Өлең, жыр, ақындар

Ұялы байланыс желісі және жүйесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің
арнайы пәнінің оқытушысы: Довлетова Меруерт Копжасаровна

Автоматты коммутация пәнінен ашық сабақ жоспары

Оқу топтары: 04-15

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік

Сабақтың тақырыбы: Ұялы байланыс желісі және жүйесі

Пәнаралық байланыс:  Арнаулы технология
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ұялы байланыстың желілері және жүйелерімен, тарихымен, түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам әрі ұтымды жауап қайтара білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын 
арттыру. 
Тәрбиелік: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып, сабақ барысында, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, тест тапсырмалары, плакат
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (7 мин)

1. Оқушылармен амандасу.
2. Сергіту сәті. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды сергітіп алу.
3. Оқушыларды топқа бөлу. Актив, Билайн және Теле2 белгілерін оқушыларға таратып беру арқылы топқа бөлінеді. Осылай балалар үш топқа бөлініп топ басшыларын таңдайды. Топ атаулары: Актив, Билайн және Теле2
4. Ортаға корзина қойылады және оқушылар бүгінгі тақырыптан не білгісі келетінін стикерге жазып корзинаға салады. Сол арқылы бүгінгі тақырыпта оқушыларды не қызықтыратыны анықталады.

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ойлан тап!» ойыны (7 мин)

1. Бұл суретте не бейнеленген?

(Стандартты телефон желісі)

2. Бұл суретте ненің сұлбасы бейнеленген?

(Автоматтандырылан телефон желіснің жалпы мемлекеттік жүйесі.)

3. Суреттегі ненің сұлбасы?

(Бірсатылы аналогтық ауылдық телефон желісінің құрылымдық сұлбасы)

4. Суретте не бейнеленген?

(Аналогтық телефон адаптері)

5. Бұл ненің құрылымы?

(Аналогтық телефон желісінің құрылымы)

6. Аналогтық байланыс  дегеніміз не? (Үздіксіз сигналдарды тарату)

7. Аналогты қалалық телефон желісінің негізгі коммутациялы жүйелері? (АТС-47, АТС-54, АТС-54М типті ондық-қадамдық АТС)

8. АТЖ – нің негізі болып табылады? (Орталық станция).

9. Абоненттік телефондық жабдықпен аяқталған және олардың байланыс тізбегін байланыстыратын коммутация түйіндерінің жиынтығы деп нені айтамыз? (Желінің телефондық байланысы)

10.Аналогты телфон желісінің сапалық нормасын орнату кезінде қандай негізгі факторлар қарастырылады?

(Затухание сигнала, шум, помехи, искажения)

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылар алдарындағы стикерлерге бүгінгі сабақта не білгісі келетінін жазып корзинаға салады.

3. Жаңа тақырыпты бейнеайдар арқылы түсіндіру. «Ұялы байланыс қалай жұмыс жасайды?» (2 мин)

4. Тақырыпқа байланысты «Балық қаңқасы» ойыны. (15 мин)

Ол үшін әр топқа постер беріледі және әрқайсына өздері талқылайтын мәселелер беріледі. Оқушылар қағазға балықтың қаңқасын салып, бас жағына мәселені жазып сол бойынша сабақты өздері ізденіп бір-біріне түсіндіреді. Талқылайтын мәселелер:

Activ. Ұялы байланыстың тарихы мен стандарттары.

Билайн. Қазақстандағы ұялы байланыс жүйесі және стандарттары.

Теле2. Ұялы телефонның қызметі

5. «Сіз білесіз бе?» кезеңі. Бір оқушы шығып ұялы телефон туралы қызықты мәліметтермен бөліседі.

1. «Смартфон» термині тұңғыш рет Ericsson компаниясының 2000 жылы Ericsson R380s жаңа телефонын жарнамалау кезінде шыққан. Құрылғы Symbian OS v5.1 басқаруында жұмыс істеді және ашып-жабылатын қақпағы бар монохром сенсор экраны болған.

2. Қазіргі заманның қайсыбір смартфонның, оның ішінде сіздің смартфоныңыздың мүмкіндігі NASA-ның «Аполлон» бағдарламасының аясында адамды Ай бетіне қондыруға қатысты есептеулері мен басқаруына қажетті мүмкіндігі бар барлық компьютердің қуатынан асып түседі.

3. Жапонияда телефондардың 90 пайызы су өтпейтін корпусымен шығады, себебі жапон жастары жуыну бөлмесіне кірерде де ұялы телефонын тастамайды.

4. Ұялы телефонды жоғалтып аламын деп немесе байланыстан үзілемін деп қорқу номофобия деп аталады. Бұл термин 2010 жылы қолданушылардың ұялы байланысқа деген әдеттеріне арналған зерттеуде пайда болды. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы ұялы телефонын жоғалтса, қуаты біте бастаса немесе баланста қаражат жоқ болса, тіпті болмаса байланысқа шықпай тұрса уайымдайтынын мойындаған.

5. Әлемде ең табысты телефон Nokia 1101. 2003 жылы шыққан сәттен бастап 250 миллион құрылғы сатылды, бұл ұялы телефондар ішінде ғана емес, жалпы электронды гаджеттер арасында да рекорд саналады. Қазіргі таңда бұл модель өндірілмейді.

6. 2013 жылы БҰҰ-ның жарияланған баяндамасына сәйкес, ұялы телефонды қолданушылардың саны дәретханасы бар адамдарға қарағанда көбірек екен. Жеті миллиард адамның алты миллиарды ұялы телефон ұстайды, тек 4,5 миллиард адам ғана санитарлық-гигиеналық жағдайда өмір сүреді.

7. Ұялы телефонды лақтыру - Финляндия, Бельгия және тағы кейбір елдерде кең таралған спорт түрі саналады. 2014 жылы өткізілген кезекті әлем чемпионатында осы спорт түрінен әлем рекорды жаңартылды - 110,42 метр.

6. Сабақты бекіту: «Поле чудес» ойыны. Студенттер барабанды айналдып тиісті ұпайларды алу арқылы сұраққа тиісті жауабын береді.(10 мин)

Актив сұрақтары: 

1. Тегіс және ашық жердегі қамту аймақтарының базалық станциялары қандай пішінді болып келеді? (Шеңбер)
2. Қазақстанның ұялы байланыс операторы? (GSM Қазақстан)

Билайн сұрақтары:

1. Ұялы байланыстың алғашқы жүйесі 1946 ж АҚШтың қай қаласында Жасалды? (Сент-Луис)
2. XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында СолтүстікЕуропа мемлекеттерінде 450 МГц жиілікте жұмыс істейтін қандай стандарт енгізілді?  (NMT-450)

Теле2 сұрақтары:

1.Қозғалмалы байланыс желісінің ең кең тараған түрі? (GSM )
2. Қазақстан Республикасының 1058 қаласы мен елді мекенінде қандай ұялы байланысының қызметтері көрсетіледі? (Kcell)

7. Оқушылар стикерді пайдалана отырып Ұялы телефонның пайдасы мен зиянын анықтайды. (3 мин)

8. Сабақ қалай болды? Әр топқа бір-бірден ара ұяшықтарының суреттеріберіледі және әр түрлі көңіл күйді білдіретін смайликтер таратылады. Смайликті суретке жабыстыру арқылы бүгінгі сабақтың қызық, түсінікті және көп жаңа мәлімет алғаны анықталады.

9. Бағалау. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Әр топ басшысы өз тобындағы студенттерді үй жұмысы бойынша, жаңа сабақ бойынша және сабақты бекіту кезеңі бойынша жалпы қорытынды бағаларын қояды. (1 мин)

10. Үй тапсырмасы: Ұялы байланыс желісі және жүйесі тақырыбына Power Point бағдарламасы арқылы баяндама дайындап келу.

Қорытынды.

Ұялы байланыс тақырыпқа енісімен,
Таныстық біз байланыс желісімен.
Меңгерумен желілердің қыр сырларын,
Анықтадық пайдасын зиянымен.
Зерттеуменен байланыс тораптарын,
Стандарты мен негізгі бағыттарын.
Түрлері мен қолданыс аяларын,
Таныстырып сабақты аяқтадым.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз