Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік ел - Қазақстан

Ақтөбе облысы, Мəртөк ауданы
Қаратоғай ауылы, Еркемай балабақшасы
тәрбиеші: Ширжанова Гулшат Шыхбаевна

 

Құрметті балалар, ұстаздар, ата-аналар! 

Бүгінгі тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі құтты болсын! 

Тəуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер мəңгі бақи,
Қуанышқа бөленде.

"Ертөстік" тобының дайындаған "Мəңгілік ел -  Қазақстан " атты ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі "Еркемай " балабақшасының меңгерушісі Аманбаева З. С-қызына беріледі. 

Бізге шуақты күнімізді сыйлаған,егемендігімізді алып берген қаһармандарымыз Лəззат Асанова, Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаев Сəбира Мұхамеджанова апамызға тағзым етіп, гүл шоқтарын қояйық. 

Əн: "Əнұран"

Тәрбиеші: Бүгінгі мерекемізге балаларымыздың шашуы тақпақтарға кезек берейік. 

Нұрай:
Тəуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді өлең.
Көк тауына басымды ием,
Көгімде желбіреген.

Асылбек:
Ашық аспанымды,
Күнімен гүлдеп ел өседі.
Қазақстанның көгінде,
Тəуелсіздік желі еседі.

Кəусар:
Бостандығым тұңғыш рет,
Ақ қанатын қаққан күн.
Əже əлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.

Мұхаммедəли:
Желтоқсанның ызғар-ай,
Кірпікке қатқан мұздар - ай.
"Елім -ай " деп егілген,
Қаһарман ұлдар қыздар-ай.

Би: "Шекарашылар"

Тосын сəт 

Көжек: Көмектесіңдерші, құтқарыңдаршы. Мені түлкі қуып келе жатыр. Ұстап алса жеп қояды. (көжек жылап балалардың арасына тығылып қалады.).

Түлкі: Балалар осында көжек келмеді ме?  Өзі жылдам жүгіреді екен. Қап, бəлем жете алмай қалғанымды қарашы. Ой, мұнда екенсің ғой шық бері.

Тəрбиеші: Түлкі сен қайдан жүрсің, шық орманыңа кет. Көжекті жайына қалдыр.

Түлкі: Жарайды, бірақ менің бір шартым бар.

Тəрбиеші: Қандай шарт?

Түлкі: Балалар маған аңдар патшасы арыстан көп тапсырма берді. Егер тапсырмаларды орындай алмасам, орманнан қуып шығатынын айтты.

Ал мен білмеймін көмектесіңдерші!

Балалар: Жарайды. 

1-тапсырма: Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
2-тапсырма: Отанымыз қалай аталады?
3-тапсырма: Рəміздерді білесіздер ме?

Ойын: Қазақстанды гүлдендір 

Балалардың жауабы.

Түлкі: Ой, балалар сендер бəрін білетін, алғыр екенсіңдер. Сендерден көп нəрсе үйрендім, ал енді мен кетейін сау болыңдар. 

Флешмоб: "Алға Қазақстан" 

Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз