. Не істеді? Не? Нелер?
б. Кім? Кімдер? Не? Нелер?

3. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а. Жандос
ә. Дәрі
б. күлді

4. Жалқы есімдерді тап.
а. Ауыл, қала, ел.
ә. Мәди, Алакөл, Ақтөс.
б..Қобызшы, жел.

5. Көптік жалғауларын көрсет.
а. -кер, -ді;
ә. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер;
б. –ны, -ні, -да, -де;

(Құстар жұмыла тапсырманы орындай бастады.Тапсырмаларын орындап болғандар шелектерімен су алып бәйтерекке құяды.)

 

 

6. Зат есімді көрсет
а. Қызыл, ащы
ә. Ұста, құс
б. Жүргізді жұмыртқа

7. Жалпы есімдерді тап
а. Көше, Ақтау
ә. Ауыл, қала
б. Өзен, Ертіс

8. Мына сөздерге жалғанатын жалғауларды көрсет. Тауық, кітап, балық, қарындас
а. – лар
ә. –тар
б. – тер

9. Не сұрағына жауап беретін сөздер
а. Іскер, дала
ә. Кірпіш, қарға
б. Шахтер, көпір

10. Нелер сұрағына жауап беретін сөздер
а. Кітаптар, дүкен, газеттер
ә. Тау, шөл, тауықтар
б. қалалар, таулар, гүлдер

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмасы бағаланады

Дескриптор

Критерийлер

Барлығы дұрыс

10 балл

5

1-2 қате болса

8-9 балл

4

3-4 қате болса

7-6 балл

3

 

Автор:

Сөйтіп, Бәйтерек қайтаданжайқалып, ауруынан айығып, күндей күліп, мәз болды.

Автор:

- Бәйтерек одан бетер мәз болып, шаттанып, жайқала түсті.

Бәйтерек:

Рахмет, сендерге қайырымды құстарым. Сендерге ризашылығымды «Ризашылық» әнімен білдіргім келеді.

- Құстарым, менің «Бәйтерек»  деген атым сендерге таныс па?  Бұрын – соңды естідіңдер ме?  

Оқушылар бағаланады.

Жауаптары:

1. б                     6. ә

2. б                     7. ә

3. а                     8. ә

4. ә                     9. ә

5. ә                    10. б

 

 

 

(Балалардың жауабы тыңдалады.)

 

- Сол «Бәйтеректің» ішіндегі ең керемет нәрсе қол мүсініне қолымызды қойып, ризалығымызды білдіріп, арман - тілегімізді  айтайық.

(Риза болған Бәйтерек құстарға «Бәйтерек» символын тарту етеді.)

 

Үй жұмысы

Ертегі құрастыру   «Зат есім елі».

Күнделіктеріне жазады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз