Өлең, жыр, ақындар

Ойна да, ойлан!

Ақтөбе қаласы
№31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымының
логопеді: Қазмағамбетова Ғалия Өтеуліқызы

Тақырыбы: «Ойна да, ойлан!»

Ұйымдастыру кезеңі

І. Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн
Армысың көк аспан
Армысың достарым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз дос болайық
Бәріміз тату болайық.

ІІ. «Жібім жібім долама» ойыны.

Шарты: ортаға сүреті бар кубикті домалатамыз. Көрсетілген сүрет қай дыбыстан басталса. Сол дыбыстан басталатын сөзді әр бір бала айтып жіпті қолына орайды. Осылай ойын жалғасады.

ІІІ. «Сұрақ жауап ойыны»

«Жалпылама бір сөзбен айт»

Шарты: Жалпылауыш сөзді табу.

- Көйлек, шалбар, кофта, шапка
- Алма, алмұрт, өрік, банан
- Қияр, қызанақ, картоп, сәбіз
- Қой, ешкі, сиыр, түйе, ит

Ә) Іс қимылды білдіретін сөздер. (зат есім)

- ойнайды (бала)
- жүгіреді
- билейді
- секіреді
- маңырайды
- үреді
- ұшады

Б) Керісінше айт

- үлкен (кіші)
- жақсы
- көп
- ұзын

В) не істейді? (етістік)

Балық (жүзеді) құс, ат, бақа, доп, тігінші, сиыр, мысық, машина, ұшақ, жаңбыр, әтеш т.б.

Г) Антонимдер

- күн жарық, ал түн.... (қараңғы)
- мына жіп ұзын, ал мынау....
- мына сызық түзеу, ал мынау....
- қыс суық, ал жаз....
- мына ағам биік, ал мынау....

Д) «Мен бастаймын, сен аяқта» сөздік ойыны

- Таңертен таңғы ас ішеміз, ал түсте ...(түскі ас)
- Кешке күн батады, ал таңертен ...
- Қыста қар жауады, ал жазда....
- Қоян секіреді, ал аю....

IV. Жұмбақ жарыс.

Шарты: балалар өздері ойдан құрастырып бір біріне жұмбақ жасырады.

V. Сергіту сәті (музыка)

Шарты: мен айтамын, балалар мимикамен орындайды.

1. Құс болып ұшу
2. Алма жинау
3. Суға шомылу
4. Би билеу
5. Атқа шабу
6. Қар лақтырып ойнау
7. Ұйықыдан тұрып керілу

VІ. Текшемен жоптық жұмыс.

Шарты: балалардың алдына текшемен сурет таратылады, текшемен жұмыс жасайды,

VІІ.  Анаграмма.

Шарты: Анаграмманы реттік санмен оқып, сөзді табады, сол сөзге дыбыстың талдау жасайды.

Мысалы:

А 1                   3     3    М                   АЛМА – 2 буын, 4 дыбыс

                                                            2 дауысты, 2 дауыссыз

А 4                  2   Л

VІІІ. Ырғақты жаттығу.

Шарты: «отыр» деген сөзді әр түрлі ырғақта айтады. (карточкамен жұмыс)

- Жуан,          - жіңішке, ---  - қатты,             - жай,           - орташа т.б.

ІХ. Венн диаграммасы.

Шарты: белгілі бір затты сипаттайды.

Мысалы: Алма

- Жұмсақ
- Қатты
- Қызыл
- Домалақ
- Сары
- Дәмді             
- Тәтті

Х. Жесть, (әсерлеу музыкасы, дауыс ырғағы) бейнелі таспадан орындау.

ХІ. Қорытындылау. Балаларды мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер